Ноғайбаева Жібек Әбдыбекқызы
Нархоз университеті , Лингвистикалық орталық,
педагогика ғылымдарының кандидаты, Алматы, E-mail: nogaybaeva@bk.ru
БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕ САНАЛЫ ДА САПАЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің
жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңісті-
гіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі
елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Се-
бебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім бе-
рудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам
талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушы-
лардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-пе-
дагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселе-
лердің бірі.
Қазіргі таңда ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжіри-
бесін беруді жүйелі жүргізетін - оқытушы. Ал
жастарды өмірге дайындау, қоғам талап етіп оты-
рған деңгейде мамандарды дайындаудың қажет-
тілігі ұдайы өзгерісте болады. Осыған байланысты
А.Байтұрсыновтың білім беруде, әрі педагогика
мен әдістемеден хабардар етіп оқыта білетін ұстаз
екендігі жөніндегі айтқан пікірі бүгінгі күнде де өз
мәнін жойған жоқ.
Жоғары мектептегі кәсіби кадрларды даяр-
лаудың жүйесін жетілдірудің маңызды фактор-
ларының бірі – білім беру процесінде қазіргі за-
манғы инновациялық технологияны пайдалану [1].
Жоғарғы оқу орнында білім беруде замуани тала-
бына сай жоғары кәсібиленген мамандарға жур-
налистиканың қыр-сырын үйретуді тиімді шешуге
мүмкіндік беретін әдістердің бірі - интерактивті
әдіс. Білім беру саласында интерактивті әдісі қа-
лыптасуының маңызы зор.
Журналистика мамандығы бойынша білім бе-
руде инновационды технологияны пайдалану,
мамандандырылған, бәсекеге қабілетті, әрдайым
өсу және өзін-өзі жетілдіруге, маман даярлауда
маңызды мәселе болып табылады. Оқу ісін сапалы
жүргізу сабақтың әдістемелік жағынан дұрыс ұй-
ымдастыру. Білім беру саласында инновациялық
оқу әдістерін қолдану студенттердің оқу үрдісін-
де белсенді қатысуға мүмкіндік береді және алған
білімдерін қорытындылайды.
Инновациялық тәсіл оқу процесіне – тіршілік
және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігі-
не, қашықтықтан оқудың өзгешелігіне және жеке
тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талапта-
ры мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне,
мінез-құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім
тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық
енгізуге бағыттайды.
Бүгінде жеке тұлғаны емес, оның даму про-
цесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл,
педагог жұмысындағы артықшылық жанама педа-
гогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді:
тікелей жасалатын әдістерден, қарым-қатынас жа-
саудың сұхбаттық әдістерін, жаңалықты бірлесіп
қарауды, сан алуан шығармашылық әрекетті тәр-
биелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды
білдіреді.
Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда
оқытудың интерктивті әдістерін қолданумен бай-
ланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің
«interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өза-
ра», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.
Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін
білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен)
не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен)
сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті
оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның
барысында оқытушы мен студенттің өзара әрекет
етуі жүзеге асырылады.
Интерактивті оқытудың мәні оқу процесі іс
жүзінде барлық студенттің таным үрдісіне тар-
тылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олар-
дың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды
түсінуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде
оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің же-
ке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын мең-
геруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет
тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Бұл мейірімділік
пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында бола-
ды, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп
қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады.
Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде сту-
денттер түсіну процесіне толық қанды қатысушы-
лар болады, оның тәжірибесі оқу танымының
негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы
дайын білімді бермейді, бірақ студенттерді өз
бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі
нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқы-
туда оқытушы мен студенттің өзара әрекеттестігі
ауысады: педагогтың белсенділігі студенттің бел-
сенділігіне әкеледі, ал берілген тапсырмалар олар-
дың іздену, ойлау үшін жағдай жасаушы.
Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқы-
тушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әді-
стемелерін білу қажет. Интерактивті оқыту өзара
түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды
қамтамасыз етеді.
Интерактивті әдістер ешқандай жағдайда да
дәрістік материалдардың орнын ауыстырмайды,
бірақ оны жақсы меңгеруге септігін тигізеді, ең
құндысы: пікірді, қатынастарды, мінез-құлық
машығына жаттықтыру болады.
194
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмек-
ші құралдарды пайдалана отырып: тақта, кітаптар,
бейне материалдар, слайдылар, компьютерлер, т.б.
қолдану жатады.
Сонымен қатар, оқу процесіне топтық пікірсай-
ыстар, жазбаша мазмұндамалар және шығармалар,
мақала жаздыру, сұхбаттар, жастардың бір-бірімен
жұмыс істеуге үйрету, бейнефильмдер мен бей-
несюжеттерді қарап шығып тақырыпқа қатысты-
рып талқылау, басқада іс шараларды өткізуге мүм-
кіндік туғызады.
Интерактивті әдістер ешқандай жағдайда да
сабақ өткізудің лекциялық нысанын алмастыра ал-
майды, бірақ лекциялық материалдарды жақсылап
меңгеруге бейімдейді, ең маңыздысы сол, пікір-
лерді, қатынастарды, ізденіс жасау дағдыларын
қалыптастырады.
Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланудың
тиімді жақтары да баршылық. Интерактивті әді-
стерін пайдалану кезінде оқытушының рөлі өзге-
реді, ол тек қана реттеп отырады және оны жалпы
ұйымдастырумен айналысады, қажетті тапсырма-
ларды алдын ала дайындайды, сұрыптайды және
сұрақтарды, тапсырмаларды сабақта талқылауға
арналған тақырыптарды қалыптастырады, кеңес
береді, белгіленген жоспардың орындалуына
бақылау жасайды.
Интерактивті әдістерінің өзіндік ерекшеліктері
жеткілікті:
• Мамандыққа деген қызығушылығын артты-
рады;
• Әр студенттің оқу процесіне қатысу белсен-
ділігін туғызады;
• Әрбір студенттің сезіміне назар аударады;
• Оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейім-
дейді;
• Студенттердің ізденуіне, ойлануына әсер
етеді;
• Кері байланысты жүзеге асырады;
• Студенттердің пікірлері мен қарым-қатына-
старын қалыптастырады.
Қорыта келгенде, интерактивті оқыту – бұл
таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы ны-
саны. Сабақта алға қойылған мақсаттарды орын-
дауға апарады. Осындай мақсаттың бірі студент-
тер өзінің мүмкіншіліктерін, интеллектуалдық
жағдайларын, оқу процесінің барысында қандай
іс әрекет жасау керектігін сезінетін, білім берудің
қолайлы жағдайын туғызады.
Инновациялық оқыту, білімді меңгерту бары-
сында өзара байланыс жасауға мүмкіндік беретін
оқытудың бір түрі деуге болады. Иинновациялық
және интерактивті әдістерді пайдалану барысын-
да тұрақты білім мен біліктіліктің қалыптасуында
игі әсер етеді.
Қазіргі студент қауымдардың саналы да сапа-
лы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орын-
дарындағы білім беру процесіне жаңа инно-
вациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз
түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогре-
стен қалыспай, жаңа педагогикалық инноваци-
яларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі
пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті
болып табылады. Барлық оқу орындарында инно-
вациялық басқару жүйесін енгізіліп, оны жүзеге
асыру міндетдеттері іске асуда.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педаго-
гикалық технологияның негізгі, басты міндеттері
мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа
да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра
білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап
алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыпта-
стыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы» Заңы, 11
шілде, 1997 жыл, № 151-1.
2. Г.Бейсенова. Жаңа ақпараттық техно-
логиялардың тиімділігі. Қазақстан мектебі №6 -
2006ж
3. Нышанова С.Т. Болашақ ағылшын тілі пән
мұғалімдерін даярлау мазмұнындағы білім мен
іскерліктердің сипаты // Ізденіс.- Алматы, 2007.-
№4. -272-277б.
195
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Рахметова Р.С.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті, педагогика ғылымдарының докторы
Алматы қаласы, E-mail:raigul.67@mail.ru
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛІК ТҰРҒЫДАН МЕҢГЕРТУДЕ ОҚЫТУ
ҰСТАНЫМДАРЫНЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ
Қазақ тілін қазақ тілінен басқа тілде оқытатын
дәрісханаларда меңгертуде мұғалімнің әдістеме
ілімінің ғылыми-теориялық және әдіснамалық не-
гіздерін жете игеріп, мемлекеттік тілді үйретуде
басшылыққа алынатын оқыту ұстанымдары мен
ең тиімді амал-тәсілдерді білуінің маңызы зор.
Өйткені мұғалімнің басты мақсаты педагогиканың
заңдылықтарын сақтау арқылы баланың ойлау,
пайымдау, қабылдау т.б. әрекеттерін дамыта оты-
рып жеке тұлғаны тәрбиелеу, оның құзіреттілігін
қалыптастыру болып табылады.
Ян Амос Каменский өзінің «Ұлы дидакти-
касында» адам жастық шағында өміріне қажетті
нәрселерді жеңіл қабылдап үйренуі үшін оқытуды
дұрыс ұйымдастыру қажеттігін айтады. Ол оқы-
туда жетістікке жету үшін балаларды дер кезін-
де оқыту; мектепте аяғына дейін оқу; белгілі бір
уақыт мөлшерінде тек бір ғана пәнді игеруге на-
зар аудару; жалқыдан жалпыға немесе жеңілден
күрделіге қарай үйрету; сабақты уақыт пен жүйеге
бөлу; белгілі бір класқа арналған оқулықпен оқу
керек деген мәселелерді көтерді [1, 100].
Ф.Ш.Оразбаева дидактика мен әдістеменің
айырмашылығын ашып көрсетіп, оқыту ұста-
нымдарының басты белгілерін анықтап көрсетеді.
Ғалымның пайымдауынша, дидактика мен әдiсте-
менiң екеуiне де ортақ жалпы ұстанымдар да бар,
сонымен қатар әрбiр саланың өзіне тән жеке ұста-
нымдары да бар. Ғалым ұстанымдары жалпыәдi-
стемелiк ұстаным салаәдiстемелiк ұстаным деп
бөліп көрсетеді [2]. Ғалымның бұл пікіріне көп-
теген әдіскер-ғалымдар қосылады. Әрбір саланы,
кейде жеке тақырыпты меңгертуде де басшылыққа
алынатын арнайы ұстанымдар бар.
Ф.Ш.Оразбаева қазақ тілін мемлекеттік тіл
ретінде меңгертудің бірнеше арнайы ұстанымда-
рын ұсынады. Соның бірі – сатылай даму ұста-
нымы. Бұл ұстаным қазақ тілін деңгейлік тұрғы-
дан меңгертуде де негізгі ұстанымның бірі болып
табылады. Осы ұстанымды басшылыққа ала оты-
рып, тілді деңгейлік меңгерту бастауыш мектеп
А1; орта мектептің негізгі сатысы А2 ; орта мек-
тептің жоғарғы сатысы В1 деп жіктеліп берілді.
Сонымен бірге әр деңгей бойынша ұсынылған
лексикалық тақырыптар біртіндеп сатылап дамып
отырады: Мәселен, оқу-еңбея аясында берілген
лексикалық тақырыптар баланың жас ерекшелігіне
қарай біртіндеп сатылап дамытыла берілді: 1-сы-
нып: «Кеңсе тауарлары дүкеніне барамын»; 2-сы-
нып: «Мен күнделік толтырамын», «Сабаққа дай-
ындаламын»; 3-сынып: «Менің сыныбым», «Дене
шынықтыру сабағында»; 4-сынып: «Мектебімді
ұнатамын»; 5-сынып: «Жаңа үлгідегі мектебім»,
«Қазақ тілі сабағында не үйренеміз?»; 6-сынып:
«Мектепте не істейсің?», «Технология сабағы өте
қызықты»; 7-сынып: «Интернет маған не үшін
керек?», «Интернеттен қазақша ақпарат іздей-
мін»; 8-сынып: «Уақытты жоспарлап үйренейік?»,
«Е-mail поштада қазақша сөйлесейік!»; 9-сынып:
«Сен мектепте қандай емтихан тапсырасың?»;
10-сынып: «Кім болғың келеді?», «Болашақта қан-
дай мамандықтар сұраныста болыды?»; 11-сынып:
«Поштаның қандай қызметін қолданасың?», «Қал-
та телефоныңда қандай қызмет түрі бар?», «ХХІ
ғасырда компьютердің рөлі қандай болмақ?», «Мен
өз елімде жан-жақты білім аламын».
Білім мазмұны мен қоғамдық-әлеуметтік сұра-
нымның үйлесімділігі ұстанымы қазіргі жаһанда-
ну кезіндегі жаңалықтар мен ақпараттарды білім
мазмұнына сәйкестендіре ұсынуды мақсат етеді.
Яғни өмірдің сұранысы мен қажеттілігіне жауап
беру мақсатында бағдарламаға кейбір тың тақы-
рыптар енгізілді: «Робат – менің досым» (1-сы-
нып); «Досыма е-meil жіберемін» (5-сынып); «Ға-
ламтор маған не үшін керек?», «е-meil поштада
қазақша сөйлесейік!» (7-сынып); «Қалта телефо-
ныңда қандай қызмет түрлері бар?»
«ХХІ ғасырда компьютердің рөлі қандай бол-
мақ?» (11-сынып). Мұндай тақырыптар оқушының
сабаққа деген қызығушылығын арттырумен қатар,
оның пайдасы мен тигізетін зияны туралы кең
ақпарат беруге мүмкіндік туғызады.
Сөйлесім әрекеті компоненттерін кешенді
қамти оқыту немесе кешенділік ұстанымы бой-
ынша оқушыға ұсынылатын жұмыстар сөйлесім
әркетінің бес түрінің аясында ұсынылды. Оқушы
бір сабақтың аясында тыңдайды, оқиды, айтады,
жазады және осы үйренген мәселелерін тілдесім
әрекеті арқылы қарым-қатынаста пайдалануға
дағдыланады. Бұл ұстаным оқыту үрдісінде өт-
кiзiлетiн жұмыстың бiрнеше түрлерiн қамти келiп,
жұмыс түрлерiнiң санымен емес, сапасымен ерек-
шеленедi.
Ізгілендіру ұстанымы оқушының ішкі дүни-
есіне үңілуді, жетістіктерге жетуге талаптану-
ды, таным үрдісіне қанағаттанушылық қабілетін
жетілдіру арқылы іске асырылады. Оқулық пен
оқу-әдістемелік кешенде берілген түрлі суреттер
де оқушыны ізгілікке, үлкенге құрмет көрсетіп,
кішіге қамқор болуға үйретуді көздеді. Қоғамды
ізгілендіру – бүгінгі өркениетті дамудың талабы.
Әлеуметтік қатынастарды ұйымдастыруда жеке
196
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
адам субъект, тұлға ретінде көрінуі тиіс. Сон-
дықтан әр оқушыға кез келген ортада белсенді
жұмыс істей алатын ақыл-ой иесі ретінде қарап,
танымдық мәдениеті жоғары жеке тұлғалық қа-
білеттерін дамыту – ізгілендірудің негізгі арқауы.
Ізгілендірудің түпкі мақсаты – білім алу бары-
сында жеке тұлғаның ерік-жігерімен өмір сүруге
бейімдеп, кез келген жағдайлардан жол таба ала-
тын, өз пікірін ұсына және қорғай алатын гуманист
азамат қалыптастыру. Арнайы пән ретінде оқыты-
латын қазақ тілі сабақтарының ең басты міндетінің
бірі – тіл арқылы оқушыларды ізгілікке баулу.
Тілдің құндылықтық қасиеті де оның осы міндеті
арқылы айқын көрініс табады. Ізгілендіру ұстаны-
мы білім алушының жеке тұлғалық қабілеттерін
аша отырып, тәрбиелеу мен дамытуды, оның жүре-
гіне жол табуды, танымдық қабілетін дамыту мен
қалыптастыруды, білім мен қабілетті тереңдететін
және кеңейтетін жағдайлар жасауды, өзін-өзі тәр-
биелеуді көздейді. Танымдық оқуды, жазбаша сөй-
леу қызметін дамытуды, рухани дүниесін байы-
туды, әлемнің сұлулығын танытуды көздейтін бұл
технология барлық жағдайлар арқылы ізгілендіре
оқытуға басымдылық береді.
Түпкі нәтижеге бағдарлай оқыту (сабақтың
мақсаты мен соңғы нәтижесін сәйкестендіру) ұста-
нымы оқушылардың қазақ тілін игеру барысында
алған білімдерінің нәтижесін оның құзіреттілі-
гімен айқындауға негізделеді. Мысалы, әр сынып-
тағы оқушылардың білім, білік, дағдылары олар-
дың құзіреттілігімен айқындалады. Оқушыларға
қазақ тілін меңгерту арқылы олардың қатысымдық
танымдық, ақпараттық, лингвомәдени, проблема-
лардың шешімін табу құзіреттіліктерін қылыпта-
стыру мақсат етіледі. Құзіреттілік бір күнде қалып-
тасатын нәрсе емес, оқушылардың құзіреттіліктері
әр сыныптағы білім мазмұнын игеруі, түрлі тапсы-
рмаларды орындауы арқылы жетіліп, дамып оты-
рады.
Балалардың жас және психологиялық ерек-
шеліктерін ескеру ұстанымы. Қазақ тілін деңгейлік
оқыту оқушының жас ерекшелігіне негізделеді.
Лексикалық тақырыптар да, түрлі тапсырмалар да
оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ұсы-
нылды. Яғни бүкіл орындалатын жұмыстар жеңіл-
ден ауырға қарай берілді. Мәселен, 1-сыныптағы
мәтін тек 2-3 сөйлемнен ғана тұрса, ол 2-сыныпта
4-5 сөйлемге, 3-сыныпта 6-7 сөйлемге және т.б. ар-
тып, күрделеніп отырылды. Сонымен бірге тапсы-
рмалар да бірте-бірте күрделене түседі. Оқулықты
оқушының жас ерекшелігіне бейімдеп жазу олар-
дың сабаққа деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.
Д.Әлімжановтың айтуынша, басқа ғылым
түрлерін игеруге негіз болатын құрал – тіл. Сон-
дықтан қай кезде де тілді оқытуға, тілдің өзіне
тән белгілерін, ерекшеліктерін меңгертуге көңіл
бөлген жөн. Ұстаз-ғалым мұғалімнің жеке басын-
дағы қасиеттерге ерекше тоқталады. «Тіл мұғалімі
– адам тәрбиелеуші мамандардың ішіндегі ерекше
бір ықпалды, тәтті лебізді, терең ойлы, оқушылар-
дың ақыл-ойын тәрбиелеуге шебер маманның бірі.
Соған байланысты адам мінезінің үлгілігі, жақсы
өнеге көрсету, ақыл-ойдың тазалығын бағалау, ар-
тық мінездермен күрес жүргізу және сөз тазалығы,
ой тазалығы тіл мұғалімінде күшті болады», – деп
қазақ тілі мұғалімдерінің атқаратын рөлін жоғары
бағалайды. Педагог мінезіне сипаттама бере оты-
рып, тілші-мұғалім шеберлігін арттырудың нақты
жолдарын, мысалы, мұғалімдерге оқулықты ұтым-
ды пайдаланудың он жеті тәсілімен бірге, бір ғана
жаттығу жұмысын орындатудың 20 түрлі амалын
ұсынады. «Сабақ оқушыларға білім, тәрбие беру-
дің ең негізгі ұясы, оқу жұмыстарының негізгі түрі
болып саналады. Сабақ сапалы ұйымдастырылса,
кластағы оқушылардың тәртібі де жақсарады. Са-
бақ оқушыларға тек білім беру мақсатында ғана
ұйымдастырылмайды, онымен бірге ол оқушылар-
дың психологиясын тәрбиелеу мақсатын ескереді»,
– деп түйіндейді [3].
Саналылық пен белсенділік ұстанымы оқушы-
лардың қазақ тілінен берілетін білім мазмұнын
саналы түрде түсінуін көздейді. Түрлі жаттығу
жұмыстары арқылы оқушылардың ынтасы мен
белсенділігін арттырып отыру оқу үрдісінде нәти-
жеге жетудің алғы шартының бірі болып табыла-
ды. Сабақ кезеңдерінің жүйелі түрде ұйымдасты-
рылуы, түрлі әдіс-тәсілдер аясында ұсынылған
тапсырмалар оқушының белсенділігін арттыруға
мүмкіндік туғызды. Мәселен, бастауыш сыныптар-
да қамтылған ойындар, түрлі тапсырмалар (мате-
матикалық амалды пайдаланып сөз құрау, әріптер-
ден сөз, сөйлем құрау, сюжетті суреттермен жұмыс
және т.б. ) оқушылардың материалды саналы түр-
де меңгерулеріне, сабақтағы белсенділіктерін арт-
тыруға септігін тигізді. Сабақ материалын ойын
арқылы меңгерту А.Байтұрсынұлы еңбектерінен
бастау алатыны бәрімізге мәлім. Ғалым оқушы-
ның ойлау қабілетін ойын арқылы дамытуға баса
мән берген. Ғалымның еңбегіндегі «Ермек-еңбек»,
«Қисындау», «Ақыл хат жасау», «Шыққанын шыр-
пыдан жасау», «Сын атына зат аты», «Кім жаңылт-
паш жасайды?» айдарлары бұған дәлел бола ала-
ды. Мысалы, «Ермек-еңбекті» алып көрейік:
Ораз
ора
ор
зор
озар
оз
араз
азар
аз
Бұл тоғыз сөзден:
1. Алдыңғы ретше сөйлемдер жасату.
2. Жаңылтпаш жасату.
Сөйлемдер, мәселен:
Ор, Ораз!
Ораз, ор!
Оз, Ораз!
Ораз, оз!
Ора,Ораз!
Ораз, ора!
197
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Бұлар – екі сөзден қосып жасағандағысы. Екі
сөзден емес, үш сөзден қосып жасауға да болады.
Мәселен:
Ораз, аз орар!
Аз ора, Ораз!
Ораз аз орар!
Ораз аз озар!
Зор Ораз, ора!
Ора, зор Ораз!
Зор Ораз, оз!
Осы сөйлемдерден жаңылтпаш жасатуға да бо-
лады. Мәселен, мынау төмендегі сөйлемдерді үш
қайтара шапшаң-шапшаң айтса, жаңылтпаш бо-
лып шығады.
1) Зор Ораз, ор Ораз!
2) Ора Ораз, зор Ораз!
3) Ораз орар, аз орар.
4) Ораз озар, аз озар. [4, 55].
Ғалым ойын түріндегі осы тапсырмалар арқылы
балаларды сөйлем құрауға, сөйлемнен мәтін құра-
уға біртіндеп үйретуді көздегенін, яғни сатылап
даму ұстанымын байқауымызға болады.
Теорияны практикамен байланыстыру ұстаны-
мы оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін
өмір қажетіне пайдаланулары арқылы іске асады.
Оқушыларға теориялық материалды меңгерту-
де Қ.Басымовтың пікірін назарға алған жөн. Ға-
лым грамматиканы оқыту мәселесіне жан-жақты
тоқталып, оны меңгертудің өзіндік ерекшеліктерін
айқындап берді. Ғалым: «Әлі күнге шейін біздің
біраз оқытушыларымыз грамматиканың орнын,
оны оқытудағы негізгі мақсаттарды ұғынып жете
алмағандығы, ұғынса да толық орындап жүре ал-
мағандығы байқалады. Грамматика құрғақ қисын
жаттау үшін оқылмайды. Схемалық жолды қуа-
лап, түрлі форманың жалаң артына түсуімен еш-
нәрсе шықпайды. Осы сияқты, бір қыңыр мағына-
сын қуалап, түрден қол үзіп қалуға да болмайды.
Екі жағын тең ұстау керек болады. Грамматиканы
оқытқанда, мағына мен түрін тең алып бару ғана
негізгі мақсатымыздың бәрін шешіп бере алмайды,
сондықтан тек бұл екеуімен қанағаттанып, жайба-
рақаттануға тағы болмайды», – дей келе, «грамма-
тика жалаң грамматика үшін, оның мағынасы мен
түрі үшін ғана» оқылмайтынын, «тұрмысымызға
керектігі үшін, бүгін таңда грамматикадан алған
білімімізді қоғамдық құрылыстың қай саласына
болса да қару етіп жұмсауға күшіміз жету үшін»
оқылатынын, «грамматика оқыту үстінде оқушы-
лардың шығармалық талантына да көмек беріліп,
баулып» отырылатынын, «оқушылардың сөйлеу
тілі де, жазу тілі де қабаттасып, грамматиканың
әр тарауына ілесе, өз уақытында» жаттықтыры-
латынын, «орта, орталау мектепті бітірген кейбір
оқушылардың осы күнге шейін не өз ойын түсінікті
етіп сөйлеп бере алмауы, не дөңгелетіп ойын қағаз
бетіне түсіре алмауы, грамматиканы оқытушының
кемшілігінен» деп тану керектігін, «грамматика
көркем әдебиетпен байланыспай» тұрмайтынын,
«грамматиканың әр тарауының білімін жаттықты-
руда өзіне сай мөлшерде көркем әдебиеттен көнік-
тіру үзінділері алынып» отырылатынын сөз етеді.
Ғалымның грамматиканы оқытуда деңгейлеп
оқытуды мақсат еткенін мына пікірінен байқауға
болады: «Грамматикадан оқылатын күнделікті
сабақтың материалдары сатылы жүйелі жолмен
өтіледі. Берілетін сағат мөлшеріне қарай өтілетін
білім көлемі дәл пішіледі. Грамматиканың өтілетін
материалдары бір-біріне жалғасып, бірін-бірі тол-
тырып, дами барылады. Сабақтың мазмұны
күрделене, жеңілден ауырға көшіле беріледі. Грам-
матиканың әр өрілетін материалы тек түсінікпен,
болмаса қисындарын білумен шектелмейді.
Сол білімі қолма-қол іс жүзінде, практикада
жаттықтырылады. Өтілетін материалдарға қарай,
оқушылардың өздеріне жұмыс істеттіріледі. Грам-
матиканың өтілген материалдарынан бірте-бірте
тілдің заңды құбылыс екендігі ашыла түседі.
Грамматиканың қандай бөлімі, оның қандай эле-
менттері оқылса да түрі, мазмұны бірдей байланы-
стырылып жүргізіледі. Бұлардың бір-біріне бай-
ланысты өсіп дамуы, бір түрге, бірнеше мағына,
бір мағынаға бірнеше түр келіп тіркесуінің себебі
ашыла түседі» [5]. Ғалымның бұл тұжырымдары
қазақ тілін деңгейлік тұрғыдан меңгертуде негіз-
ге алынды. Оқулықтағы теориялық материалды
игеру онда берілген практикалық жаттығулардың
берілуіне байланысты. Оқулықтағы жаттығулар
оқушыларға өтілген тақырыптан алған білім-
дерін жан-жақты танытуға мүмкіндік береді. Оқу-
лықтағы теориялық материалдар кесте, диаграмма
түрінде ұсынылды.
Түсініктілік ұстанымы оқу материалына дәл
анықталған материалды ендіруді, оқушылар мең-
гере алатындай ғылыми терминдер мен ұғымдарды
пайдалануды көздейді. Жалпы бұл ұстаным, негізі-
нен, оқулықтағы тілдік, практикалық материалдар-
дың тілінің түсініктілігімен тікелей байланысты. Ғ.
Бегалиев «Қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту
керек» атты мақаласында ана тілін оқытуда кеткен
кемшіліктерді былайша көрсетеді:
«Мектепте ана тілін оқытудың сапасын төмен-
детіп отырған басты себептердің бірі – форма-
лизм екені байқалады. Ана тілі сабағында негізгі
методикалық принциптер қолданылмайды: тілдің
заңдарын үйретумен бірге, сол зандарын іске асы-
ру ретінде тиісті дағдылық жұмыстары жүргізіл-
мейді, немесе тиімді әдістер қолданылмайды,
программа көлеміндегі білім мөлшерін оқушы
шала түсініп, жаттап оқиды, оқылған материал-
дар жүйелі ізбен пысықталып отырмайды; бала-
ны ойлантарлық, оның қиялын-ойын дамытарлық
жұмыстар істелмейді; жаңа тақырыпты талдау я
пысықтау, талдау үшін алынатын текст мазмұн
жағынан құнсыз, күнделікті өмірмен байланы-
сы жоқ болады да, баланы қызықтырмайды. Сол
198
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
себепті, түсіндіріліп отырған сабақ та оқушыға
ұғымсыз көрінуі мүмкін. Жаңа материал бұрынғы
оқылғандарға негізделіп барып түсіндірілуі керек.
Барлық сабақта бірыңғай әдіс қолдануға болмай-
ды, тақырыптың түріне қарай түрліше әдіс қолдану
қажет болады, ал мектеп тәжірибесінде бұл жағдай
көп еленбей жүр. Тәжірибелі, шебер мұғалімдер
ана тілін тиянақты жүйелеп оқытады, мазмұн
мен форманы байланыстыра, сыналған әдістерді
қолдана оқытады. Олар тіл сабақтарында оқушы-
лардың ой-өрісін кеңейтіп, ана тіліне қызықты-
руды көздейді, жаңа сабақты күнделікті өміріміз-
бен байланыстырады»[5]. Ғалымның айтқан бұл
кемшіліктері өкінішке орай әлі де болса жойыла
қоймағанын мойындауымыз керек. Әдіскердің
«оқушылар тілден нені оқыса да саналы түрде ұға-
тын болсын; оқушылар тілді, көркем шығарма-
лардың стилін жете дағдыланатын болсын (яғни
форма мен мағынаны ұштастыра алатын болсын);
оқушылар өздерінің ойын, дүниеге көзқарасын
білдіруі үшін тіліміздің байлығын пайдалана ала-
тын болсын» деген тұжырымдары қазақ тілін дең-
гейлік тұрғыдан оқытуда назарға алынды.
Сондай-ақ, оқу материалын меңгертуде
мұғалімнің жаңа білімді баяндап, түсіндіруіне да
байланысты. Мұғалім тақырыптарды түсіндір-
генде бұл тақырыптың тілдің басқа салаларымен
тығыз байланысты екенін естен шығармай, оқушы-
лардың естеріне өткен сабақтардан алған білім-
дерін түсіреді. Мәселен, оқушы басқа сабақта тек
оқып, түсінгенін ғана айтып шыққан материалмен
тағы да бір рет танысып шығуға мүмкіндік алады.
Ол тек оқыған материалын енді әр түрлі тапсырма-
лар орындау арқылы бекітеді.
Педагогика ғылымы мен тәжірибесіндегі іздені-
стер мен нәтижелер дидактикалық ұстанымдарды
жүйелеуге, олардың тиімділігін анықтауға ықпал
етеді. Қазіргі таңда оқыту ұстанымдары белгілі
және таныс болып көрінгенмен, оны жетілдіру мен
дамытуға жылдар бойы жүргізілген іс-тәжірибелер
әсер еткені белгілі.
Оқыту ұстанымдары практикалық іс-әрекет-
ті жүзеге асыруға нұсқау бермейді, ол ұсынылған
әдістеме немесе технологияның теориялық негізін
құрайды. Сондықтан да оқыту ұстанымдары әді-
стемені ұсынуда басшылыққа алынып отырылуы
міндетті. Дидактикалық жүйеде оқыту ұстанымда-
ры әр түрлі болып келеді. Ол оқытудың мақсаты
мен міндетінен туындайды. Дидактикалық ұста-
нымдар нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талап-
тары өзгеріп отырғандықтан, кейбір ұстанымдар
ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кей-
біреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілен-
діру). Кейбір авторлар оқыту ұстанымдарының
санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше,
кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи ұстанымдар
оқу үрдісінің барлық құрамдас бөліктеріне (ло-
гикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын
қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға,
ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен тал-
дауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту үрдісінде оқытушы дидактиканың ұста-
нымдарын басшылыққа ала отырып оқытудың
мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру
формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтиже-
лерге жеткізуі шарт. Оқытушы дидактикалық ұста-
нымдарды дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымда-
стырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. – Алматы,
1993. – 13.
2. Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар зерттеу-
лер. – Алматы: «Ан арыс», 2009. – 368 б.
3. Әлімжанов Д. Қазақ тілінде морфологияны
оқыту методикасының кейбір мәселелері. – Алма-
ты, 1972. – 70.
4. Қ.Басымов. «Ауыл мұғалімі» журналының
1938 жылғы, №14 нөміріне жарияланған мақала-
сынан алынды. – 25-27.
5. Бегалиев Ғ. Бастауыш мектепте қазақ
тілі методикасының мәселелері. – Алматы: ОПБ,
1950. – 174.
199
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Достарыңызбен бөлісу: |