Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал


Ашимова А. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистранты,  Алматы ҚАЗАҚ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛІК ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ



Pdf көрінісі
бет35/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Ашимова А.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистранты,  Алматы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛІК ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ
Тілді деңгейлік тұрғыдан оқыту мәселесі Еуро-
па елдерінен бастау алғаны мәлім. Еуропада тілді 
жүйелі меңгерту және оны белгілі бір стандартқа 
сәйкес  оқыту  үшін  тілдің  деңгейлері  анықталған.  
Тілді деңгейлік тұрғыдан меңгертудің жүйесі жа-
салған.  Мысалы,  еуропалық  стандарт  бойынша 
тілді  меңгертуді    бастапқы  (қарапайым),  аралық 
(орта),   жоғары деңгей немесе  бірінші деңгей 
- бастапқы (қарапайым деңгейдегі білім), екін-
ші деңгей 
-  тілді  тұтынушы  деңгейінде  меңгеру,  үшінші 
деңгей 
- өздігінен қолданушы ретінде меңгеру, төртін-
ші деңгей 
- тілді  білім көзі ретінде үйрену, бесінші деңгей
- тілді жетік, толық деңгейде меңгеру деп беске 
бөлу де кездеседі. 
Жалпы Еуропалық кеңес  алты деңгейлік жүй-
ені  ең  тиімді  деп  есептейді.  1971  жылы  Еуропа 
Кеңесі әзірлеген   «Общеевропейские компетенции 
владения иностранным языком: Изучение, препо-
давание,  оценка»  («Common  European  Framework 
of Reference: Learning, Teaching, Assessment») атты 
құжатта    Еуропа  және  Ресей  елдерінде  шет  тілін 
оқыту үрдісі  басшылыққа  алынып, тілді деңгей-
лік тұрғыдан жүйелі үйрету, білімнің соңғы  нәти-
жесін оқушының  құзіреттілігі арқылы таразылау 
және т.б.  мәселелер сөз болды.  Бұл құжатта  тілді 
меңгертуге  қатысты  терминдер  ұсынылды.  Білім 
алушыға    әр  деңгей  бойынша  қойылатын  талап-
тар  нақтыланды.      Тілді  еуропалық  стандарт  не-
гізінде  оқыту  жүйесі  әлемнің  көптеген  елдерінде 
сынақтан  өткізіліп,  тілді меңгерту алты деңгейге 
жіктеліп, ол үш жүйеге (А, В, С) негізделді. Қазіргі 
таңда  тілді игеруге бағытталған бұл жүйе  барлық 
елдерде   негізге алынып келеді. 
Қазақстан Республикасында  да маман-әдіскер-
лер мемлекеттік тілді меңгертуді деңгейлік тұрғы-
дан меңгертуге мән беріп келеді.  Атап айтқанда,  
З.Күзекова,  Г.Қарақұсовалардың  авторлығымен 
жарық  көрген    жоғары  оқу  орындарының  эко-
номика  факультеттерінің  орташа  және  жалға-
стырушы  топтарына  арналған  оқулықтар      білім 
алушылардың  мамандықтарына байланысты қа-
зақша сөйлеу тілін қалыптастыру  мақсатын көз-
деген.  Оқулықта мамандыққа қатысты мәтіндер 
іріктеліп алынған /1/.
Еліміздің білім беру жүйесі  осы алты деңгей-
лік  оқытуды  негізге  алып,  2007  жылы  профессор 
Ф.Ш.Оразбаева  бастаған  топ  қазақ  тілін  деңгей-
лік тұрғыдан оқытуды бастаған болатын.  Аталған 
топ  алғаш  рет ҚР Білім және ғылым министрлі-
гінің  тапсырысы  бойынша  алты  деңгейді  қамти-
тын оқулық пен оқу-әдістемелік кешен дайындап, 
әр  деңгейдің аттарын  қазақ тіліне аударып,  әр-
бір  деңгейге  қойылатын  талаптарды    нақтылап 
берді.  Мысалы:   Қарапайым деңгей  (А1   Баста-
пқы игерім);  Негізгі деңгей (А2  Қалыптасу қар-
саңындағы игерім); Орта деңгей (В1 Қалыптасқан 
игерім);    Ортадан  жоғары  деңгей  (В1+    Терең-
детіле  қалыптасқан  игерім);  Жоғары  деңгей  (В2 
Ілгеріле  қалыптасқан  игерім);  Жетік  деңгей  (В2+ 
Тереңдетіле, игеріле қалыптасқан игерім, С1  Кәсі-
би игерім) деп аталды /2, 109/. Сонымен қатар әр 
деңгей бойынша күтілетін нәтиже де берілді. Оқу-
лықтағы лексикалық тақырыптар деңгей бойынша 
біртіндеп күрделеніп отырады. Мысалы, қарапай-
ым деңгей «Танысу», «Отбасы», «Тамақ», «Денса-
улық - зор байлық», «Киім»,  «Көлік», «Жұмыс»,  
«Менің  күнім»,  «Ауа  райы»,  «Бос  уақыт»  атты 
тақырыптардан  тұрады.  Әр  тақырып  іштей  бір-
неше  қадамдарға  жіктелген.  Мәселен,  «Танысу»  
тақырыбы  «Менің  атым»,  «Менің  досым»,  «Сіз 
қайда  тұрасыз?»,  «Танысқаныма  қуаныштымын», 
«Сіз  білесіз бе?» деген қадамдардан тұрады. Яғни 
әрбір үлкен тақырып 5 қадамнан тұрады, соңғы қа-
дам алдыңғы қадамдар бойынша білім алушының 
игерген білім, білігін тексеруге арналған. Тапсыр-
малар тіл үйренушіге жеңіл тілмен беріліп, оның 
тілге  деген  қызығушылығын  арттыруға  бағыт-
талған. Аталған кешеннің тағы бір ұтымыдылығы 
- электронды оқулығының болуында. Электронды 
оқулықтың ішінде оқулық, әдістемелік нұсқаулық, 
лексика-грамматикалық  минимум,  жаттығулар 
жинағы,  оқу  кітабы,  бақылау  тестері  және  «Жеті 
қазына»  айдары  қамтылған.  Білім  алушы  әрбір 
меңгерген  үлкен  тақырыптан  кейін  «Бақылау  те-
стеріне»  кіріп өздігінен білімін тексере алады.  Бұл  
өте  ұтымды.  Сонымен  қатар  оқулықтың  соңында 
әр  тақырып  бойынша  «Балама»  берілген.  Яғни 
тақырып бойынша игерілетін жаңа сөздер сөз тір-
кесі, сөйлем және мақал-мәтел түрінде ұсынылып, 
орыс тіліндегі баламасы қатар беріліп отырылады. 
Білім алушы әр сөздің қандай сөздермен тіркеске 
түсетінін қоса меңгереді. «Тақырыптық жеті қазы-
на» айдары тіл үйренушіні танымдық және мәде-
ни ақпаратпен қаруландыруға ықпал етеді. Себебі 
«Мақал - сөздің атасы», «Көсемсөз», «Ойлан тап!», 
«Өлең  -  сөздің  патшасы»,  «Ғибратты  ғұмырлар», 
«Ән - көңілдің ажары», «Алтын тамыр» айдарла-
ры  қазақ  халқының  өмірі  мен  әдебиетінен,  мәде-
ниеті мен тарихынан, ұлттық болмысы мен ділінен 
мәлімет алуға мүмкіндік береді.  «Оқу кітабы» да 
өзгеше форматта дайындалған. Танымдық мәтіндер 
хрестоматия түрінде емес, түрлі ойшақыру  және 
бекіту, қорыту тапсырмалары арқылы ұсынылған.       

220
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
К.Жақсылықова:   «Мемлекеттік тілді көпдеңгейлі 
оқыту жүйесінің негізгісі болып саналатын бұл оқу 
құралының басты ерекшелігі  - еуропалық және ха-
лықаралық  стандартқа    негізделуінде  және  инно-
вациалық  технологиялардың  басты  қағидаларын 
басшылыққа алып, қатысымдық бағытта жасалы-
нуында.  Елімізде  мемлекеттік  тілді  көпдеңгейлі 
оқытуға арналған осындай оқу-әдістемелік кешен-
нің жасалынуы -  мемлекеттік тілді оқытып үйрету-
ді дүниежүзілік еуропалық стандарттық үлгілерге 
жақындастыру жолдарының басы деп айтуымызға 
болады», – деп,  аталған оқу-әдістемелік кешеннің 
рөліне тоқталып,   оның басты ерекшеліктерін атап 
көрсетеді /2, 44/
Қ.Қадашева  өзінің  «Жаңаша жаңғыртып оқы-
тудың  ғылыми-әдістемелік  негіздері:  өзге  тілді 
дәрісханалардағы қазақ тілі»   деген ғылыми еңбе-
гінде  мемлекеттік  тілді көпдеңгейлік  меңгерту-
дің  ұтымды   әдістемесін  ұсынды.  Әдіскер-ғалым  
тілді    оқытудың    басты  бағыттары  мен    түрлерін  
теориялық тұрғыдан негіздеп,   үшдеңгейлік оқыту 
әдістемесін ұсынды /3, 13/.  
«Жаңа толқын»  деген атпен жарық көрген  ке-
шен   барлық  тіл үйренушілерге арналған.  «Жаңа 
толқын»   оқу-әдістемелік кешені мемлекеттік тіл-
ді 3 деңгей бойынша оқытуға бағытталған.  Әрбір 
деңгей  екі  сатыдан  тұрады:  Қарапайым    деңгей: 
«Бағдар» және «Тілашар»; Жалғастырушы деңгей: 
«Тіл дамыту» және «Тіл ұстарту»; Жоғары деңгей: 
«Тіл  мәдениеті»    және  «Тілдік  тұлға  болмысы».      
Б.Белғара,  Н.Құрман  кешеннің  маңыздылығын 
былайша  дәйектейді:    ««Жаңа  толқын»  оқу-әді-
стемелік  кешені  –    қазақ  тілін  дүниежүзілік  тіл 
үйретудің  озық  технологиялары  арқылы  оқытуға 
болатынын  дәлелдеген,  сондай  озық  тіл  үйрету 
технологиясын  Қазақстанда  жасауға  интеллекту-
алдық та, әдістемелік те тұрғыдан да жетілген ма-
мандар  бар  екенін  дәлелдеген,  қазақ  тілін  үйрету 
құралдарын қағаз кітап, электрондық кітап, ауди-
о-кітап түрінде біртұтас кешенді түрде беруге бо-
латынын практикалық тұрғыдан дәлелдеген жүйе» 
/4/.  Шынында да,  аталған кешен мемлекеттік тілді 
дамыту  орталықтарында  мемлекеттік  тілді  мең-
гертуде  жүйелі  қолданылған  еңбектің  бірі  болып 
есептеледі. 
Әсипат Әлметованың «Қазақ тілі» деп аталатын 
бастапқы деңгейге арналған оқулығы мемлекеттік 
тілді меңгергісі келетін кез келген адамға, шетел-
де тұратын отандастарымыз бен шетелдік азамат-
тарға арналған. Автордың өзі атап айтқандай, оқу-
лық  «қазақ тілінде сөйлеу жетіктігін жетілдіру мен 
дамыту» көздеген. Оқулықтың алғысөзінде оқулық 
туралы мәлімет толық берілген: «Оқулықты  жазу 
барсында танымдық-тәжірибелік әдіс басшылыққа 
алынды. Бұл әдіс - тілдерді шетел тілі ретінде оқы-
туда  кеңінен  танымал.  Сонымен  бірге  оқулықта 
қазіргі жаңаша оқыту талаптарына жауап беретін 
шарттар да ескерілді. ... Оқулыққа 22 сабақ енді. 22 
сабақ үш модулді қамтиды. Алғашқы екі модулде 
үш, соңғы модулде төрт тақырып бар. Барлығы - 10 
сабақ. Ал қалған 12 сабақ - осы он сабақты кеңей-
тіп, толықтыратын тақырыпшалар. Мысалы, «От-
басы» тақырыбына «Үй. Тамақ. Мерекелер» дейтін 
тақырыпшалар біріктірілді» /6, 3/. 
         Оқулықта суреттер ұтымды қолданылған. 
Қазақ тілін түрлі суреттер арқылы меңгертуге мән 
берілген.  Оқулықта  көптеген  қызықты  тапсырма-
лар қамтылған. Мысалы, біліңіздер - жазыңыздар, 
сұхбатқа дайындалайық, сұхбаттан монолог жасап 
үйренейік,  сөздерді  суреттермен  сәйкестендіру, 
сөздердің  синонимін  табу,  мәтін  дайындау  және 
т.б.  тапсырмалар  бірін-бірі  толықтырып,  жетіл-
діріп отырады. Оқулықта тіл үйренушінің білімін 
тексеру  де  назардан  тыс  қалмағанын  «мәтінді 
оқып, жауаптарыңызды тексеріңіздер», «тексерей-
ік», «шағын викторина» және т.б. тапсырмалардан 
байқауға болады.  Оқулықта тіл үйренушіні  қазақ-
ша тілдік қатынас жасауға жетелейтін  жағдаяттық 
тапсырмалар    «Жағдаят  бойынша  сөйлесіңіздер» 
айдарымен  берілген.  Мысалы,  «1.  Досыңыз  қы-
сты жақсы көретінін айтты. Ал сізге жаз ұнайды. 
Әрқайсыңыз  өз  таңдауыңызды  дәлелдеп  көріңіз-
дер. 2. Танысыңыз қыста демалуды ұнатады. Бұл 
сізге ұнамайды. Себебін айтыңыз» /6, 64/.  «Тілдік 
анықтамалық»  айдарымен  грамматикалық  мини-
мум ұсынылған. Грамматика ең негізгі ақпаратты 
нақты қамтып  көбінесе кесте түрінде,   ал  лекси-
калық  минимум  оқулықтың  соңында  әр  тақырып 
бойынша  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерінде 
берілген. Яғни оқулық бастапқы деңгейде тіл үй-
ренушіге қажетті білім мазмұнын толық қамтыған. 
Ә.С.Әлметова, Р.Б.Ибраева, А.С.Мурзиновалар-
дың авторлығымен шыққан  оқу құралы деңгейлер 
бойынша әзірленген.  Оқулық 12 сабақтан тұрады. 
Авторлар өздері атап өткендей, ұсынылған мәтін-
дер  аутентті.  Елтану,  мәдениеттану    деректеріне 
бай.  Оқулықтың  ерекшелігі  –  сөйлеу  әрекетінің 
түрлерін  меңгерту  мақсатында  инновациялық  
және интерактивті әдістер негізінде тапсырмалар-
дың ұсынылуы /7-9/.   
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2011 
жылғы 29 маусымдағы № 110 жарлығымен бекітіл-
ген «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту 
мен  қолданудың  2011  -  2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасының»    нысаналы  инди-
каторында «мемлекеттік тілді В1 деңгейінде мең-
герген  мектеп  түлектерінің  үлесін  (2017  жылға 
қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%) ұлғайту»  
деп  атап  көрсетілген.  Бағдарламаның    «Мемле-
кеттік  тілді  оқыту  әдіснамасын  жетілдіру  және 
стандарттау»  тармағында      «Қазақ  тілін  оқыту 
әдіснамасын  жетілдіру  үшін  ең  алдымен,  оқыту-
дың тиісті стандарттарын жетілдіру және үздіксіз 
білім  беру  моделін  жасау  арқылы  мемлекеттік 
тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесін енгізу қа-
растырылып  отыр.  Көпдеңгейлі  стандарт  арқылы 

221
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
тілді А1-А2  деңгейлері бойынша  қарапайым  түр-
де пайдалану, тілді В1-В2 деңгейлері бойынша өз 
бетінше  пайдалану  және  тілді  С1-С2  деңгейлері 
бойынша біліктілікпен пайдалану  көзделуге тиіс.  
Құрылған стандартты жүйенің негізінде мемлекет-
тік тілді оқытудың әдіснамалық негізін дайындау, 
оның  ішінде  мүмкіндігі  шектеулі  адамдар  үшін 
де  әзірлеу  көзделеді.  Осы  шаралар  мемлекеттік 
тілді  бастауыш  сыныптарындағы  оқушылардың 
А1  деңгейінде,  орта  буындағы  оқушылардың  А2 
деңгейінде,  мектептің  жоғары  сынып,  сондай-ақ 
техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  мекемелері 
оқушыларының  В1  деңгейінде,  жоғары  оқу  орны 
студенттерінің В2 деңгейінде, жоғары оқу орнынан 
кейін  білім  алатындардың  С1  деңгейінде  игеруін 
қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.    Бұған  қоса, 
тілді  меңгеру  үлгілерін  жетілдіру  мен  жаңғырту 
көзделеді.  Қазақ  тілі  толыққанды  күнделікті  қыз-
меттік  және  кәсіптік  қарым-қатынас  тіліне  айна-
луға тиіс.
Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін 
оқытудың  стандарты  негізінде  шығармашылық 
педагогикалық  ізденістің  және  оқытудың  жаңа 
әдістемелерін  әзірлеудің  тұрақты  процесі  сөзсіз 
қажеттілікке айналатын болады», - деп көрсетіл-
ген /10/. 
Бұл бағдарлама  енді  қазақ тілінен басқа тілде 
оқытатын  жалпы  білім  беретін    мектептерге  ар-
налған  деңгейлік  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік 
кешендерді  дайындау  мәселесін  алға  шығарды.  
Осымен  байланысты  қазақ  тілінен  басқа  тілде 
оқытатын  жалпы  білім  беретін    мектептерге  ар-
налған  «Қазақ тілі» пәнінің  деңгейлік    бағдар-
ламасы  жарық  көрді.    Бағдарламада  әрбір  деңгей 
бойынша  білім  мазмұны  қамтылған.    Оқушылар-
дың  сөйлесім  әрекеті  бойынша  игеруі  тиіс  та-
лаптары  нақтыланған,  түпкі  нәтиже  құзіреттілік 
тұрғысынан  ұсынылған.  Бағдарлама  авторлары 
(Ф.Ш.Оразбаева  және  т.б.)  грамматиканы  жүйелі 
түрде меңгертуді 5-сыныптан бастаған. Бастауыш 
сыныпта оқушыны сөйлеуге үйрететін тілдік ора-
лымдарды ғана беруді қажет деп тапқан. Авторлар 
мектепте қазақ тілін төрт деңгей бойынша меңгер-
туді ұсынады: «Өзге тілді мектептерде  Қазақ тілін 
деңгейлеп оқыту жүйесінің мақсаты - қарапайым, 
негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойын-
ша базалық және пәндік құзіреттерді жүзеге асыра 
отырып,  қазақ  тілін  қатысымдық  тұрғыдан  мең-
герту, сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны 
тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты 
жазуға    үйрету  арқылы  дара  тұлғаның  тілдік  қа-
білетін дамыту; бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақы-
рыптарды  коммуникативтік  тұрғыдан  ұсына  оты-
рып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту 
» /3, 106/.  
2016  жылы  осы  бағдарлама  негізінде  қазақ 
тілінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік 
кешендері  жарық  көрді.  Кешен  оқулық,  мұғалім 
кітабы,  жазу  дәптері  (1-4-сыныптарға  арналған), 
лексикалық минимум, дидактикалық материалдан 
тұрады.  Бұл  кешеннің    ерекшелігі  -  әр  деңгейдің 
өз атауының болуы.  Қарапайым деңгей -  «Тіла-
шар» (1-4 сыныптар), негізгі деңгей - «Бойтұмар» 
(5-7 сыныптар),  орта деңгей - «Тіл  -  Орда» (8-9 
сыныптар),  ортадан  жоғары  деңгей  -  «Алдаспан» 
(10-11-сыныптар) деп аталады.  Оқулықтағы лек-
сикалық  тақырыптар  оқушыны  коммуникацияға 
жетелеп, қазақша тілдік қатынасты игертуді көзде-
ген. Оқулықтағы тапсырмалар әртүрлі, оқушының 
креативті  ойлауын  дамытып,  қызығушылығын 
арттыруға  мүмкіндік  береді.  Кешен  қазақ  тілін 
1-сыныптан  11-сыныпқа  дейін  деңгейлік  тұрғы-
дан  оқытуға  бағытталуымен  құнды.  Тақырыптар 
арасындағы  сабақтастық  жақсы  сақталған.  Оқу-
лықтағы үлкен тақырыптар 5-сабақтан тұрады. Әр 
сабақ  «Нәтиже  сабақпен»    аяқталып  отырылады. 
«Мұғалім кітабы»   мұғалім үшін таптырмас құрал. 
Өйткені еңбекте бүкіл сабақ жоспарлары берілген 
/11/.  Аталған  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  ке-
шендер 2015-2016 жылдары сараптамадан өткен. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ми-
нистрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы дайындаған ««Балабақша-мектеп-кол-
ледж-жоғарғы оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік 
тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандартын пайдала-
ну мониторингі» бойынша жүргізілген талдамалық 
анықтамада:  «ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің 
2015 жылғы 26 тамыздағы No 542 бұйрығына сәй-
кес 2015-2016 оқу жылында республикамыздың 41 
мектебінде1-11-сыныптарда  деңгейлік  оқулықтар 
мен ОӘК-тер апробациядан өткізілді. Бұл мектеп-
тердің  28-і  –  қалалық  мектептер,  13-і  –  ауылдық 
мектептер  болып  табылады.  Олардың  ішінде  12 
мектептің  оқыту  тілі  аралас,  29-ының  оқыту  тілі 
орыс тілінде. Апробацияның мақсаты – қазақ тілі-
нен  басқа  тілде  оқытатын  мектептердің  1-11-сы-
ныптарына  арналған  «Қазақ  тілінің»  деңгейлік 
оқулықтары  мен  ОӘК-тің  тілдік  білім  сапасын 
арттыру  мүмкіндіктерін,  мектеп  оқушыларына 
мемлекеттік тілді меңгертудегі тиімділігін, деңгей-
лік  оқулықтардың,  оқу-әдістемелік  кешендердің 
мазмұнын зерделеу және осы оқулықтардың одан 
әрі  іске  асуына  қолайлы  жағдайларды  айқындау. 
Алғаш  рет  «Қазақ  тілі»  пәні  бойынша  біртұтас 
кешен түрінде дайындалған деңгейлік оқулықтар-
дың  білім  мазмұнындағы,  оқытудың  әдістемелік 
жүйесіндегі  жаңашылдықтар  мен  ерекшеліктерді 
тексеру  және  аталған  кешеннің  тіл  үйретудің  ха-
лықаралық  стандарттармен  сәйкестігін  анықтау, 
бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру дең-
гейлерінде қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан мең-
гертуді үйрету, сондай-ақ коммуникативтік қабілеті 
дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау 
апробацияның  басты  міндеттерінің  бірі  болып 
табылады»,  -  деп  атап  көрсеткен  /12,  5/.  Аталған 
талдамалық  анықтамада  апробацияға  қатысқан 

222
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
әрбір  мектеп,  облыс  бойынша  талдау  жасалған. 
Мектеп мұғалімдері, ата-аналар мен оқушылардан 
сауалнамалар  алынған.  Бұл  талдаулар  ұсынылған 
деңгейлік  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  кешен-
нің бүкіл талапқа сай дайындалғанын байқатады. 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академия-
сының  жасаған  сараптамасы  бойынша  мынандай  
қорытынды берілген: ««Тiлдердi қолдану мен да-
мытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекет-
тiк бағдарламасында» Мемлекеттік тілді үйретудің 
жүйесін жасау бағдарламада: «Үздіксіз білім беру 
моделі арқылы қазақ тілін оқыту жүйесін әзірлеу 
және  енгізу»  деген  арнайы  бағыт  ауқымында  ай-
қындалған.  Бағдарламының  осы  бағыты  бойын-
ша  қазақ  тілін  оқытудың  стандарт-технологиясы 
дайындалды,  тіл  үйрету  қарапайым  пайдалануды 
қамтамасыз  ететін  А1-А2  деңгейлері  бойынша, 
дербес пайдалануды қамтамасыз ететін В1-В2 дең-
гейлері  бойынша  және  іскерлікпен  пайдалануды 
көздейтін С1-С2 деңгейлері бойынша мемлекеттік 
тілді оқытудың көп деңгейлі жүйесі жасалды. Бұл 
стандарт-технология  мектепке  дейінгі,  орта,  ар-
найы орта, жоғары және жоғары оқу орынан кей-
інгі мемлекеттік білім беру стандартына енгізілді. 
Яғни,  бағдарламада  көзделген  үздіксіз  білім  беру 
моделі арқылы қазақ тілін оқыту стандарт-техно-
логиясы  міндеттілікке  айналады.  Осы  Стандарт-
тың негізінде шығарылған оқыту қазақ тілді емес 
мектептердің  1-11-сыныптарына  арналған  «Қазақ 
тілі»  пәнінің  деңгейлікоқулықтары  мен  ОӘК-тері 
2015-2016 оқу жылында апробациядан табысты өт-
кізілді» /12,41/.
Олай болса, аталған оқулықтардың  мемлекет-
тік  тілді  жан-жақты  меңгертуге  септігін  тигізері 
сөзсіз. Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектеп-
тердегі оқушылардың  «Қазақ тілі» пәні бойынша 
жоғары жетістіктерге қол жеткізулеріне мүмкіндік 
туды деп ойлаймыз. 
Қорыта  келгенде,  біздің  елімізде  қазақ  тілін 
деңгейлік  тұрғыдан  оқыту  мәселесі  біртіндеп 
шешіліп келе жатыр. Енді коллеждер мен жоғары 
оқу орындарындағы қазақ тілін меңгерту мәселе-
сін мектеппен байланыстыра отырып шешу қажет 
деп санаймыз. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Күзекова З., Қарақұсова Г.  Қазақ тілі. – Ал-
маты: Раритет, 1999. – 172.
2.  Қадашева  Қ.  Жаңаша  жаңғыртып  оқы-
тудың  ғылыми–әдістемелік  негіздері:  өзге  тіл-
ді дәрісханалардағы қазақ тілі:. дис. … пед. ғыл. 
докт.: 13.00.02. - Алматы, 2001. – 374.
3.  Ф.Ш.Оразбаева.  Тіл  әлемі.  -  Алматы:Ан-А-
рыс, 2009. - 368. - 104. 
4.  К.Жақсылықова.  Инновациялық  технологи-
яға негізделген мемлекеттік тілді алты деңгейде 
оқыту кешені жайында. – Парасат айдыны. – Ал-
маты: Ан-Арыс, 2009.– 248. – 40-48.
5. Б.Белғара. , Н.Құрман. Жақсыны көре білген 
де жақсы...  //Ана тілі газеті. – 5 мамыр 2009 жыл.
6. Ә.Әлметова. Қазақ тілі. Оқулық. Бастапқы 
деңгей. - Алматы:Арда, 2005. - 160.
7.  Әлметова  Ә.С.,  Ибраева  Р.Б.,  Мурзинова 
А.С. Қазақ тілі. В1 Негізгі жеткілікті деңгей. Оқу 
құралы.  –  Алматы:Абылай  хан  атындағы  ҚазХҚ 
және ӘТУ, 2013. – 122.
8. Әлметова Ә.С., Тұңғатова Г.Ж., Хамимуль-
динова  Л.Ж.,  Дәркенбаева  Ж.Қ.    Қазақ  тілі.  В2 
Негізгі стандартты деңгей. Оқу құралы. – Алма-
ты:Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, 2013. 
– 102.
9. Әлметова Ә.С., Дәркенбаева Ж.Қ. Хамимуль-
динова Л.Ж., Тұңғатова Г.Ж. Қазақ тілі. С1 Оқу 
құралы.  –  Алматы:Абылай  хан  атындағы  ҚазХҚ 
және ӘТУ, 2013. – 117.
10. http://adilet.zan.kz/ сайты
11. 
Ф.Ш.Оразбаева, 
Ж.Т.Дәулетбекова, 
Р.С.Рахметова,  А.Қ.Рауандина  және  т.б.    Қазақ 
тілі оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендері. - 
Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2016. 
12. www.edu-bko.gov.k  сайты 

223
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ  378.147
Миндетбаева Акнур  Амангелдиевна
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,  
Компьютерлік ғылымдар кафедрасы, аға оқытушы, e-mail:  aknur71@mail.ru
ЗАМАНАУИ  КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ  
ДИДАКТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ
Түйін:  Бұл  мақалада  заманауи  компьютерлік 
технологияларды  білім  беру  үдерісінде  қолдану-
дың артықшылықтары мен ерекшеліктеріне тал-
дау  жасалады.  Компьютерлік  технологиялардың 
оқу  үдерісін  қарқынды  дамытудағы  тиімділігі 
мен  рөлі  қарастырылады.  Заманауи  компьютер-
лік  технологияларды  қолданудың  дидактика-
лық  ұстанымдары  баяндалады.  Сонымен  қатар 
компьютерлік  оқыту  құралдарын  қолданудың 
бірқатар  талаптары  келтіріледі.  Соңында  оқу 
мақсатында  компьютер  құралдарын  қолданудың 
мүмкіндіктеріне сараптама жасалады.
Кілт  сөздер:  ақпарат,  компьютерлік  техно-
логия, оқытудың компьютерлік құралдары, зама-
науи  білім  беру  технологиялары,  дидактикалық 
ұстаным.
Резюме.  В  данной  статье  анализируются 
преимущества  и  особенности  использования  со-
временных  компьютерных  технологий  в  учебном 
процессе. Приводятся рөл и эффективность ком-
пьютерных технологий в развитии образователь-
ного процесса.  Рассматриваются дидактические 
принципы применения современной образователь-
ной  технологии.  А  также  перечислен  ряд  общих 
требований  к  педагогам,  использующим  компью-
терные средства. В конце приводится анализ воз-
можностей применения компьютерных средств в 
учебных целях.
Ключевые  слова:  информация,  компьютерная 
технология,  компьютерные  средства  обучения, 
современные образовательные технологии, дидак-
тические принципы.
Summary.  This  article  deals  with  advantages 
and features of using modern computer technologies 
in  educational  process.  The  role  and  efficiency  of 
computer technologies in development of educational 
process are given. The didactic principles of application 
modern  educational  technology  are  considered. 
And also general requirements to the teachers using 
computer means are listed. Possibilities of application 
computer  means  in  the  educational  purposes  are 
pointed out at the end of the article.
Key  words:  information,  computer  technology, 
computer tutorials, modern educational technologies, 
didactic principles.
Білім  беру  процесі  интеллектуалды  қызметтің 
басқа  да  формалары  сияқты  өте  күрделі,  өзіндік 
құрылымы бар және белгілі бір қызметті орындай-
ды. Қазіргі таңда білім берудің кез-келген түрінің 
тиімділігі келесі бірқатар құраушыларға байланы-
сты:  техникалық  база,  дайындалған  әдістемелік 
материалдардың  тиімділігі,  оқытуды  ұйымдасты-
руда қолданылатын оқыту технологиясы. Мұндай 
маңызды  құраушыларды  автоматтандырылған 
оқыту әдісі басып озды (қазіргі таңда бұл -  ком-
пьютерлік оқыту әдісі немесе e-Learning).
Автоматтандырылған  оқыту  әдісінің  қалыпта-
суы кезіндегі теориялық зерттеулерін, техника мен 
телекоммуникация дамуының заманауи деңгейінің 
қосымша  дидактикалық  мүмкіндіктерін  пайдала-
ну  арқылы,  компьютерлік  технология  негізінде 
оқытудың  басқа  да  әдістеріне  қолдануға  болады 
және қолдану қажет. Компьютерлік оқыту бағдар-
ламалары мен ақпараттық - білім беру құралдары 
оқытудың заманауи технологияларының құрамына 
кіреді.
Әрбір  оқыту  құралдарын  қолданудың  қызметі 
мен  дидактикалық  рөлі  оны  жобалау  мен  дайын-
дау  кезеңдерінде  бірлеседі.  Компьютерлік  оқы-
ту  құралдарын  қолданудың  негізгі  дидактикалық 
ұстанымдарын атап көрсетуге болады [1, 88б.]:
-  компенсаторлық  –  білім  алушының  матери-
алды ұғыну мен танысуына жұмсалатын күші мен 
уақытын азайту.
- ақпараттылық – оқытуға қажетті және қосым-
ша ақпаратты беру;
-  интегративтілік  –  танысатын  объект  немесе 
құбылысты бөліктерге бөлу және толығымен қара-
стыру;
- дұрыстық (анықтық) – саны жағынан шектел-
меген  аудитория  үшін  оқыту  материалын  сапалы 
түрде дайындау мүмкіндігі;
- көрнекілік – оқытуда немесе ақпараттық ма-
териалдарды  ұсынуда  заманауи  компьютерлердің 
мүмкіндіктерін пайдалану;

виртуальдылық -  шынайы түрде көрсетіле 
алмайтын модельденген үдерістер мен оқиғаларды 
демонстрациялау мүмкіндігі;
- аспаптық – білім алушы мен педагогтың бел-
гілі  бір  қызмет  түрлерін  ұтымды  қамтамасыздан-
дыру;
-  интерактивтілік  –  білім  алушының  міндетті 
қызметі  мен  оқытуды  жекешелендіру  ұстанымын 
жүзеге асыру мүмкіндігі;
- жанама түрлілік -  компьютерлік оқыту құрал-
дары арқылы ұсынылған алгоритм мен оқу мате-
риалдарын  меңгеру  үдерісін  басқару.  Бұл  ұста-

224
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
нымның  екі  жағы  бар:  дұрыс  жағы  –  педагогтың 
субъективтілігінің жойылуы; бұрыс жағы – оқыту-
да сөйлеу компонентінің жоғалуы және педагогпен 
жасалатын қарым-қатынас уақытының едәуір аза-
юы;
-  тәуелсіздік  –  білімгерлердің  компьютерлік 
оқыту  құралдарын  өздеріне  ыңғайлы  уақыт  пен 
ыңғайлы  орында  пайдалану  мүмкіндігі  (мысалы 
үй компьютері);
-  массалық  –  білімгердің  жеке  тұлғаға  бағыт-
талған  моделіне  сәйкес  компьютерлік  ортада  жұ-
мыс жасайтын шектеусіз білім алушы саны үшін 
педагогқа  оқыту  және  бақылау  өткізу  мүмкінді-
гінің берілуі;
-  технологиялық  –  білімгерге  де,  педагогқа  да 
кез  келген  уақытта  қолайлы  формада  оқу  және 
бақылау  нәтижелерін  статистикалық  өңдеу,  қа-
былдау және соңғы нәтижені ұсыну мүмкіндігінің 
берілуі. 
Дәстүрлі  түрдегі  немесе  компьютерлік  құрал-
дарды  қолдану  арқылы  сабақты  ұйымдастыруда 
педагог бірқатар жалпы дидактикалық талаптарды 
орындауы тиіс [2, 52б.]:
-  сабақтың  мақсатына,  оның  мазмұнына  және 
материалмен  танысу  логикасына  талдау  жасау; 
оқу  және  бақылау  материалдарына  тыңғылықты 
дайындалу: оқытылатын пән саласындағы барлық 
анықтамаларды  нақты  формальдау,  білім  алушы-
ның  игеруі  тиіс  басты  жағдайларды  (фактілерді, 
гипотезаларды,  заңдарды,  заңдылықтарды)  ай-
қындау,  қажетті  дидактикалық  материалдарды 
дайындау;  сабақтың  мақсатына  сәйкес  қажетті 
оқу құралдарын дұрыс таңдай білу; таңдалған оқу 
құралдарын қолданудың әдістемесін жасау.
Дәстүрлі  оқытуда  педагог  көп  жағдайда  бар-
лық  ақпараттарды  өзі  береді.  Компьютерлік  оқы-
туда  педагогқа  шығармашылық  рөл,  яғни  қосым-
ша  ақпарат  көзінің  бірі  ретіндегі,  жұмыстағы 
тәлімгер  және  кеңесші  рөлі  беріледі.    Дәстүрлі 
оқыту түрімен салыстырғанда компьютерлік оқыту 
түрінде  білім  беру  үдерісі  субъектілерінің  қарым 
қатынастары  өзгереді.  Компьютерлік  құралдар 
көбіне оқу үдерісінде қолданылады, өйткені олар 
оқу сабақтарының, қазіргі заманауи білім берудің 
технологиялық  негізі  болғандықтан,  оқу  үдерісін 
ұйымдастыру мен жүргізудің жаңа әдістерін жетіл-
діруге күш салады. 
Компьютерлік  технологиялардың  көптеген  ар-
тықшылықтары мен ерекшеліктері бар.  Ю.Демен-
тьев  және  бірқатар  авторлар  ұжымы  ақпараттық 
компьютерлік  технологиялардың  дидактикалық 
тұрғыдан білім кеңістігінде қолданбалы есептерді 
шығару  мен  анықтауда  үлкен  мүмкіндіктерге  ие 
екендігін, сонымен қатар бұл әдістер компьютерлік 
бағдарламалардың  көмегімен  атқаралытындығын 
ашып көрсеткен [3,290б.].
Оқытудың  компьютерлік  ортасында  тұлға-
лық-қызметтік тәсіл жүзеге асады, жүйеге берілген 
кез  келген  сұраныстың  оперативтілігі  мен  орын-
далуы  қамтамасыз  етіледі.  Білімгерлер  әрекет-
терінің нәтижелерін нақты уақытта алу ғана емес, 
жіберген қателіктерін дер кезінде түзеу мүмкінді-
гі  қамтамасыздандырылады.  Міне  осы  мұғалімге 
оқытуда жеке қатынас орнатуға мүмкіндік береді. 
Дидактикалық  ұстанымдар  тұрғысынан  маңы-
здырақ болып саналатын, компьютерлік құралдар-
ды  қолдану  кезінде  тиімді  жүзеге  асатын  әдісте-
мелік мақсаттарды бөліп қарастырайық:
-  оқыту  үдерісін  дербестендіру  және  саралау 
(дифференциациялау);

білімгерлердің  мақсатқа  жетуі  үшін  күр-
деліліктің  түрлі  деңгейі  бойымен  кезең  бойынша 
жылжу мүмкіндігі;
- қателіктер диагностикасы және кері байланыс 
арқылы бақылау жасау;
-  өзіндік  бақылау  мен  өзіндік  түзетуді  жүзеге 
асыру;
-  білімгерлердің  оқу  материалын  меңгеру 
үдерісіндегі дайындығы мен өзіндік дайындық жа-
сауын жүзеге асыру;
- шешімі қиын күрделі есептерді компьютердің 
көмегімен шығару арқылы уақытты үнемді пайда-
лану;
- оқу ақпаратын ұсынудың көрнекілігін жетіл-
діру,  ал  қажет  болған  жағдайда  –  уақыттық  және 
кеңістіктік  қозғалыстың,  дамудың  демонстра-
циясын  жасау,  танысатын  үдерістің  зерттеу  заң-
дылықтарының  графикалық  интерпретациясын 
бейнелеу;
-  танысатын  немесе  зерттелетін  объектілерді, 
үдерістер  немесе  құбылыстарды  имитациялау 
және модельдеу; 
-  нақты  тәжірибе  немесе  экспериментті  ком-
пьютерлік бағдарламада  имитациялау жағдайында 
зертханалық жұмыс (мысалы физика немесе хими-
яда) жүргізу;
-  оқыту  үдерісінде  қажетті  ақпараттық  қор 
дайындау  және  оны  қолдану,  компьютерлік  желі 
арқылы оның қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
- оқытудың мотивациялық күшейтілуі (мысалы, 
көркемдік құралдар немесе ойын қолдану арқылы);
-  білімгерлердің  оқу  материалын  меңгеру  әді-
стемесімен қарулануы;
- ойлаудың белгілі бір түрінің дамуы ( мысалы, 
көрнекі кескіндік, теориялық);
- қиын жағдайларда тиімді немесе түрлі шешім-
дер  қабылдай  алу  қабілеттерінің  қалыптасуы 
[4,45б.].
Зертханалық  және  тәжірибелік  жұмыстарда 
компьютерлік оқыту құралдарын қолданудың мүм-
кіндіктері теориялық білім алу мен оларды меңге-
ру арасындағы уақыт алшақтығын азайтып, білім 
алуда  көбірек  өз  бетімен  оқуға  дағдыландырады. 
Әдістемелік және технологиялық тұрғыдан сауат-
ты  дайындалған  компьютерлік  құралдар  арқылы 
оқыту  оқытудың  көптеген  мәселелерін  шешуге 

225
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
мүмкіндік  береді.  Оқытудың  компьютерлік  тех-
нологияларын  енгізудің  негізгі  міндеттері  болып, 
білім алушының өзіндік жұмыс жасауы үшін оқы-
ту ортасын модельдеу, қажет болған жағдайда кез 
келген ақпарат ресурстарына, оның ішінде өзіндік 
дайындық пен өзіндік бақылау үшін оқу материал-
дарына рұқсат беретін шектеусіз құқыққа ие болуы 
жатады.
Компьютерлік оқыту құралдары өзінің дидакти-
калық мүмкіндіктері арқылы білім беру жүйесінің 
барлық  компоненттеріне  оқытудың  мақсатына, 
мазмұнына, әдісіне және ұйымдастыру формасына 
белсенді әсер етеді, педагогиканың әрі күрделі, әрі 
актуальды  мәселелерін,  адамның  даму  мәселесін, 
оның  интеллектуалдық,  шығармашылық  потен-
циалдарын,  сараптамалық  және  сын  тұрғысынан 
ойлауларын, әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше 
білім алуын шеше алады.
Қарапайым  техникалық  оқыту  құралдарынан 
айырмашылығы,  компьютерлік  оқыту  құралда-
ры  дайын,  қатаң  таңдап  алынған,  ұйымдасты-
рылған  білімге  сәйкес  келетін  ақпаратты  беру 
мәселесін  ғана  қарастырмайды,  сонымен  қатар 
білімгерлердің  интелектуальды  шығармашылық 
қабілеттерін дамытуға, өз бетімен жаңа білім алуға 
ұмтылуға, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жа-
сауға қалыптастырады.
Компьютерлік оқыту құралдарын оқу үдерісін-
де сәтті және мақсатқа сай қолдану үшін педагог-
тар  (бірінші кезекте информатика пәні мұғалімі) 
бұл құралдардың дидактикалық мүмкіндіктері мен 
қызмет  ету  ұстанымдарын  білулері  және  оларды 
оқу үдерісіне кірістіре алулары, басқаша айтқанда 
оқу сабақтарында оқытудың әртүрлі компьютерлік 
құралдарын қолдана алулары тиіс [5, 13б.].
Оқу  мақсатында  компьютер  құралдарын  қол-
данудың  көп  таралған  тенденцияларын  қамтыған 
компьютерлік  оқыту  құралдарын  пайдалану  мүм-
кіндіктеріне  жасалған  сараптаманы  қорытынды-
лай келе,  келесілерді атап өткен жөн:
- оқу мақсаттарында қолданылатын компьютер-
лік құралдар негізінен өзіндік жұмыс жасауға, оқу 
қызметінде  өзіндік  бақылау  мен  өзіндік  түзетуді 
жүзеге асыруға, ақпаратпен жұмыс жасау ептілігі 
мен оған деген көзқарасын және компьютерлік са-
уаттылықты  қалыптастыруға бағытталған;
-  компьютерлік  құралдардың  дидактикалық 
маңыздылығы  -  оқу  материалының  көрнекілігін 
жетілдіруді,  зерттелетін  объект,  үдерістердің  мо-
делін  жасауды,  білім  алушылардың  оқу  ақпарат-
тарымен, қолданушы пакеттерімен өзіндік жұмыс 
жасау  түрлері  мен  формаларын  құруды  қамтама-
сыздандыратын,  заманауи  компьютерлік  графика 
құралдарын қолдану нәтижесінде күшейтіледі. 

оқытудың  мотивациясын  жоғарылатып, 
білімгерлердің  эстетикалық  тәрбиесіне  үлесін 
қосатын,  әртүрлі  түрдегі  «экрандық  шығар-
машылықтар»  ұйымдастыруға  маңызды  көңіл 
бөлінеді;
- оқыту мақсатында қолданылатын компьютер 
құралдарының  басым  көпшілігі,  оқу  материалын 
меңгеру үдерісіне негізделген ойын оқу қызметін 
орындауға бағытталған;
-  компьютерлік  оқыту  құралдарын  қолдану-
дың  сипаттамалық  ерекшелігі,  білімгерлерге  оқу 
қызметін  жан-жақты  ұйымдастыру  формаларын 
және  компьютер  алдында  жұмыс  жасаудың  жеке 
режимін  еркін  таңдау  мүмкіндігін  ұсыну  болып 
табылады;
- қолданудың басқа да көптеген бағыттары бел-
гілі, бірақ олар толық ашылмаған.
Оқытудың компьютерлік құралдарын, білімгер-
лерден берілген пәнге деген өз дайындық деңгей-
лерін  қалыптастыруға  тікелей  қатысуын  талап 
ететін,  оқытуды  жекешелендірудің  белсенді  фор-
масы ретінде қарастырған жөн. 
Білім  алушыға  компьютерлік  оқыту  құралда-
рының көмегімен материалдарды жеке қарқынмен 
қарастыру,  оқу  бағытын  өзіндік  таңдау,  бақылау-
дың тәуелсіздігі мен объективтілігінің күшейтілуі, 
оқудың уақыты мен орнын еркін таңдау мүмкіндік-
терінің  берілуі,  педагог-ізденушілерді  оқытудың 
инновациялық технологияларын іздеу мен жасауға 
талпындырады. 
Кез-келген  жаңа  білім  беру  технологиялары 
мен  оқыту  құралдарын  енгізу  оңай  мәселе  емес. 
Білім  беру  технологиялары  мен  оқытудың  техни-
калық  құралдары  өздігінен  жақсы  не  жаман,  бір-
бірімен  салыстырғанда    керемет  не  нашар  бола 
алмайды.  Білім  беру  үдерісі  мен  коммуникация-
ның тиімділік, интенсивтілік, белсенділік және да-
ралық қасиеттерін алу көп жағдайда, оның қалай 
және қандай деңгейде қолданылуына байланысты. 
Әрбір  инновациялық  технологиялардың  мықты 
және  нашар  жақтары  бар,  сондықтан  оқытудың 
жақсы  жағынан  ұсынылған  және  инновациялық 
құралдарының  комбинациясы  –  оларды  қолдану 
мен оқу сапасын көтеру мақсатына жетудің дұрыс 
жолы болып саналады.
Компьютер  құралдарын  қолдана  отырып  оқу 
процесін ұйымдастырудың келесі артықшылықта-
рын атап көрсетуге болады:
- Білімгерлердің танымдық белсенді білім алу-
ларын ұйымдастыру;
- Оқу процесін оңтайландыру;
- Пәнде оқытылатын ақпараттың көлемінің кө-
беюі;
- Білім алушылардың шығармашылық қабілет-
терін ынталандыру;
- :екеше оқыту мүмкіндігіне ие болу.
Осылайша,  оқытудың  компьютерлік  техно-
логияларын  пайдалана  және  байланыстыра  оты-
рып,  білімді  тек  педагогтан  ғана  емес  өз  бетімен 
де алуына мүмкіндік туады. Ол үшін білімгер ға-

226
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ламдық  ақпаратқа  бет  алады,  онда  оған  қажетті 
көптеген  маңызды  деректер  табылады.  Арнайы 
құрылған  компьютерлік  оқыту  бағдарламасымен 
жұмыс жасай отырып, білімгер тек ақпаратпен та-
нысып қоймай, сонымен қатар ол ақпаратты сіңіру-
ге  қажетті  психолого-педагогикалық  заңдылықта-
рымен  танысады,  ол  оған  өз  бетінше  дайындалу 
мен белсенділікпен білім алуына жағдай туғызады. 
Әдебиеттер
1. Красильникова В.А. Информационные и ком-
муникационные технологии в образовании: учебное 
пособие / -Оренбург – ГОУ ОГУ, 2006. – 235 с.
2.Федотова Е.Л. Информационные технологии 
в профессиональной деятельности: /учеб.пособие/ 
–М.: ИД «Форум»: ИНФРА-М, 2008. -369с.
3.  Dementiev  Yury  ,  Burulko  Lev  ,  Suvorkova 
Elena,  Pedagogical  Aspects  of  Applied  Software 
Packages and Computer Technologies Use in Student's 
Education,  Procedia - Social and Behavioral Sciences, 
XVth International Conference "Linguistic and Cultural 
Studies:  Traditions  and  Innovations"  17  October 
2015,  Pages  289–294,  http://www.sciencedirect.com/
science/article/pii/S1877042815051836
4.  Под редакцией Полат Е.С. Новые педаго-
гические  и  информационные  технологии  в  систе-
ме  образования: учебное пособие / - М.Академия. 
2001. -272 с.
5.  Беркимбаев  К.,  Сарыбаева  А.,  Ташимо-
ва А., Миндетбаева А. Электронный  учебник как 
средство  совершенствования  профессиональной 
подготовки будущих учителей // Международный 
журнал экспериментального образования. – 2012. 
–№8.–С.13-15;    URL:  http://www.expeducation.ru/
pdf/2012/8/2012_08_2.pdf

227
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет