Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет43/48
Дата21.02.2017
өлшемі5,54 Mb.
#4619
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

 
Процесс  подготовки  педагогов  химиков  носит  сложный  характер,  так  как  с  одной  стороны 
включает  целый  ряд  дисциплин,  таких  как  теоретические  основы  неорганической  химии,  методика 
преподавания  химии,  методику  решение  задач  и  проведения  эксперимента,    с  другой  стороны  – 
необходимо на практике ознакомить учащихся с методами решения   и использования их в процессе  
личного обучения. 
Элементы  активного  метода  обучения  связанны  с  имитационными  методами  основаны  на 
создании  игровых  ситуаций  и  подталкивают  к    взаимодействию  как  между  членами  группы,  так  и  
между  бригадами  студентов.  Примерами  таких  взаимодействий  является  проведение  практических 
занятий  в виде состязаний по методике решения задач или постановки лабораторных работ в методике 
проведения  химических  экспериментов.  Особенностью  таких  занятий  является  возможность 
привлечения всех студентов к решению и обсуждению задач и хода экспериментов. 
Учебная  игра  –  педагогическая  игра  отличается  эффективностью,  комплектностью  и 
многовариантностью.  В  игре  применяется  комбинированная  система  активации  учащихся  в  учебном 
процессе, основанная на стимулировании и соревновании. 
В  алгоритм  педагогической  игры  входит  ряд  этапов.  Первый  игровой  этап  –  составление 
вопросов. Каждая игровая подгруппа по теме составляет заданное число вопросов, ответы на которые 
составляет  игровая  подгруппа.  Вопросы  классифицируются  по  трем  категориям  –  информационные, 
мировоззренческие (на понимание), творческого плана. 
Второй  игровой  этап  –  составление  ответов.  Составленные  письменные  ответы  отдаются  на 
рецензирование. Рецензенты исправляют ошибки и восполняют пробелы.  
Третий  игровой  этап  –  рецензирование.  Составляют  балльную  оценку  вопросов  с  учетом 
характера вопросов и их соответствие теме занятий. 
Четвертый  игровой  этап  –  рефлексный  анализ  работы  игровых  подгрупп.  Руководитель  игры 
арбитр  зачитывает  по  порядку  вопрос,  ответ  и  рецензию  на  них.  Выясняется  отношения  всего 
коллектива  группы  и  оценка  на  этот  вопрос,  ответ  и  рецензию.  Дискуссия,  заканчивающаяся 
единодушным мнением. 
Заключительный этап – подведение итогов. 
Опыт  показывает,  что  учащиеся  в  игре  отлично  усваивают  учебный  материал,  проявляют 
повышенный интерес, приобретают навыки к ведении дискуссий. 
Применение  метода  «мозгового  штурма».  Значимость  применения  «мозгового  штурма»  в 
учебном  процессе  состоит  в  том,  что  он  нацелен  на  решеие  проблем,  требующих  нетрадиционных 
подходов  к  их  решению.  Метод  активизирует  мыслительную  способность  студентов,  при  этом 
осваиваются основные навыки и приемы искусства  мыслить.  
Кроме  того,  при  подготовке  к  мозговому  штурму  учащиеся  дополнительно  изучают  учебно-
методическую литературу. 
Метод «мозгового штурма» в основном применяются на практических занятиях.  
Применение  данного  метода  требует  серьезный  предварительный  подготовки  преподавателя: 
тщательный  выбор  проблемы,  подготовку  методического  материала,  выбор  содержания  и  условия 
игры. 
Применение методов активного обучения на лабораторных занятиях по ТОНХ возможно связать 
с рейтинговой системой обучения. 
В  структуру  занятий  лабораторного  практикума  включаются  обобщающие  семинары, 
проводится по типу «круглого стола». 

264 
 
Он  же  выполняет  контролирующую  функцию.  Обсуждение  возможно  с  применением 
интерактивных  методов  обучения.  При  подведении  итогов  преподаватель  оценивает  вклад  каждого 
учащегося в работу семинара и делает общие выводы. 
 
Литература 
1.
 
Чернобельская  Г.М.  Методика  обучения  химии  в  средней  школе.  Учебн.пособие    ля 
студ.высш.учеб.заведений – М.: Владос, 2000-336с. 
2.
 
Тамурова  Т.С.,  Курилкин  В.В.  Лабораторный  практикум  по  курсу  «Методы  преподавания 
химии». М.: РУДН. 2005 
3.
 
Педагогические технологии / под общей ред. В.С. Кукушкина. – М.; Ростов н/Д.: ИКЦ «Март»: 
Издательский центр «Март», 2006. – 336 с. 
 
 
ӘОЖ 37.016:78=S12.122 
 
                      ӚНЕР САЛАСЫ АРТ-МЕНЕДЖЕРЛЕРІН ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ 
 
Сыдыкова  Р.Ш.,  Абирова А.М. 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Тҥркістан, АӘИУ Академиялық инновациялық институт, Шымкен,Қазақстан 
 
Резюме 
В статье рассматриваеться проблема подготовки специалиста социально-культурной сферы арт- 
менеджера 
 
Summary 
The article considers the problems of the teacher-art-manager preparation 
 
Бҥгінгі  таңда  қоғамның  даму  перспективалары  мен  экономикалық  жағдайлары    мәдени-
әлеуметтік  жҧмыстарды    жаңаша  қҧруды  алға  қойып  отыр.Қоғамдағы  нарықтық  қатынас,тҥрлі  жеке 
меншік және мәдени-әлеуметтік  қызметтің  жаңа  формалары, еркін  кәсіптік шаруалық  қатынастар,бос 
уақытты  ӛткізудің  жаңа  тҥрлері  оны  ҧйымдастыру  шарттарына  әсер  етуде,соған  сәйкес  мәдени-
әлеуметтік қызмет кӛрсету менеджментін меңгеру қажеттілігі бҥгінгі кҥн мәселесіне айналып отыр.  
Мәдени-әлеуметтік қызмет кӛрсету мен оның табиғаты туралы сӛз қозғағанда,оны тек ізгілендіру 
жағынан ғана емес,сол ортаға тиесілі жаңа технологиялар  мен аумағы кең тҥрлі жҧмыстар тӛңірегінде 
зерттеу  қажеттілігі,соның  қатарында  арт-менеджмент  бар.Бҥгінгі  кҥнгі  арт-менеджемент  деген 
функционалды-ролді  атқаратын  іс-әрекет  тҥрі  деп  танылып  келуде.Мәдени  қҧндылықтарды 
тарату,сарап-тау,сақтау,жасап шығару.Сонымен бірге арт-менеджмент бҧл мәдени қызмет кӛрсетудегі 
нарық ӛнімін жасап шығару жҧмысын басқару;осы кәсіпте жҧмыс жасайтын адамдарды ҧйымдастыру, 
басқару элементтері жоспарлау,ҧйымдас-тыру,мҥдде,бақылау. 
Осылайша 
арт-менеджмент 
бҧл 
басқару 
әдіс-тәсілдер 
жиынтығы: 
жоспар-
лау,ҧйымдастыру,мҥдде,бақылау.Бҧлардың барлығы  классикалық менеджментке тән белгілер және де 
ӛнер  тӛңірегінде  басқару  жҧмысының  ерекше  тҥрі.Оған  кӛркем  ӛнімді  жасап  шығару  мен  тарату  
барысы да кіреді деп айта аламыз.        
Ғалымдар  Г.Н.Новикова  [1],В.М.Чижиков  [2  ]  анық-тауын-ша  бҥгінгі  кҥні  арт-менеджмент  
мәдениет  пен  ӛнер  саласы  жҧмысындағы    ең  кӛкейтесті  коммерциялық  бағыт.Е.И.Жда-
нов[3],Н.В.Корнеева  [4]  арт-менеджментті  ӛнер  тҥрлерін  басқару;кӛркем  қҧндылықтарды  жасап 
шығару  ҥрдісін  басқаруға  кӛмектесетін  білім  жиынтығы;шоу  бизнес  саласында  жҧмыс  жасайтын 
қызметкерлер  мәдени  қызмет  кӛрсету  нарқында  ӛз  шығармашылық  жҧмыстары  нәтижесімен  алға 
шығуы  деп  тҥсіндіреді.Олай  болса  арт  менеджмент  қҧрылымы          «неден  қҧрылады?»  деген  сҧрақ 
туындайды  .Оның қҧрылымын ҥш    тҧрғыдан  қарастыруға  болады:  ғылыми  пән  ретінде,ӛйткені  оның 
теориялық  негізі  бар  (теория,қағи-далар,әдіс-тер);практикалық  тҧрғыдана,  ӛйткені  теориялық 
ізденістерден бҧрын әдіс,басқару, ҧжымды және ҥрдісті  басқару  стилдері ; ӛнер тҧрғысынан, ӛйткені, 
басқару  мен  жетекшілік  ету  қашанда  ептілік  пен  жоғары  шеберлікті  талап  еткен.Бҧлардың  барлығы  
арт-менеджер жҧмысының негізгі  мазмҧнын қҧрайды. Біздің ҧйғарымыз бойынша  арт-менеджердың 
арт-ӛнімін  жасап  шығару  мен  нарыққа  шығаруда  жоспарлау,ҧйымдастыру,бақы-лау,мҥдделік 
артменеджер маманның жҧмыс мазмҧнын айқындаушы кӛрсеткіш. 
Г.Н.Новикованың  [1]  анықтауы  бойынша  арт-ӛнім  деген:  тҥрлі  шоу  бағдарлама-
лар,концерттер,фестивалдар,арнай  басылымдар  шығару,мод  кӛрсетілімдерін  ҧйымдастыру,  кӛрмелер 
ӛткізу  және  т.б.Арт-менеджер  жҧмысындағы  негізгі  екі  элементіне  назар  аударсақ,арт-менджмент 
кәсіби  қызмет  ретінде  мәдени-әлеуметтік  қызмет  кӛрсету  саласында  едәуір  дамыған.Әсіресе  кәсіби 

265 
 
ӛнер,халық  ӛнері,тынығу  индустриясында,туризмде  ;  арт-менеджер  жҧмысы  рухани  қҧндылықтарды 
жасау мен кӛркемдік ӛнімді мәдени қызмет кӛрсету нарқына шығару.Арт менеджер қызметі отандық 
және  шетел  мәдениет  тарихы  мен  теория-сын,эстрада,театр,халық  ӛнері  майталмандары 
шығармашылық мҧрасын    және еліміздің,шет елдердің шоу-бизнес ортасының артистік менеджемент  
практикасы  мен  теориясын  меңгеруді  қарастырады.Демек,  менеджер  кәсіби  шеберлігі  нақты  мәдени-
әлеуметтік  жҧмыс  барысында  қалыптасады.Жҧмыс  жасау  кәсіби  шеберліктің  алғы  шарты  болып 
табылады,  ал  ол  ӛз  мезгілінде  менеджер  кәсіби  қҧзы-реттілігін  танытады.Сондықтанда  арт-
менеджментті кӛркем қҧндылықтарды жасау барысын  кәсібилікте басқару,автор,режессер,орындаушы 
мен шығар-машылық ҧжымдар жҧмыс нәтижелерін   мәдени нарыққа шығару дей аламыз.  
Мәдениеттанушы  Қҧлсариева А.Т.[5] менеджер кәсіби даярлығын бірақтар қасиеттермен және 
сипаттамалармен анықтайды. Оның ішінде: психологиялық даярлығы -  бҧл тҥрлі деңгейдегі мәдени-
әлеуметтік  жҧмысты    мақсатты  педагогикалық    басқару  бағыттылығы:  ҧйымдастылышылық  
даярлығы-    бҧл  менеджердың  ҧйымдастырушылық  іс-әрекетке  қажетті  кӛлемдегі  қоғамдық-саяси, 
психологиялық,  педагогикалық  және  арнайы  білімдері;  практикалық  даярлық  –    талап  етілген 
деңгейдегі  менеджердің  қалыптасқан  кәсіби  басқару,ҧйымдастыру  ептіліктері  мен  дағдылары; 
психофизиологиялық  даярлығы  –  белгілі  (менеджерлік  мамандықты  игеруге)  мәдени  әлеуметтік  іс-
әрекетке  қажетті  алғышарттар,  кәсіби  қҧнды,  жеке  тҧлғалық  сапаның  қалыптасқандығы;  дене  бітім 
даярлығы –  кӛпшілікпен  кәсіби жҧмыс жасау қабілеттігі мен денсаулығының жарауы . 
Қазіргі  кезде  педагогика,  психология,  әдістеме,    мәдениет-тану,әлеумет-тану  ғылымдарында 
менеджер    маманын  даярлаудың  кӛптеген  нҧсқалары  жинақталған.  Олар:  маман  моделі,  кәсіптану, 
кәсіби  тӛлқҧжат,  біліктілік  сипаттамалары.  Мҧндай  ӛлшемділік  бейне  мҧғалім  маманын  даярлау 
мақсатына  қызмет  етіп,  оның  бағдарламасын  анықтауға  кӛмектеседі.  Ғылым-психологтардың    пікірі 
бойынша, менеджер моделін жасауда мәдени-әлеуметтік қызметтің психологиялық қҧрылымын ескеру 
қажет.  Менеджер    қызметінің  психологиялық  қҧрылымына:мотивация,ког-нитивтік  пен  іскерлік 
қасиеттер кіреді. 
Мәдениеттанушы    Қҧлсариева  А.Т.[5]  пікірінше,менеджер      моделі  мыналарды  қамтиды: 
қоғамдық-саяси  сапаларды;  әлеуметтік-психологиялық,  этикалық-педагогика-лық  және  жеке  басы 
сапалары;  психологиялық  және  педагогикалық  даярлық;  мамандық  бойынша  даярлық;  пән  бойынша 
даярлық.  Бҧл  сапалар  менеджерлік    қызметке  қойылатын  жалпы  талаптардан  туындайды.  Білім, 
іскерлік және дағды білім алушының даярлау деңгейіне қойылатын талаптарының негізгі параметрлері 
болып  табылатындықтан,  кәсіби  мінездеме  мамандықтың  сипаттама  моделі  бола  отырып,  кәсіби 
даярлықтың  соңғы  мақсатын  анықтайды.  Ал  мамандықтар  бойынша  дайындалған  кәсіптік  сипаттама 
мазмҧнына  кәсіптік  қызметтің  теориялық  негізі  (білімге  қойылатын  талаптар),  кәсіптік  қызметтің 
тҥрлері (іскерлікке қойылатын талаптар), арнайы қойылатын талаптар кіреді. 
Менеджер  даярлаудың жалпы білімдік және кәсіби деңгейін қалып-тастыру жалпы ізгі-лендіру, 
әлеуметтік-экономиялық  (философия  негіздері,  саясаттану  және  әлеуметтану  негіз-дері,экономика 
негіздері, қҧқық негіздері, мәдениеттану), жалпы кәсіптік,мәдени-әлеуметтік,мәдени іс шаралар жҧмы-
сының  әдістемесі,  жаңа  педагогикалық  технологиялар,  мемлекеттік  тілде  іс  қағаздардың  жҥргізу, 
компьютерлік  техноло-гиялар  негіздері,  арнайы    мамандандыруларға  байланысты  пәндер  кешені 
(менеджемент,менеджмент  негіздері,мәдени  –әлеуметтік  жҧмыс,мәдени  тынығу  жҧмыстары,мәдени-
ағарту  жҧмыстары  және  т.б.)  арқылы  шешіледі.  Бҧл  кешендердің  әр-қайсысының  ӛзіндік  ерекшелігі 
бар және олардың бәрі менеджер  даярлауды неғҧрлым ҧтымды тҥрде қаматамасыз етуге бағытталған. 
Менеджер  кәсіптік даярлығы ӛз алдына дербес, бірақ бір-бірімен тығыз байланысып жатқан қоғамдық-
саяси, психология-лық-педагогикалық және арнайы даярлықты біріктіретін жҥйе болып табылады. Ал 
осы жҥйенің әрбір қҧрамдас бӛлігі ӛзіне тән міндеттерді атқарады. 
Қоғамымыздың  жаңа  қарқынмен  алға  ӛркендеуі,  егеменді  еліміздің  дамуы  саяси  даярлығына 
қойылатын  талаптар  деңгейін  жаңа  сатыларға  кӛтерді.  Сол  себепті,  менеджер  әлеуметтік-
экономикалық  пәндер  бойынша    да  мыналарды  білуі  керек:  философия  және  оның  қоғамдағы  орны, 
қоғам  мен  жеке  адамның  даму  мен  ӛмір  сҥру  зандылығының  саяси  және  әлеуметтік  негіздерін, 
экономикалық ілімнің жалпы қағидалары, даму тарихы, экономикалық зерттеу әдістерін, мемлекет пен 
қҧқық туралы теориялар, қазақ халқының мемлекеттігі мен қҧқық тарихы, мәдениет дамуының тарихы 
кезең-дері  мен  мәдени  дамуының  барысын.  Мәдени-әлеуметтік  орта  менеджер  қызметкерін  даярлау 
жҥйесінде  жалпы  кәсіптік  және  арнайы  даярлық  ӛте  маңызды  әрі  кҥрделі  қызметтерді  атқарады, 
сондықтан  оған  қойылатын  талаптар  жоғары  және  ерекше  мәнге  ие  бола  отырып,  тӛмендегідей 
мәселелерді қамтиды: 
-
 
қазіргі  менеджемент  негіздерін,мәдени-әлеуметтік  жҧмыс  міндеттерін  салаларын,  зерттеу 
әдістерін, Қазақстан Республикасының білім беру жҥйесін, мәдениет дамуы жалпы заңдылықтарын; 
-
 
мәдени-әлеуметтік  жҧмыстардың  қоғам  ӛмірінде    алатын  орнын,  мәдени-ағарту,мәдени-
тынығу, тәрбие нысандары мен әдістерін; 

266 
 
-
 
ӛмірдегі  жағдайларға  адам  психикасы  заңдылықтары  туралы  теорияны,  тҥсінікті  қолдана 
білуді,  әр  кезеңдегі  жеке  тҧлғаның  дамуы  бойынша  тәжірибе  жҥргізіп,  нәтижесін  қорытындылай 
білуді,  
-
 
әлеуметтік зерттеу әдістерін, баспа сӛз материалдарын, әдебиеттерді талдай білуді; 
-
 
қҧжаттар реквизиттерін ресмилеу және келіп тҥскен, жӛнелтілген қҧ-жаттарды ӛндеу тәртібін, 
қҧжаттарды ӛңдеу және индекстеуді, оргтехникамен жҧмыс істеу тәжірибесін; 
-
 
қиын  балалармен  жҧмыс  істеудің  басты  мәселелерін,  тәрбиесі  қиын  ба-лалардың 
ерекшеліктерін, қҧқықтық тәрбиенің мазмҧны мен міндеттерін; 
-
 
халықтық  әдет-ғҧрыптар  мен  салт  дәстҥрлерді  қолдану,мәдени  жҧмыстарды  жоспарлай  білу, 
жетекшілер мен топтар,  кӛпшілкпен  қарым-қатынас қалыптастыру; 
-
 
жетекші мен мен орындаушылар  арасында болатын педагогтық тактінің маңызы туралы. 
Жоғары білімді маманның кәсіби қҧзыреттілігі сол маманның жеке тҧлға ретіндегі қасиеттерінің 
және  ішкі  психикалық  жағдайларының  кҥрделі  жҥйесі,  кәсіби  қызметі  мен  қабілетін  іске  асыру 
дайындығына,  былайша  айтқанда,  іс-керлігі  мен  мҥмкіндігінде  сай  жҧмыс  істеу  қажеттілігінен  келіп 
шығады.Сондықтан,менеджер  іс-шараны  басқару    іс-әрекетінің  субьектісіне  айналуы  тиіс.Арт 
менеджер  мәдени-әлеуметтік  іс-шараны  басқару  субьектісіне  айналуы  ҥшін,осы  іс-шараның  іс-
әрекеттері  келесі  принциптер  негізінде  іске  асырылуы  тиіс:  субьектілік  принципі,ізгілендіружәне 
демократияландыру  принципі,жҥй-елік  пен  тҧтастық  принципі  ,  продуктиті  іс-әрекет  принципі  , 
перспективті мақсаттар принципі. 
Арт менеджер кәсіби қҧзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеу,келесі перспективті зерттеу 
мәселелерін  анықтаға  мҥмкіндік  берді:  мәдени-әлеуметтік  жҧмыстың  ӛзін-ӛзі  басқару  қҧрылымының 
арт  менеджер  қҧзыреттілігін  қалыптастырудағы  мҥмкіншіліктері  мәселесі;мәдени-әлеуметтік  жҧмыс 
менеджер  тҧлғасының  қалыптасуындағы  мҥмкіншіліктерін  анықтау  мәселесі;жоғары  оқу 
орындарының  музыка  орындаушылық,музыкатану  мамандықтарының  сту-денттерінің    мәдени-
әлеуметтік,  мәдени  іс-шаралар  іс-әрекетін  ҧйымдастыруға  даярлығы  мәселесі;жастар  ҧйымдарында 
студенттер тҧлғасы қалып-тасуы мҥмкіндіктері мәселесі.
  
  
Менеджер жҧмысын ғылыми тҧрғыдан қарастыру  оның кӛп тҧрғылы да кӛп салалы болатына 
кӛз  жеткіземіз:  арт-менеджер  –жетекші,  басшы,қаржыландырушы,  шығармашыл  тҧлға,  жоба 
авторы,оны  қоюшы,  ҧйымды  ынталандырушы,«жҧлдыз»-ды  жасаушы,  талғам  мен  эстетикалық 
тҥсінікті қалыптастырушы маман. 
 
                                                                      Әдебиеттер: 
1.
 
Новикова Г.Н. Социокультурные концепции управления в арт-менеджменте / Г.Н.Новикова //    
2.
 
Вестник Московского государственного университета культуры и искусства.--2005.-№2 
3.
 
Чижиков В.М. Введение в социокультурный менеджмент :Учебное пособие     / В.М.Чижиков.-      
4.
 
М.:МГУКИ,2003.-382 с. 
 
 
ӘОЖ 372.8.53.022 
 
ФИЗИКА САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ФИЗИКА 
ПӘНІН ОҚЫТУДА  ҒЫЛЫМ  ЖЕТІСТІКТЕРІ  ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ   ПАЙДАЛАНУ  
МӘСЕЛЕСІ 
 
Сыздық А.Н.  
 Аймақтық Әлеуметтік Инновациялық Университеті  Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В  статье  говорится  о  необходимости  применения  «информационно  -  коммуникационных 
технологий»  в  образовательного  процесса  и  о  слабом  использовании  в  процессе  изучения  курса  физики 
материалов,  отражающих  научные  достижения  и  открытия  в  области  физики  и  астрономии.  С  целью 
восполнения этого недостатка предложены научные сведения, которые можно использовать при изучении 
конкретных тем по физике. 
Summary 
This article presents the opportunity of «ICT» in the educational process and to the poor use of the physics 
courses  materials  reflecting  scientific  advances  and  discoveries  within  the  province  Physics  and  Astronomy.  As  a 
matter filling this problem we gaps scientific concepts which we can use by studied the concrete theme by Physics. 
 

267 
 
Білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  оқу  –  тәрбие  ҥрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен 
сапасын  жоғарылатуды,  оқытудың  әдіс  -  тәсілдері    мен  әр  тҥрлі  қҧралдарын  қолданудың  тиімділігін 
арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жҥзеге асыруда ақпараттық- технологияларды қолдану  әдісінің 
маңызы  ӛзінің  ықпалын  тигізеді.  Оқу  ҥдерісінде  ақпараттық-технологияларды  қолдану  білім 
алушылардың белсендігін жоғарлатумен қатар ақпараттық қҧзыреттілігін қалыптастырады және білім 
сапасын артырудың тиімді әдістерінің  бірі болып табылады.  
Елбасымыз «Қазіргі таңда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа 
сай  мҥдделі  жаңа  білім  беру  ӛте  қажет»  деп  атап  кӛрсеткеніндей  жас  ҧрпаққа  білім  беру  жҥйесінде 
ақпараттық  технологиялық  әдістер  мен  қондырғыларды  кең  кӛлемде  қолдану  маңызды.  Осыған  сай 
ақпараттық  технологиямен  компьютерлік  желілерді  пайдалану  арқылы  жҥргізілетін  оқытудың  жаңа 
формаларының  ауқымы  кеңейіп  келеді  және  бҧл  әрбір  білім  алушының  білім  алу  ҥдерісінде 
шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мҥмкіндіктер береді.  
Қазiргi  ақпараттық  технология  қҧралдары  материалдарды  әр  тҥрлi  формада  (кӛрме,  графика, 
дыбыс,  анимация,  видео)  пайдалануға  мҥмкiндiк  бередi.  Бҧл  қҧралдар  білім  алушының  танымды 
әрекетін жандандыруға себін тигізіп, оқытудың жалпы тиімділігін арттырады. 
 Физиканы оқып ҥйренуде кӛбінесе  қҧбылыстардың туатын салдары мен нәтижелерін бақылауға 
тура келеді. Кӛптеген қҧбылыстарды және олардың техникалық қолданылуларын қаз қалпында кӛрсету 
осы  оқытудың  ақпараттық  технологияларын  пайдалануды  қажет  етеді.  Әсіресе    физика  сабағында 
бейнефильм  білім  алушылардың    ғылыми-техникалық  мәліметтерді  пайдалану  мҥмкіндіктерін 
анағҧрлым кеңейтеді, сезімдік қабылдаудың әсерлігін кҥшейтеді. 
Кӛзі ашық, кӛкірегі ояу кез келген азамат мҧның негізі физикада жатқанын жақсы біледі. Демек, 
физика ғылымы адамзат қоғамының ӛсіп, ӛркендеуіне, биік әлеуметтік деңгейге кӛтерілуіне салмақты 
ҥлес  қосты  деуге  болады.  Бірақ,  бҧдан  ғылым  ӛзінің  бар  жаңалығын  ашып,  «асарын  асап,  жасарын 
жасап»  қойған  деген  ҧғым  тумауы  керек.  Физикада  шешілмеген  тҥйіндер,  ашылмаған  сырлар  кӛп. 
Сондықтан да ғылымды дамытатын батыл және талапты, ізденіске қҧштар, алдына мақсат қойып, соған 
жете білетін жас толқын ӛсіп келуі қажет.  
Ғылым  дегеніміз  не?  Ғылым  білімдер  алуға  бағытталған,  білімнің  жинақылығы  мен 
тҧтастығынан  кӛрінетін  адамның  шығармашылық  қызметі  және  сол  қызметтің  нәтижесі.  Ол  бір 
жағынан  алғанда  білімдердің,  теориялық  қағидалар  мен  әдістердің  жҥйесі,  сонымен  бірге  қоғамдық 
сананың  формасы,  қоғамдық  дамудың  рухани  жемісі,  қоғам  дамуын  басқару  қҧралы,  ӛндіргіш  кҥш, 
кҥрделі информациялық жҥйе. Әр тҥрлі салалардың мамандары ғылымға әр тҥрлі анықтамалар береді 
және  олардың  ешқайсысын  да  теріске  шығаруға  болмайды.  Әр  тҥрлі  анықтамаларды  қорыта  келіп, 
ғылымның  жалпы  анықтамасын  беретін  болсақ,  ғылым  –  табиғат,  қоғам  және  адам  туралы  білімдер 
ӛндіруге бағытталган зерттеу қызметі, саласы. Ғылым - табиғат дҥниесі мен коғамның заңдары туралы 
білім жҥйесі ретінде кӛрініс береді. Ғылым біртҧтас бола тҧра жеке ғылымдар деп аталатын бірқатар 
білім салаларына жіктеледі. Соның бірі - физика. Физикалық білім негіздерімен адам мектептен бастап 
танысады. 
Бҥкіл  адамзат  қоғамның  ХХІ  ғасырдағы  алғы  шебіне,  яғни  ғылыми-техникалық  прогресc  пен 
ӛркениеттің  даму  дәуіріне  бет  бҧру  кезеңіндегі  ӛндірісті  технологияландырудың  жоғары  деңгейі 
физика пәнін оқытуға және оның мазмҧнына жаңа талаптар қойып отыр.  
Қазіргі  таңда  адамзаттың  физика  саласындағы  жеткен  жетістіктері  мен  ашқан  жаңалықтарын 
физиканы  оқыту  ҥдерісінде  пайдалану  мәселесі  әдістемелік  тҧрғыдан  шешілмеген  мәселе  болып  тҧр. 
Кӛптеген  мектептерде  оқулықта  берілген  материалды  пайдаланумен  шектелу  байқалады.  Ал  бҥгінгі 
заман талабы - табиғат және қоғамдық ӛмір қҧбылыстарын тереңірек тҥсіне алатын, ақпаратпен саналы 
тҥрде жҧмыс жасай алатын жан-жақты дамыған және ой-ӛрісі кең азаматты тәрбиелеу.    
Физика  пәнін  оқытуда  осы  салалардағы  ғылым  жетістіктерін  оқу  ҥдерісіне  пайдалануға 
әдістемелік  ҧсыныстар  жасау  мақсатында,  мектеп  оқулықтарында  кездесетін  ХХ-ХХІ  ғ.  ғылым 
жетістіктері  қандай  дәрежеде  берілгендігін  анықтаумен,  физика  және  астрономия  ғылымдарының 
жаңалықтары туралы материалдарды жинақтаумен айналыстық. 
Оқушылар  арасында  жҥргізілген  сауалнамалар  нәтижесінде  оларды  физикалық  және 
астрономиялық  жетістіктер  мен  жаңалықтар  қызықтыратындығы  және  физика  сабақтарында  ғылыми 
мәліметтер  аз  берілетіндігі  анықталды.  Қазіргі  кезде  физика  және  астрономия  ғылымдарының  
жаңалықтары  туралы  материалдарды,  біздің  мәліметтеріміз  бойынша,    білімгерлердің  14% 
теледидардан, 28% газет-журналдардан, 57% интернеттен хабардар болатындығы  анықталды. 
Оқулықтарда кӛбіне физикалық білім элементтеріне  мән берілетіні тҥсінікті. Оларға – ғылыми 
фактілер,  физикалық  тҥсініктер,  заңдар,  теориялар  жатады.  Сонымен  қатар,  негізгі  оқу  материалын 
бере  отырып,  ғылым  саласынан  келтірілген  мәліметтер  білім  алушыларды  қызықтыратыны  сӛзсіз. 
Сондықтан,  біз  физика  және  астрономия  ғылымдарының  кейінгі  жылдардағы  жетістіктері  мен 

268 
 
жаңалықтарын  жинақтап,  оқыту  процесіне  ыңғайлап,  физика  курсының  бӛлімдеріне  сәйкес  жасауға 
тырыстық. Бҧл жерде ғылыми мәліметтердің кейбір мысалдарын келтірейік.   
Механика:  Қанатты парашюттер 
Әуе  кемесін  жасаушылар  туындыларын  парашютпен  бас  қатырып  жатқанда  Альбан  Гайслер 
деген  немістің  ӛнертапқышы  парашютистер  ҥшін  қанат  жасауды  қолға  алды.  Кӛміртекті  талшық 
негізінде  жасалған  дельта  тәріздес  қанат  парашютистің  арқасына  ілінеді.  Осындай  амалмен  еркін 
тҥсуді  ҥш  есеге  дейін  азайтуға  болады  екен.  Біраз  жаттығу-машықтану  жҧмыстарынан  кейін  онымен 
маневр жасауға да болатын кӛрінеді. Жерге жақындаған бойда спортшы парашютін ашады.  
Молекулалық физика: «Сҧйық» бронежилет 
Америкалық Armor Holding компаниясы костюм ҥшін оқ ӛткізбейтін, сынықтардан және пышақ 
жарақаттарынан  қорғайтын  cҧйық  зат  жасап  шығарды.  Бронежилет  полиэтиленгоиколь  деп  аталатын 
белгілі  және  оңай  қол  жететін  полимерден  жасалған,  сондай-ақ  кварц  нанобӛлшектері  немесе 
тазартылған қҧмның қоспасы жағылған 20-30 қабаттан тҧратын жасанды матадан істелінген. Олардың 
бәрі бірге қатты соққы кезінде лезде қатып, кейін ӛзінің қайта қалпына келетін сҧйықтықты қҧрайды. 
«Сҧйық  бронь»  матаны  клей  сияқты  нығайтады.  Сондықтан  соққыны  ӛте  жақсы  ҧстайды.  Armor 
Holding компаниясы «сҧйық» бронежилеттерді әскери қызметкерлерге сатуды кӛздеуде.  
Электродинамика: Тҧманды Альбиондағы кҥн кемесі 
Лондонда орналасқан Гайд саябағындағы Серпантин кӛлінде кҥн батареясымен жҧмыс жасайтын 
кеме жҥзе бастады. Бҧл кеме «Кҥн толқыны» (Solar Shuttle) деп аталады. Оның шатырында екі электр 
қозғалтқышын қоректендіретін 27 панель орналасқан. Кеменің ҧзындығы 14,5 м, бортына 42 жолаушы 
орналасады  және  жылдамдығын  11  км/сағ-қа  дейін  ҧлғайта  алады.  Кеме  қозғалғанда  ешқандай  шу 
шығармайды және лондондықтардың сҥйікті демалыс орындарына экологиялық шығын келтірмейді.  
Ӛте жҧқа ӛткізгіш сым.  
Гарвард  университетінде  диаметрі  10  нм-ге  жететін  жҧқа  ӛткізгіш  сымдар  жасалды.  Ӛткізгіш 
сымдар  барлығы  20  қатар  атомдардан  тҧрады.  Мҧндай  ӛткізгіш  сымдар  молибден  және  германий 
атомдары  жағылған  қалыңдығы  1  нм  болатын  кӛміртегі  нанотҥтікшесі  кӛмегімен  алынған.  Осындай 
ӛткізгіш сымдар микроэлектроникада, микроэлектродтарда қолданылуы мҥмкін.  
Оптика: Оптоэлектродық тҥрлендіргіштің жаңа тҥрі 
Америкалық ғалымдар талшықты-оптикалық сызықты байланыс ҥшін информацияны секундына 
100  Гбайт  ӛткізуге  мҥмкіндігі  бар  оптикалық  сигналдарды  электр  сигналдарына  тҥрлендіретін 
қондырғы  ойлап  тапты.  Бҧл  жылдам  тҥрлендіргіштер  немесе  модуляторлар  сызықты  байланыста 
информация  ағынының  бағытын  анықтайтын  аппаратты  жетілдіруге  қажет.  Жаңа  оптоэлектронды 
модуляторларда кемістіктер жоқ. Олар ҥлкен кернеуді талап етпейді, жоғары дәрежелі ӛту жолағымен 
қамтамасыз  етілген  және  ысып  кетпейді.  Мҧндай  нәтижеге  органикалық  заттардың  хромофор 
молекулаларынан тҧратын полимерлі жарық ӛткізгішті пайдалану арқылы қол жеткізілді. 
Кванттық физика: Наноқайшы  жасалды 
Токио  университетінің  ғалымдары  молекулалармен  жҧмыс  жасауға  арналған  ҧзындығы  ҥш 
нанометр болатын микроскопиялық қайшы жасады. 
Кәдімгі  қайшы  сияқты  бҧл  наноқҧрал  алмас,  қолсап  және  орталық  стержіннен  тҧрады.  Алмас–
финель  тобындағы  кӛміртегі  және  сутегіден  тҧратын  сақина.  Орталық  стержін  рӛлін  алмастың 
айналасында қозғалатын хиральді ферроценнің молекуласы ойнайды. Қолсап ретінде жарықты сезетін 
азобензол молкулалары бір-бірімен байланысқан фенилен тобы қолданылды. 
Микроскопиялық қайшы мынадай тҥрде жҧмыс істейді. Ультрафиолетті жарықпен наноқҧралды 
сәулелендірген  кезде  азобензол  молекуласы  сығылады,  нәтижесінде  қолсап  және  алмас  қозғалысқа 
тҥседі. Қайшыны  табу  ҥшін  азобензол молекуласын кӛрінетін  жарық  қозғалысымен қатар  алып  жҥру 
керек. Бҧл қҧрал молекуланы кесе алмайды, тек пинцет қызметін атқарады.  
Астрономия:Уранның айналасынан тағы екі сақина табылды 
«Хаббл» ғарыштық телескопы Уранның айналасынан екі сақина тапты: планетаның ҥстінен бірі 
135000  км,  ал  екіншісі  195000  км  қашықтықта  орналасқан.  Сатурндікі  сияқты  Уранның  сыртқы 
сақинасы  кӛгілдір,  кӛк  тҥс  беретін  майда  бӛлшектерден  тҧрады,  ал  ішкі  сақина  қызыл  тҥсті, 
қиыршықтардан қҧралған.   
Сонымен, ғылыми жетістіктер туралы мәліметтерді және ақпараттық - технологияларды  оқыту 
ҥдерісінде  шебер  пайдалану  физика  пәніне  қызығушылықты  жоғарылатады,  білім  алушылардың 
ынтасын арттырады, физикалық білімдерді меңгеруге кететін уакытты едәуір қысқартады және ӛмірлік 
тәжірибеде  ғылыми  зерттеу  нәтижелері  кеңінен  қолданылатынына  кӛз  жеткізеді,  білімгерлердің 
бейімделуіне және мамандық таңдауына ықпалын тигізеді.                                                                                                                                                                                                                                                                  
      

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет