Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет44/48
Дата21.02.2017
өлшемі5,54 Mb.
#4619
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

 
 

269 
 
Әдебиеттер 
1.
 
Қазақстан республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. 
Жалпы орта білім. –Алматы: РОНД, 2002. -360 бет. 
2.
 
    Мощанский В.Н. Формирование мировоззрения учащихся при изучении физики. –М.: 
Просвещение,1989. -286 с. 
3.
 
   Асқарова Ә.С. Арбадан атомға дейін. //Зерде -2001. -№7. -2 бет. 
4.
 
   На важнейших направлениях научно-технического прогресса. Наука в новом столетии //Физика в    
   школе. -2001. -№1. 4-9 с.  
5.
 
   Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие /    
6.
 
   Под. ред. Е.С.Полат.- М.,2002.- С. 271-275 
7.
 
    
www.physica
 
8.
 
    
http://elementy.ru
 
 
 
ҚҦЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ- БОЛАШАҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛЫНДАҒЫ БАСПАЛДАҚТЫҢ 
БІР САТЫСЫ 
 
Таджиев Мурат  Абдиганиевич 
№10 Қарабҧлақ жалпы орта мектебі,  Сайрам ауданы 
 
 Қазақстан  Республикасының  он  екі  жылдық  орта  білімнің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 
беру стандартында Қҧзыреттілік_–_әрекеттің_әмбебап_тәсілдерін_оқушы_игеруі_арқылы_кӛрінетін_білім_беру_нәтижесі»'>«Қҧзыреттілік – әрекеттің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі арқылы кӛрінетін 
білім  беру  нәтижесі»  деп  кӛрсетілген.  Педагогика  ғылымындағы  қҧзырет,  қҧзыреттілік  ҧғымдары 
адамның  жеке  және  қоғам  талаптарын  қанағаттандыру  мақсатындағы  табысты  іс-әрекетіне  қажетті 
білім  дайындығына  әлеуметтік  сҧраныс  дегенді  білдіреді.  Қҧзыреттілік  –  сәйкес  қҧзыретке  ие  болу 
негізінде іс-әрекетті жҥзеге асыру қабілеті арқылы байқалатын тҧлғалық қасиет.Қҧзырлылық – адам 
болмысының  сапалық  белгісі.  әр  адамның  сапалылық  белгісі  мен  қоғамның  әл  ауқаты 
қалыптасады.Мектеп тҥлегінің негізгі қҧзырылылығы қҧндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, 
оқу-танымдық,  комуникативтік  ақпарттық-технологиялық,  әлеуметтік-еңбек  және  тҧлғаның 
ӛзін-ӛзі дамыту қҧзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да белгіленген.Мҧғалім - ӛзінің білімін 
ҥздіксіз  кӛтеріп  отырғанда  ғана  мҧғалім,  ал  оқуды,  ізденуді  тоқтатқанмен  оның  мҧғалімдігі  де 
жойылады.К.Д.Ушинский. 
 Білім  беру  жҥйесі  -  сабақтастығы  бар  білім  беру  бағдарламалары  мен  әр  тҥрлі  деңгей  мен 
бағыттағы  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  жҥйесінің,  оларды  әртҥрлі  ҧйымдастыру  қҧқықтық 
формадағы, типтегі және тҥрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге 
білім  беруді  басқару  органдары  жҥйесінің  жиыны.Орыс  педагогі  К.Д.Ушинский  айтқандай,  қазіргі 
заман талабына сай, әр мҧғалім, ӛз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гӛрі, жаңа талапқа 
сай инновациялық технологияларды ӛз сабақтарында кҥнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, 
қонымды,  тиімді  болары  сӛзсіз.  Бҧл  жӛнінде  Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-
бабында  «Білім  беру  жҥйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу, 
білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап 
кӛрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта ӛркениетті дамыған елдердің 
қатарына  ену  ҥшін  заман  талабына  сай  білім  қажет.  Қазақстанды  дамыған  50  елдің  қатарына 
жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жҥйесінің алдында 
оқыту  ҥрдісінің  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың  әртҥрлі  технологиялары 
сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп ӛміріне енуде.Қазіргі білім беру 
жҥйесінің  мақсаты  -  бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау.  Мектеп  –  ҥйрететін  орта,  оның  жҥрегі  - 
мҧғалім.  Ізденімпаз  мҧғалімнің  шығармашылығындағы  ерекше  тҧс  -  оның  сабақты  тҥрлендіріп, 
тҧлғаның жҥрегіне жол таба білуі. Ҧстаз атана білу, оны қадір тҧту, қастерлеу, арындай таза ҧстау - әр 
мҧғалімнің борышы. Ол ӛз кәсібін, ӛз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сҥйетін адам.Ӛзгермелі 
қоғамдағы жаңа формация мҧғалімі – педагогикалық қҧралдардың барлығын меңгерген, тҧрақты ӛзін-
ӛзі  жетілдіруге  талпынған,  рухани  дамыған,  толысқан  шығармашыл  тҧлға  қҧзыреті.Жаңа  формация 
мҧғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мҧғалімге қойылатын 
талаптар :  бәсекеге  қабілеттілігі,  білім  беру  сапасының  жоғары  болуы,  кәсіби  шеберлігі,  әдістемелік 
жҧмыстағы  шеберлігі.Осы  айтылғандарды  жинақтай  келіп,  жаңа  формация  мҧғалімі-  рефлекцияға 
қабілетті,  ӛзін-ӛзі жҥзеге  асыруға  талпынған әдіснамалық  , зерттеушілік,  дидактикалық  -  әдістемелік, 
әлеуметтік  тҧлғалы,коммуникативтілік,  ақпараттық  және  тағы  басқа  қҧдыреттіліктердің  жоғары 
деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл 
тҧлға.Француз қайраткері «Адамға оқып – ҥйрену ӛмірде болу, ӛмір сҥру ҥшін қажет» дегендей оқыту 

270 
 
процесін  технологияландыру,  осыған  сәйкес  оқу  бағдармаларын  жасау,  ғалымдар  мен  жаңашыл 
педагогтардың  еңбектерімен  танысу  жҧмыстары  мҧғалімдердің  ҥздіксіз  ізденісін  айқындайды.  Жаңа 
педагогикалық  технологиялардың  негізгі  мәні  пассивті  оқыту  тҥрінен  активті  оқытуға  кӛшу  оқу 
танымын  ҧйымдастырудағы  бастамашылдығына  жағдай  туғызу,  субьективтік  позицияны 
қалыптастыру.Білім  сапасын  арттыру  және  нәтижеге  бағытталған  ҥлгіге  беталуы  барысында 
мҧғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу 
біліктері  мен  дағдылары  нәтижесінде  проблеманың  шешімін  таба  алатын,  ақпараттық  – 
коммуникативті  мәдениеті  жоғары  тҧлғалық  -  дамытушылық  функцияны  атқарады.  Қазіргі  заман 
адамның осы қҧзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету 
ғана емес, іске асырылу мҥмкіндігін « ҥнемі оқып – ҥйрену және ӛзін-ӛзі жасау талабын қалыптастыра 
алады.Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі 
білім кӛрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жҥйесінің тартымдылығын арттыру ҥшін, 
ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бҥкіл қызметі бойына мансаптық ӛсуі, 
оқытылуы  және  кәсіби  біліктілігін  дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-  ақ  педагогтердің  еңбегін 
мемлекеттік  қолдау  мен  ынталандыруды  арттыру  мәселелеріне  ҥлкен  мән  берілген.  Осыған 
байланысты  қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  жҥйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы  саясаттар, 
ӛзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір  педагог  қауымының  ойлауына,  ӛткені  мен  бҥгіні,  келешегі  мен 
болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жҥйелермен жҧмыс жасауына негіз болары анық. 
Олай болса, білімнің сапалы да саналы тҥрде берілуі білім беру жҥйесіндегі педагогтердің, зиялылар 
қауымының деңгейіне байланысты. Дәстҥрлі білім беру жҥйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби 
білім беретін оқу орындарының басты мақсаты  – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік 
білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тҧлға дайындау ҥшін адамның қҧзырлылық қабілетіне 
сҥйену  арқылы  нәтижеге  бағдарланған  білім  беру  жҥйесін  ҧсыну  –  қазіргі  таңда  негізгі  ӛзекті 
мәселелердің  бірі.  Тҧлға  қҧзырылылығын  қалыптастыруға  тиісті  қҧзыреттіліктерді  жҥзеге  асыруда 
оқушының  жеке  даралық  ерекшеліктеріне  айрықша  мән  бере  отырып,  білімді  баланың  еркін  игеруді 
жҥзеге  асыру  мҧғалімдерден  тиімді  әдіс-тәсілдерді  жетілдіре  отырып,  тың  әдістемелік  негіздерді 
қалыптастыруды  қажет  етеді.  Бәсекеге  қабілетті,  ӛзгерістерге  бейім  жеке  тҧлға  тәрбиелеу  ізденіске 
толы  шығармашылық  жҧмыстардың  нәтижесінде  ғана  мҥмкін  екендігі  белгілі.Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  мемлекеттік  саясат  негізінде  ең  алғаш  рет  әр  баланың 
қабілетіне  қарай  интеллектуалдық  дамуы  жеке  адамның  дарындылығын  таныту  сияқты  ӛзекті 
мәселелер  енгізіліп  отырғаны  белгілі.  ХХI  ғасыр  -  бәсеке  ғасыры,  бҧл  бәсеке  енжарлықты, 
керітартпалықты  кӛтермейді.  Еліміз  егемендігін  алып,  ӛзін  бҥкіл  әлемге  мойындата  бастаған  осы 
кезеңде  біздің  қоғам  дарынды,  қабілетті,  жан-жақты  жетілген  адамдарды  қажет  етеді.  Сондықтан  да 
еліміздің білім берудегі ҧлттық жҥйесі ӛте қарқынды ӛзгерістер сатысында тҧр. Бҥгінгі таңдағы негізгі 
мақсат - ҧлттық қҧндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, ӛзіндік жеке кӛзқарасы қалыптасқан 
тҧлға тәрбиелеу. Ол ҥшін оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа ҥйрету және білімді ӛз 
бетінше  алуы  мен  қолдана  білетін  дарын  иесін  тәрбиелеу  керек.Жас  жеткіншектердің  бойындағы 
ерекше  қабілеттілікті,  дарындылықты  тани  білу,  оның  одан  әрі  дамуына  бағыт-бағдар  беру,  оны  сол 
бағытта  жетелеу  -  ҧстаз  парызы.  Ҧлы  ойшыл  Плутарх  кезінде:  «Кӛптеген  табиғи  талант  дарынсыз 
ҧстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ҧстаз бҧған жол бермеуі керек», - деген екен. 
ХХI ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын 
айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру - 
әрбір ҧстаздың міндеті. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда 
білім  беру  мәселесі  мемлекетіміздің  басты  назарында.  Осы  тҧрғыда  мҧғалімге  білім  берудің  тиімді 
жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.Ал, педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, 
қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен ӛрістете дамытуға 
тек  мектеп  қана  мақсатты  тҥрде  ықпал  ете  алады.  Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуда  әр  тҥрлі  әдіс  -  тәсілдерді  қолдануға  болады.Мҧғалім  сабақта  әдіс  -  тісілдерді  пайдалана 
отырып,  балалардың  ҧсыныс  -  пікірлерін  еркін  айтқызып,  ойларын  ҧштауға  және  ӛздеріне  деген 
сенімін  арттыруға  мҥмкіндік  туғызып  отыру  қажет.  Әдіс  –  тәсілдер  арқылы  ӛткізген  әрбір  сабақ 
оқушылардың  ойлануына  және  қиялына  негізделіп  келеді,  баланың  тереңде  жатқан  ойын  дамытып 
оларды  сӛйлетуге  ҥйретеді.  Тҥрлі  әдістемелік  тәсілдер  пайдалану  арқылы  қабілеті  әртҥрлі  балардың 
ортасынан  қабілеті  жоғары  баланы  іздеп,  онымен  жҧмыс  жасау,  оны  жан  -  жақты  тануды  ойлап, 
оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мҧғалімнің міндеті.Дарындылық - жалпы 
«дарындылық» феноменін алғаш зерттеуден бастап-ақ ғылымда екі бір-біріне қарама-қарсы «био» және 
«социо»  бағыттары  қалыптасқаны  аян.  Дарындылықтың  негізгі  басымды  қозғаушы  кҥші  тек  қана 
генетикалық  нышандар  болып  табылады  деген  пікір  Ф.  Гальтон,  Г.  Айзенк  еңбектерінда  айқын 
кӛрінген. Екінші бағытты ҧстанған ғалымдар негізгі фактор ретінде қоршаған ортаны қарастырған. Ал 

271 
 
қазіргі  таңда  А.Т.  Асмолов  негіздеген  ҧстаным  әлдеқайда  ӛміршең  екендігін  дәлелдеп  отыр.  Л.С. 
Выготскийдің теориясын негізге алған бҧл бағыт «дарындылықты» білімді ӛз бетінше игеру, ашу, жаңа 
жағдайда кӛшіре білу, мәселені мақсатты шешу, бір сӛзбен айтқанда, «интеллектуалды дарындылық» 
ретінде зерттейді. 
Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы 
дамуының жоғары сатысы», - деп атап кӛрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар кӛптеген жақсы 
жетістіктерге  жете  алады.  Дарындылық  –  сапалы  қабілеттердің  ӛзіндік  бірлесуі:  оның  арқасында  іс-
әрекет жақсарады.Кӛптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ҧғымды 
білдіреді.  Балалардың  келешегі  жӛнінде  ойланбайтын,  балалардың  қабілетті,  дарынды,  талантты 
болып, болашақ қызметтерінде ҥлкен жетістіктерге жетуін армандайтын ата-аналарды табу ӛте қиын. 
Бірақ  сӛйте  тҧра  солардың  барлығы  бірдей  қабілет  деген  не,  оны  қалай  дамытуға  болады  және  бҧл 
жҧмыста жанҧя қандай міндет атқару керек дегенді біле бермейді. Қабілеттілік туа бола ма, жоқ әлде 
жҥре бола ма? Олар тҧқым қуалай ма, жоқ па? Қабілеттілік барлық балада бірдей дамыту мҥмкін бе? 
Оған  қалай  жетуге  болады?  «Қабілеттілік  деп  –  белгілі  бір  іс-әрекетте  ең  тәуір  нәтижеге  жетуге 
мҥмкіндік  беретін  адамның  жеке-дара  психологиялық  ерекшеліктері  айтылады».  Қабілеттілік  жалпы 
ақыл қабілетті және арнайы қабілет болып бӛлінеді. Жалпы қабілет негізінен ойлауға қатысты болып 
келіп, оның аңғарғыштық, ойланғыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т.б. қасиеттерінен кӛрініп 
отырады.  Жалпы  қабілет  адамның  ӛзін  ой-әрекеттерінің  тҥрлі  салаларынан  кӛрсете  білуге  мҥмкіндік 
жасайды.Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, физика, биология, әдебиет сабақтарын бірдей 
жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы тҥрлі еңбек тапсырмаларын да 
сәтті  орындап  отырады.  Оқушыны  дамытуда  ежелгі  замандардан  бері  математиканың  алар  орны 
ерекше.  Математиканың  ғылым  мен  техниканың  қарқынды  дамуына  қосар  ҥлесі  аз  болған  жоқ. 
Математика  –  барлық  ғылымдардың  логикалық  негізі,  демек,  математика  -  оқушының  дҧрыс  ойлау 
мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай тҥседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды 
дҧрыс  қабылдауға  кӛмек  береді.  Математика  сабағында  оқытудың  әр  тҥрлі  әдіс-тәсілдерін  қолдана 
отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, ӛз бетінше жҧмыс істеу белсенділіктерін арттыру 
барысында  теориялық  білімдерін  кеңейтіп,  логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамытуға  болады. 
Оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытуда,  математиканың  негізін  қалыптастыру,  ҧғындыру, 
тҥсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып мҧғалімдерінің математикалық білімдері терең болуы керек. 
Математика  пәнін  жақсы,  терең  білетін,  кҥнделікті  сабақтағы  тақырыпты  толық  қамтитын,  оны 
оқушыға жеткізе алатын, әр тҥрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстҥрлі және 
ғылыми  жетілдірілген  әдіс  –  амалдарын,  қҧралдарын  еркін  меңгеретін  ,  оқушылардың  пәнге 
қызығушылығын  арттыра  отырып  дарындылығын  дамутудағы  іздену-зерттеу  бағытындағы 
тапсырмалар  жҥйесін  ҧсыну  ӛмір  талабы.  Қазіргі  кезде  дарынды  балалардың  ерекшеліктері  мен 
бейімділігін және мінез-қҧлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың 
кітабында  дәл  осындай  бес  тізім  бар.  Олар  баланың  ойлау,  шығармашылық  қабілеттерін  және  ӛнер 
саласындағы (ән, би, драма т.б) қабілетін сипаттайды.―Дарындылық — адамның ӛз бейімділігі арқылы, 
шығармашылықпен  жҧмыс  істеу  арқылы  қалыптасатын  қасиет‖.  Әр  баланың  бойында  табиғат  берер 
ерекше  қабілеті,  дарындылығы  болады.  «Бҧлақ  кӛрсең  кӛзін  аш»  -  дегендей,  осындай  баланың 
бойындағы  дарындылық  қасиетін  дамыту  кӛбіне  мҧғалімдердің  кәсіби  біліктілігіне  байланысты 
екендігі  айдан  анық.  Жаңа  «субъект-субъект»  оқыту  парадигмасымен  жҧмыс  жасау,  әр  баланың 
бойындағы  дарындылық  қасиеттерін  анықтап,  дамыту,  мектепте  ӛз  дәрежесінде  жҥргізілуі 
керек.Дарындылық 
пен 
қабілеттіліктің 
не 
екенін,оқушы 
дарындылығын 
анықтайтын 
психодиагностикалық  әдістемелердің  тиімділігін,  нәтижелілігін  білетін  мҧғалім  ғана  дарынды 
оқушымен  нәтижелі  жҧмыс  істей  алады.Дарынды  оқушымен  жҧмыстың  негізгі  мақсаты  —  олардың 
шығармашылық жҧмыста ӛзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- 
оқу  бағдарламасын  тереңдетіп  оқыту  және  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  дамыту  арқылы 
жҥзеге  асады.  Дарындылықты  қалыптастыруға  болады.  Ой  еңбегiмен  жиi  шҧғылдансаң, 
данышпандықтың  да  ауылы  алыс  емес.Егеменді  елімізді  дҥние  жҥзі  елдерімен  терезесі  тең  болатын 
дәрежеде  ӛркендететін,  негізгі  тҧтқасын  ҧстайтын,  дҥние  әлемін  шарлайтын  біздің  дарынды  да 
қабілетті ҧландарымыз екенін ҧмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ҧстаз, ата-
ана  және  қоғам  қауымының  міндеті.Жеке  тҧлғаны  ӛздігінен  білім  алуға  баулу  –  оны  ғылым  мен 
мәдениетке  ҥйрету,  білім,  қарым-қатынас  ережелерін,  әлеуметтік  тәжірибені  меңгерту.  Бҧл  аталған 
мiндеттердi  iске  асыру  ҥшiн  тілдік  тҧлғаның  қҧндылық  бағдарын  қалыптастыру  маңызды.  Жеке 
тҧлғаның қҧндылық бағдарын қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тҧлғаның қҧндылық 
бағдары  ҧлттық  сана,  отансҥйгіштік  қасиеттерінсіз  іске  аспайды.  Қҧндылық  бағдар  дегенiмiз  -  бҧл 
қазiргi уақытта жеке тҧлғаның қҧндылыққа бағдарланған ой-санасы, пікірі, кӛзқарасы, сенімі, iскерлiгi, 
iшкi  мҥмкiндiгi.  Қҧндылық  бағдар  тіл  ҥйренушінің  оқу-танымдық  әрекетiне  тҥрткi  болып,  тіл 
ҥйренуіне  ықпал  етедi,  ол  оқу  әрекетінiң  қҧрамдас  бӛлiктерiне  тiкелей  байланысты,  мақсаттың 

272 
 
орындалуын  анықтайды.  Қҧндылық  бағдар  –  жеке  тҧлғаның  белгiлi  бір  әлеуметтiк  қҧндылықтарды 
мақсат  етiп  ҧстауы,  адамның  қоршаған  ортаға,  қҧндылықтар  тобына  деген  карым–қатынасы.  Жеке 
тҧлғаның  таңдаулары  қҧндылық  бағдарлар  жҥйесiне  бiрiгедi.Адамның  даму  ҥдерісі  бҥкіл  ӛмір  бойы 
тоқталмайды.  Тҧлғаның  қҧндылық  бағдар  жҥйесi  «адамның  ӛмiрлiк  әлемi»,  «әлемнiң  бейнесi», 
әлеуметтiк  ортаның  iшкi  нҧсқаулары,  нормалары,  уәждемелік  қажеттiлiк  ӛрiсi,  адам  белсендiлiгiнiң 
негiзгi  реттеушiсi  болып  табылады.  Қҧндылық  бағдар  сананың  негізін  қҧрайды,  дҥниетанымдық 
кӛзқарастарына  әсер  етеді,  ӛзгермелі  саяси-экономикалық  жағдайларда  тҧлғаның  тҧрақтылығын 
қамтамасыз  етеді,  уәждемені  реттейді,  тҧлғаның  іс-әрекетін  бағыттап,  адам  ӛмірінің  мінез-қҧлықтық 
қҧрамдас бӛлігін анықтайды. Осылайша, қҧндылық бағдар негіз қҧраушы, тҧрақтандырушы, реттеуші, 
бағыттаушы қызметтер атқарады. Қҧндылықтар қоғамдық қатынастарды реттейді, оның дәстҥрлері мен 
нормаларының  қызмет  етуін  қамтамасыз  етеді,  қоғам  ҥшін  аса  ҥлкен  маңызға  ие.  Қҧндылықтар 
қҧрамына  кҥнделікті  қалыптасқан  нормалармен  бірге,  ерекше  жоғары  мәнге  ие  болған  талаптар  да 
енеді және олар әрбір мемлекет ҥшін маңызды. Олардың негізінде жеке тҧлғаның әлеуметтену ҥдерісі 
жҥреді,  оның  тәлім-тәрбиесі,  ӛмірдегі  орны,  мақсаттары  мен  міндеттері  қалыптасады.  Себебі, 
қҧндылықтар  әлемі  –  сӛздің  кең  мағнасында  мәдениет  әлемі,  адамның  рухани  әрекетінің  саласы, 
тҧлғаның рухани байлық ӛлшемін білдіріп, оның адамгершілік санасын, басымдылықтарын анықтайды. 
Қҧндылықтар адам болмысының әр тҥрлі формаларына деген қатынасын білдіретін адамзат мәдениеті 
болуымен ерекшеленеді. 
Болашақтың  бәсекесіне  қабілетті  XXI  ғасыр  шәкіртін  тәрбиелеу  білім  беру  саласының  еш 
назарынан тыс  қалған емес.  Соған сай  ҧстаз  -  ізденімпаз  ғалым, нәзік  психолог,  тынымсыз  еңбеккер, 
ортаның  ҧйтқысы,  жан-жақты  шебер,  терең  қазыналы  білімпаз,  гуманист,  белсенді  патриот  болғанда 
ғана  қоғамның мықты да білікті,  жоғарғы мәдениетті,  жан-жақты  дамыған, шығармашылығы жоғары 
жеке тҧлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін. 
Әр ҧстаз – ХХІ ғасыр мҧғаліміне сай болу ҥшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты 
шебер, тынымсыз еңбекӛор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ҧйытқысы болу керек. 
 
Әдебиеттер 
1.
 
А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988. 
2.
 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б 
3.
 
Б.А. Тҧрғынбаева. Мҧғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында 
дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет 
4.
 
Әдістемелік журналдар. 
 
 
УДК 372.8:78 
ББК 74.266.7 
 
Ш. ҚҦЛМАНОВАНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ҚҦРАСТЫРЫЛҒАН МУЗЫКА САБАҒЫНА 
АРАНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША САБАҚ ӚТКІЗУ БАРЫСЫНДА МУЗЫКА 
ТЫҢДАТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
 
Танкешова Ф.С., Н.Т.Фаттахова 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Казахстан 
 
Резюме 
В данной статье аторы раскрывают способы и методы  восприятия музыкальных произведений на уроках 
музыки в современной общеобразовательной школе по программе Ш.Кулмановой. 
 
Summary 
In this article the author devoted to the of Sh.Kulmanov's programm method in the lessons of music in modern 
secondry schools 
 
  Мектептегі    мақсатты бағытталған және жҥйелі қойылған музыкалық білім беру, тәрбиелеу 
жҧмыстары музыка сабағында іске асырылады.    
Жалпы  білім  беретін  мектептегі  музыка  сабағының  мақсаты:  оқушылардың  музыканы  тыңдау 
мәдениетін  қалыптастыру.  Себебі,  бҥгінгі  кҥннің  оқушысы,  болашақтағы  ӛзінің  қызығушылығы  мен 
талғамын  білдіретін  тыңдаушы.  Инновациялық  технологиялардың,  ғылыми  техникалық  прогрестің, 
оқытудың  жаңа  әдістерінің,  ақпараттық  технологиялардың  дамуына  байланысты,  музыка  сабағында 

273 
 
оқушыларға музыканы тыңдатудың мҥмкіндіктері кеңеюде.   Қазіргі кезде заман талабына сай музыка 
пәнін оқытуда, музыка пәнінің алдына кӛптеген талаптар қойылуда.                     
Мектептегі  музыкалық  білім  беруді  ҧйымдастырудың  негізгі  тҥрі—музыка  сабағы.  Музыка 
сабағының  қҧрамына  хормен  ән  айту,  музыканы  қабылдау,  музыкалық  сауат,  музыкалы-ырғақтық 
қимылдар,  балаларға  арналған  музыкалық  аспаптарда  шығармалар  орындау  сияқты  әр-тҥрлі  іс- 
әрекеттер  кіреді.  Осы  аталынған  іс-әрекеттерді  кҥнделікті  сабақ  жоспарына  тақырыптың  мазмҧнын 
ашу  барысында  музыка  мҧғалімі  іскерлікті,шеберлікті  қолдана  білсе,  ол  тәрбиелік,  білімділігін, 
дамытушылық міндеттерін іске асыра алады. 
 Музыканы тыңдап, қабылдауды дамыту-оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырады.  
Музыканы  қабылдауды  дамыту  оқушылардың  музыкалық  тәрбиесінің  негізгі  міндеті  және  ол 
музыкалық  іс-  әрекеттердің  барлық  тҥрлерінің  процесінде  жҥзеге  асырылады.  Мысалы:  әнді  ҥйрену 
ҥшін,  оны  алдымен  зейін  қойып  тындап  алу  керек;  әнді  орындауда  әуенінің  интонациясының 
тазалығына,  оның  мәнерлі  естілуіне  кӛңіл  бӛлу  керек;  аспаптарда  суйемелдей  отырып,  музыкаға 
байланысты  дене  қимылдарын  жасап,  оның  ӛзгеруін,  дамуын  байқап,  шығармаға  деген  ӛзінің 
қатынасын қимылдар арқылы жеткізуі керек.                   
 Музыканы  қабылдау-кҥрделі  процесс.  Оның  негізінде  тыңдау  қабілеті  жатыр,  музыканың 
мазмҧнын шынайылықтың кӛркемдік бейнесі ретінде қабылдау қажет.                                                           
Тыңдаушының  бойында  әр  тҥрлі  ойлар  мен  сезімдердің  пайда  болуы,  шығарманың  идеясын 
тҥсінуі,  оның  музыкалық  ойлау  қабілетінің  белсенділігіне,  жалпы  және  музыкалық  дамуының 
деңгейіне байланысты болады.                                                  
Музыка комплексті мәнерлеу тәсілдерімен әсер етеді. Оның қҧрамына  гармониялық қҧрылымы, 
дыбыстар, дыбыс бояуы, екпін, динамикалық кҥш белгілері, ӛлшем, ырғақ, штрихтар, осының барлығы 
шығарманың  негізгі  ойын,  кӛңіл-кҥйін  жеткізіп,  ӛмірдің  қҧбылыстарына  сәйкес  келіп,  адамды 
толғандырады.                                      
  Әрбір  музыканы  тыңдау  барысында  тыңдалатын  шығарманың  психологиялық  әсері  мен 
педагогикалық  тәрбиелік  маңызы,  философиялық  мәні,  оқушылардың  физиологиялық  жас 
ерекшеліктеріне  байланысты  қабылданатының  ескеру  керек.    Музыкалық  шығарма  әр  сынып 
оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне  сай  іріктелуі  керек.  1-2  сынып  оқушыларына  тыңдатылатын 
музыкалық  шығарма  шағын,  жеңіл  орындалатын,  ҧзақтығы  1-1,5  минуттан  аспауы  қажет.  3-4  сынып 
оқушыларына  тыңдалатын  музыканың  ҧзақтығы  3  минуттай  болуы  керек.          Оқушылардың  кӛңіл 
қойып  тыңдау  мҥмкіндігі  кеңейген  сайын  тыңдалатын  музыка  ҧзақтығы  да  кеңейе  тҥсетінің  ескеру 
қажет.        Бастауыш  сынып  оқушыларының  1-сыныбынан  бастап,  мағыналы,  кҥрделі  музыкалық 
шығармаларды тыңдатуға баулып, музыка тыңдату репертуарына вокалдық, аспаптық шығармаларды, 
халық шығармашылығын, классикалық және қазіргі заман музыкаларын енгізген дҧрыс.          
  Жалпы  білім  беретін  мектептегі  музыка  сабағына  арналған  Ш.Қҧлманованың  жетекшілігімен 
қҧрастырылған  бағдарламасына  енгізілген  қазақ  халық  әндері  мен  кҥйлері,  оқушылардың  ҧлттық 
музыка ӛнерімен кеңінен танысып, меңгерулеріне мол мҥмкіндік береді. Халқымыздың ғасырлар бойы 
туындап  ҧрпақтан  -  ҧрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  салт-  дәстҥрге,  әдет-  ғҧрыпқа,  тӛрт-  тҥлік  малға, 
тарихына  байланысты  шыққан  ән,  жыр,  терме,  толғау,  айтыс  эпостық  жырлар,  кҥй  ӛнерімен  танысу 
жҥйелі жоспарланып, сыныптан-сыныпқа дейін кҥрделеніп жҥргізіледі.                
Қазіргі  оқытылып  жатқан  музыка  сабағына  арналған  бағдарламаға  сәйкес  репертуарға  енген 
музыкалық  шығармалар,  әр  сынып  тақырыптарына  байланысты  оқушылардың  жас  ерекшеліктері 
ескеріліп  іріктелген.  Мысалы:«Сырлы  да  сазды  әуен»  тақырыбында  тыңдауға  ҧсынылған 
шығармалар—бесік жырлары, тҧсау кесу, тӛрт-тҥлік малға арналған әндер мен кҥйлер, табиғат туралы, 
Қазақстан  сазгерлері  шығармалары  1-  сынып  оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне  байланысты 
олардың қабылдауына жеңіл, қарапайым да қысқа, мазмҧңды болып келеді.     
   Ал  2-сыныпқа тыңдауға ҧсынылған шығармалар  мазмҧны, қҧрылысы  жағынан сәл кҥрделене 
тҥседі.  Мысалы:  «Жыл  басы  кім  болады?»  атты  Ш.  Қҧлманова  мен  Р.  Наурызбаеваның  1  бӛлімді 
операсы. «Жетім бала» аңыз кҥйі, «Ақсақ қҧлан», Қҧрманғазының  «Аман бол шешем, аман бол» атты 
кҥй, шығармалар ойландыратын, мазмҧңды шығармалар болып келеді.          
3-сыныпта 
оқушылар 
ақыл-ойы, 
санасының 
дамуы 
мҥмкіндігіне 
орай 
халық 
шығармашылығындағы ән мен сӛз ӛнерінің ҧштаса отырып туындаған жыр, терме, айтыс, толғау, кҥй 
тартыс  атты  шығармалармен,  жыршы,  термеші,  кҥйшілермен  танысады.  Бҧл  оқушылардың  ӛздерінің 
шығармашылық қабілеттерін дамыту мҥмкіндіктеріне жол ашады.                  
  4-сыныпта  Қазақстан және  шетел композиторларының  шығармаларымен  танысып, музыканың 
жаңа  формаларын  меңгеріп,  кҥрделі  тҥрлерімен  танысады.    Музыка  сабақтарында  музыкалық 
шығарманы  тікелей  тыңдау-  негізгі  кӛрнекілік  болып  табылады.  Ал  музыкалық  шығарманы  сапалы 
тҥрде  тыңдату  ҥшін  техникалық  қҧрал-жабдықтардың,  интерактивті  тақтаның,  DVD  плейерлердің 
маңызы  зор.  Музыка  сабағы  бағдарламасының  тақырыбына  байланысты  осы  ақпараттық 

274 
 
технологиялар  арқылы  композиторлардың  порттреттері,  музыка  ҧжымдарының,  оркестрлердің(  ҧлт 
аспаптар,  симфониялық,  ҥрмелі  аспаптар)  хор  ҧжымдарының  суреттері,  оркестр  қҧрамына  енгізілген 
аспаптардың  суреттері  т.б    материалдар,  оқушылардың  тыңдау  кезінде  музыкалық  сауаттылықтарын 
толықтырып отыруларына әсерін тигізеді.    
  Оқушыларға симфониялық шығармалардан, опера, балеттерден ҥзінділер(фрагменттер), халық 
әндері, термелер т.б шығармаларды ҥн таспа(магнитафон), DVD плейер немесе интерактивті тақтадан 
тыңдату  арқылы  шығарманы  қабылдау  мҥмкіндігін  пайдалана  отырып,  экраннан  орындаушының 
бейнесін,  сазгер  бейнесін  немесе  операдан,  спектакльдерден,  симфониялық  оркестр,  ҧлт  аспаптар 
оркестрі, балеттерден т.б шығармалардан ҥзінділер кӛрсетіп отыруға толық жағдайлар жасауға болады. 
Ал тыңдаған  шығарманың дыбыс тембрін, әуен қҧрылымының әдемілігін, әр тҥрлі аспаптар дыбыстар 
айырмашылығын айыру арқылы оқушылардың есту, кӛру арқылы есте сақтау қабілеттері дамиды.             
Жоғарыда  аталынған  ақпараттық  технологияларды,  техникалық  қҧрал  жабдықтарды  қолдану 
тәсілін тиімді ҧйымдастыру ҥшін келесі жағдайларды ескеру керек:  
1.Музыка  сабағын  жаңа  заманға  сай  ӛткізуге  қойылған  талаптарды  ескеріп,  оқушыларға  жан-
жақты  тәрбиелі  білім  беру  мақсатында,  оқу  ҥрдісінің  деңгейін  тек  жалпы  пәндер  арқылы  ғана  емес, 
сонымен  қатар  музыка  сабағын  жоғары  дәрежеде  ӛткізу  арқылы  жҥргізу  қажет.2  Музыка  сабағында 
кӛрнекілік  қҧрал-жабдықтарды,  ақпараттық  технологияларды,  техникалық  қҧралдарды,  теледидарды 
т.б тиімді пайдалану арқылы музыка пәнін оқыту одан да сапалы, нақты, жоғары деңгейде болады. 3. 
Ақпараттық технологияларды орынды қолдана білу арқылы, оқушылардың музыкалық шығармаларды 
терең  тҥсініп,  қабылдау,  талдай  білу  қабілеттерін  дамытамыз.  Музыкалық  бейнелерді  қабылдау 
дағдыларын  қалыптастыра  отырып,  музыкалық  білім  деңгейлерін,  ойлау,  тҥсіну  сезімдерін, 
бойларындағы  шығармашылық  қабілеттерін  жетілдіру  мҥмкіндігін  дамытамыз.  4.Оқушылардың 
музыкалық  шығармаларды  қабылдау  мҥмкіндіктерін  жақсарту  ҥшін,  міндетті  тҥрде  кӛрнекіліктер, 
техникалық қҧрал-жабдықтарды, ақпараттық технологияларды кешенді тҥрде қолдану керек. 
Мысалы:Қазақ  музыкасының  фонохрестоматиясы  атты  электронды  хрестоматиясында  1-
сыныптың  6  тақырыбында  «Табиғат  туралы  әндер»  тақырыбы  берілген.  Осы  тақырыпқа  байланысты 
фонохрестоматиядан  
Е.  Хҧсайыновтың  «Табиғат  дауысы»  атты  шығармасын  тыңдатуға  болады.  Сондай  ақ  сазгер 
жӛнінде мәліметтер берілген,интерактивті тақтадан кӛрсете отырып таныстыруға болады. 1-сыныптың 
8  тақырыбы  «Арқаның  асқақ  әншілері»  мҧнда  Біржанның  «Айтбай»  әні  тыңдауға  берілген.  Сабақ 
атақты  әншілер  сал-серілер  яғни  Біржан  сал  мен  Ақан  серіге  арналады.  Оқушылар  халық  арасына 
танымал, атақты әнші сазгерлердің шығармашылығымен танысады.  4- сыныпта да «Айтыс ӛнері» және 
«  Операдағы  Біржан  бейнесі»  тақырыбы  берілген.  «Айтбай»  әнімен  қоянды  жәрмеңкесіне  келген 
Біржан шабыттын шалқуына жол беріп, шырқата әнге басады. Мамандардың айтуына қарағанда ақын 
бейнесін  беруде  Біржан  әндерінің  ішіндегі  ең  лайық  ән  осы  кӛрінеді.Ал  «Адасқақ»  әні  оның  кӛңіл-
кҥйін  сыршыл  жан  дҥниесін  ашуға  бағытталған.  4-  сыныптың  «Жыр  және  опера»  тақырыбының 
Тӛлеген  бейнесі  және  халық  музыкасы  атты  тақырыпты  ашуда  халық  әндері  «Қос  барабан»,  және 
«Аққҧм»  әндері  тыңдауға  берілді.  Сабақтың  басты  тақырыбы-  Тӛлеген  бейнесімен  танысу.  Операда 
Тӛлеген  сол  замандағы  тҧрғыластарынан  жоғары  тҧрған  адам  ретінде  бейнеленеді.  Ӛзіне  тең  ӛмірлік 
жарына ескі салт бойынша ата-ананың айттыруымен қосылуды кӛздемейді. Жібектей сҧлу жарын ӛзі 
таңдап  алуды  мақсат  етеді.  Жібек  сияқты  Тӛлеген  бейнесі  де  қазақтың  әндері  мен  кҥйі  арқылы 
берілген. Зҧлымдық пен жауыздықтың, қызғаныштың қҧрбаны болған Тӛлегеннің ән ариясының азасы 
аянышқа  толы.  Тӛлеген  айтатын  «Қос  барабан»  әнінің  оркестрлік  акт  кіріспесінде  –ақ  зарлы  мҧң, 
«Ақсақ қҧлан» кҥйінің интонациясы естіледі. Бҧл кҥй Тӛлегеннің соңғы ариясында және операсының 
аяғында орындалады. Тӛлегеннің бейнесін «Қос барабаннан» басқа тағы  « Алқара-ай кӛк», «Қаракӛз» 
халық әндері аша тҥседі. 
4-сыныптың  «Бекежен  бейнесі  және  халық  музыкасы»  атты    тақырыбында  қазақтың  халық  әні 
«Аққҧм»  тыңдауға  берілген.  Операдағы  Бекежен  музыкасының  сатыр-сҧтыр  дҥлей  боран  соққандай 
екпінмен  суреттелуі  де  сондықтан. Арияның  негізі болып  табылатын Бекежан  лейттемасы  (  «Аққҧм» 
әнінің әуені) тҥрлі фрагменттер тҥрінде оркестрдің кіріспе және қорытынды бӛлімініде ӛтіп, Жібек пен 
Тӛлеген ӛміріне қиянат жасаған екіжҥзді адам бейнесін еске тҥсіргендей болады. 
Мҧғалім  сонымен  қатар,  бҥгінге  дейін  халық  әні  аталып  жҥрген  «Аққҧм»  әнінің 
А.Байтҧрсыновтың әні екендігі жӛнінде зерттеу жҧмыстарының жҥргізіліп жатқандығын білуі қажет. 
4-  сыныптың  ΙΙΙ-ΙV-  ші  тоқсандарының  «Халық  музыкасының  әлемдік  арнаға  ҧласуы» 
тақырыбын ашуда тоғызыншы тақырып «Абай және оның әндеріне» арналады. Осы тақырыпты ашуда 
Абайдың  «Сегіз  аяқ»,  «Қараңғы  тҥнде  тау  қалқып»,  «Татьянаның  хаты»  атты  әндерін  тыңдауда 
фонохрестоматия  ҧсынылады.  Сонымен  қатар  Абай  туралы  мәліметтерді  оқушыларға  осы 
фонохрестоматиядан кӛрсетіп, тҥсіндіруге болады. 

275 
 
Қазақ  музыкасының  фонохрестоматиясының  электронды  тҥрінде  1-  сыныптың  «Жетіген  және 
шаңқобыз  аспаптарына  арналған  кҥйлер»,    16  тақырып  «Сыбызғыға  арналған  кҥйлер»,  17тақырып 
«Ҧрып  ойнайтын  аспаптар»,  тақырыптарын  ашуда  қазақ  музыкасының  фонохрестоматиясының 
«аспаптар»  атты  бӛлімін  қолдануға  болады.  Мҧнда,  қазақ  халқының  ҧлттық  аспаптары  сыбызғы,  саз 
сырнай,  ҥскірік,  қамыс  сырнай,  жетіген,  қобыз,  шаңқобыз,  дабыл,  шертер,  домбыра,  т.б.  аспаптарды 
кӛрсетіп, олардың  әуенін тыңдату арқылы балаларды таныстыруға болады.  
Ш.  Қҧлманованың  1-сыныпқа  арналған  мультимедиялық  электронды  оқулығын  оқушылардың 
ой-ӛрісі мен музыкалық сауатын ашуда, соның ішінде дыбыстың тҥрлері, динамикалық кҥш белгілері, 
екпін    тҥрлері, шығарманың сипатын анықтауда  тҥсініктеме   мәліметтері  берілген. Осы мәліметтерді 
балалардың логикалық ойлау қабілетін ояту  және қызығушылықтарын арттыру барысында қолдануға 
болады. 
Музыка  сауатын    оқыту  әдістеріне  тоқталатын  болсақ,  ақпараттық  технология  арқылы  музыка 
сауатымен  таныстыру  кезінде  оқушылардың  оны  қабылдай  білуі  ҥшін,  музыканы  ӛмірмен  тығыз 
байланыста болатын жанды ӛнер екендігін тҥсіндіру қажет.  
Музыканы  ести  білу  1-4  сыныптарға  халық  музыкасын  орындау  не  тыңдатуда  қазіргі  мектеп 
оқушыларына арналған сазгерлік әндерді айтуда, халық кҥйлерін, классикалық музыка тыңдатуда т.б. 
бір-бірінен  ӛзара  айырмашылықтарын  ажыратуда  ықпал  етеді.  Ән  айту  кезінде  және  музыка 
тыңдағанда оқушылар біртіндеп музыкалық сауаттылықты игереді. Шығарманың мазмҧны мен кӛңіл-
кҥйі жӛніндегі мәліметтер арқылы музыканың кӛркемдік қҧралдарымен - екпін, дыбыс кҥші, әуенділік, 
ырғақ,  дыбыс  биіктігімен  танысады.  Шығарманың  жанры  және  қҧрылысы,  музыкалық  аспаптар  мен 
халық  аспаптар  оркестрі,  симфониялық  оркестр,  хор  және  хордың  қҧрамы  жӛнінде  мағлҧмат  алады. 
Оқушылардың  алған  білімдері  сыныптан  сыныпқа  кӛшкен  сайын  толығып,  ҧлғайтыла  тҥседі.  Оқыту 
барысында  оқушылардың  музыканы  танып  білуі  іс-жҥзінде  жҥзеге  асырылады.  Нота  сауаты  жас 
ерекшелігіне сәйкес 3-сыныптан бастап енгізіледі. 
 1-сыныпта  музыка  сауатын  оқыту  тыңдаған  кҥйлердің  және  ҥйретілген  әндердің  музыка 
сипатын  анықтау:  кӛңілді,  кӛңілсіз,  нәзік,  жҧмсақ-жай  деген  ҧғымдарды  айыра  білу  дәрежесін 
кӛтеруге;  музыкалық  қарапайым  кӛркемдік  қҧралдарды  ажырата  білу:  дыбыс  кҥші-динамика  (қатты-
жай),  дыбыс  қозғалысы  «бірқалыпты-секірмелі),  ән,  кҥй,  би,  марш  жанрларын  ажырату  бағытында 
жҥргізіледі. 
Шығарманың  қҧрылымын  ажырату,  мысалы  әннің  шумағы  немесе  қайырмасы  әуенінің 
айырмашылығын  сезіну,  музыкалық  сӛйлем,  фразалар  туралы,  шығарманы  орындау,  тыңдау 
барысында  сезіндіруге,  кҥйлердің  орындалу  ҥлгілері:  тӛкпе,  шертпе  кҥйлер  мен  қатар  оларды  айыра 
білуге баулу. Қҧрманғазы кҥйлері-тӛкпе кҥйлер, Тәттімбет кҥйлері –шертпе кҥйлерін тыңдау арқылы 
жҥргізіледі. 
Дыбыс  биіктіктерін  ажырату  ҥшін  әндердің,  кҥйлердің  дыбысының  шығу  жоғарылықтарын 
қолмен кӛрсету немесе баспалдақпен бейнелеу мысалын келтіру арқылы тҥсіндіріліп отырады. 
Дыбыс ҧзақтықтарын тҥсіндіру, сезіндіру ҥшін әр тҥрлі кӛрнекіліктер арқылы, ҥнемі музыкалық 
дыбыстарды  тыңдау,  есту  арқылы  қалыптастыру  керек.  Мысалы: бҥтін  алма,  оның   жартысы,  немесе 
ҥлкен  доп,  кішкене  доп,  ҥлкен  кісі,  кішкене  бала  деген  қарапайым  тҥсініктерді  жҥйеге  келтіріп 
дыбысталу сәтін қол шапалақтау, аспап дыбысын ҧзақ, қысқа дыбыстау дауыспен айту арқылы ҥнемі 
жалғастырып, саналарына жеткізіп отыруға болады. 
1-сыныпта  алған  музыкалық  сауаттылықтарын  одан  әрі  дамытып,  дыбыстардың  ҧзақ-қысқа 
шығуын,  жоғары-тӛмен  қозғалысын  кҥрделендіре  меңгереді.          3-сыныпта  оқушылар  1  тоқсаннан 
бастап  1-2-  сыныптарда  алған  білімдерін  қайталап,  одан  әрі  нота  сауаты,  нота  арқауы,  ноталардың 
сызықтарға  орналастыруымен,  скрипкалық  кілт;  ноталардың  ҧзақтықтарының  белгіленуі—бҥтін, 
жартылық, тӛрттік, сегіздік, ҥзілістер- пауза; интервалдар, лига белгісі, такт сызығымен танысады.       
Алдымен  нота  сызығы  туралы  және  онда  ноталардың  орналасуымен  таныстырған  соң,  әр 
нотанын  орналасуын  кӛрнекіліктер  арқылы  кӛрсетіп,  дәптерлеріне  жаздырып,  сол  нотаның 
дыбысталуын  арнайы  жаттығулар  айтқызу  арқылы  бекітіп  отырамыз.  ОныШ.Қҧлманованың,С 
Желдербаеваның  сӛзіне  жазылған  «Ноталар  айтысы»,  Б.Жҥсібәлиевтың  «Нота  ҥйренейік», 
Б.Ғизатовтың  «Біздің  ән»  әндері  арқылы  тҥсіндіру  жеңіл.  Бірінші  тоқсанның  аяғында  оқушылар 
ноталарды  толық  меңгеріп,  октава  ҧғымымен  танысады.  Оқушылар  нота  сауатымен  қатар  жалпы 
музыкалық  терминдермен  танысуды  жалғастырады.  Қазақ  халқының  ӛнер  жанрлары,  терме,  толғау, 
жырлар, жырау деген ҧғымдармен танысып, ӛз ҧлтымыздың дәстҥрлік музыкасын сауатты меңгереді. 
Екінші тоқсанда нота ҧзақтықтарының жазылуы мен оның дыбысталу ҧзақтығымен танысады. 
4-сыныпта  музыка  сауаттылығын  оқыту  1-3  сыныпта  алған  негізгі  білімдерін  пысықтап, 
аспаптық  шығармаларға  немесе  ән  шығармаларына  толық  талдау  жасай  білуді  дамытуға  негізделеді. 
Одан  әрі  кҥрделі  музыкалық  шығармалардың  теориялық  қҧрылымын  тҥсіне  білу,  оркестрлер 
тҥрлерімен танысып, оған кіретін аспаптар ҥндерін айыра білуге ынталандырамыз. Дауысқа арналған 

276 
 
шығармалар  тҥрлері,  хор,  ария,  оратория,  контата  деген  музыкалық  терминдермен  танысып,  оларды 
тыңдап,  қҧрылымын,  мазмҧның  талдай  білу  ҥйретіледі.  Мысалы:  оркестр,  симфония,  симфониялық 
поэма, баллада, симфониялық суреттеме, сюита, концерттер, варияция деген музыкалық терминдермен 
қатар,  кҥрделі  музыкалық  шығармаларда  қолданылатын  әсерлеуші  белгілер  анықтамалар: 
кульминация, аранжировка деген ҧғымдармен танысады. 
Оқушылар  музыканың  кҥрделі  жанрларының  бірі  «операмен»,  опера  қҧрамына  енетін 
музыкалық  бӛлімдер  және  олардың  анықтамаларымен  танысып,  ӛздерінің  музыкалық 
сауаттылықтарын дамытады. 
Опера,  либретто,  лейтмотив,  увертюра,  ария,  ариоза  сияқты  жаңа  терминдермен  танысып, 
оларды  жеке  тҥсіну  ҥшін  «Біржан-Сара»,  «Қыз  Жібек»  операларынан берілген  ҥзінділерін  тыңдап  ӛз 
музыкалық білімдерін толықтырады. 
4-сынып  оқушыларының  музыкалық  білім  деңгейі  ӛсіп,  классикалық,  камералық  музыкалар, 
балет,  реквием  тупалы  ҧғымдармен  танысады.  Тыңдайтын  музыкалық  шеңбері  кеңейіп,  қазақ  халық 
сазгерлері  шығармаларымен  қатар  кәсіби  композиторлар,  орыс  және  шетел  композиторлары 
шығармаларымен  танысып,  оқушылардың  музыкалық  білім,  сауаттылығы  ой-ӛрісі,  пайымдауы,  жан-
жақтылығы дамиды. 
Бастауыш сынып оқушыларына музыкалық білім беру арқылы олардың бойындағы қасиеттерін 
ояту,  дамыту  ҥшін  сабақтың әр  іс-әрекетіне  байланысты  шығармашылық  тапсырмалар  беріп  отырған 
ӛте  дҧрыс.  Егерде  сабақ  ӛте  тартымды,  қызықты  қҧрылған  болса,  оқушыларды  ынталандыратын  1-
сыныптан  бастап  «жеңілден  кҥрделіге  қарай»  деген  педагогикалық  тәжірибелік  әдісі  бойынша 
қҧрылған  қазіргі  бағдарламалар  және  оған  сәйкес  шыққан  ақпаратты  технологиялар,  электронды 
оқулықтар  бойынша  жас  ҧрпаққа  жҥйелі  тәрбие  беруге  мол  мҥмкіншілік  бар.  Ол  ҥшін  әрбір  музыка 
пәні  мҧғалімінің  шеберлігі  мен  қиялшылдығы,  ізденімпаздығы  жоғары,  жігерлі,  жан-жақты  болуы 
қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет