Ххі ғасыр ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры. Бүгінде интернет ақпаратты, жаңалықтарды, компания және фирма қызметін, сонымен қоса қызықты ойын-сауықтарды және т б. іздеуге мүмкіндік беретін құрал



бет5/17
Дата17.12.2022
өлшемі2,37 Mb.
#57814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
1.4 Интернет қызметтері

TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.


IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама
TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады
Интернеттiң негiзгiқосымшалары E-mail (Electronic Mail) -электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.
E-mail адрестік құрылымы:
-есім@ мекеме.домен.
Мысалы:
- common@pushkinlibrary.kz;
-dina_m@mail.kz.
Usenet - бір-бірімен жањалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, дєлірек айтқанда анархиялық жүйелер тобы. Белгілі бір серверде кездеседі.
Usenet – тегі жаңалықтар тобы – дүние жүзіндегі адамдардың пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пікірталас топтары.Мүндай жаңалық топтарында белгілі бір тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлі тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретінде жариялауға болады(тақырыптар түрлі).
FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы– бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернеттің қосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады.
Чат (IRC –Internet Real Chat) –Интернеттің тағы да бір қосымшасы,желіде нақтылы уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді жєне ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.
World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндікқұжат.
Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.
Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады.Ол беттердегі мәліметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.
Көру жабдықтары. Веб парақтардағы мәліметтерді оқу “көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады, ол “to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған программалардың кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator.
Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу. Ақпараттарды сақтау және белгі жасау. Егер сізге белгілі бір веб-парақ ұнаса, және де ол парақ сізге үнемі қажет болып тұрса ол адреске белгі салып қоюға болады.Белгі жасау үшін «Избранное-Добавить в избранное» деген менюді таңдап алу қажет. Келесі кезектегі терезеден белгінің атын және белгі сақталатын папканы таңдау қажет. Мысалы сіз мынандай http://www.rubricon.ru адрестегі веб-парақты қарап отырсыз және оны белгі жасап сақтағыңыз келді, ол үшін «Избранное – Добавить в избранное» деген менюді аламыз. Онда «Добавление в избранное» деген терезе пайда болады, «имя» деген жолда веб-парақ алғашқы атауымен тұрады, оны сіз өз қалауыњыз бен өзгертуіңізге де болады. «Добавить в избранное» деген терезеде папкалар тізімі берілген, оның сәйкес келетін біреуін таңдауыњызға болады. Егер папканы таңдап алмасақ сақталатын адресіміз «Избранное» деген бастапқы папкаға жазылады. Көрсетілген папканың ешқайсысы сәйкес келмеген жағдайда жаңадан папка ашуға болады, ол үшін «Создать папку» деген команданы таңдаймыз.
Веб-парақтарды сақтап белгі жасау арқылы біз кез келген уақытта қажетті адрестерді жылдам мониторға шығара аламыз. Ол үшін аспаптар тақтасынан «Избранное» деген папканы таңдаймыз, пайда болған терезеден қажетті адресті аламыз.
Егер веб-парақ сізге ағымдағы мазмұнымен ғана қажет болса ақпараттарды сақтаудың мынандай жолдары бар:
Веб-парақты толығымен сақтау. Веб-парқ толығымен жүктелген соң аспаптар тақтасынан «Файл-Файл сохранить как» сурет – 1деген команданы таңдаймыз, пайда болған терезеден «Сохранить веб-страницу» командасында «Тип файла» деген жолда «Веб-страницу полностью» сурет - 2 деп көрсетілуін қадағалау керек.
Суретті сақтау. Веб-парақтағы суретті жеке сақтау үшін тышқанды суреттің үстінде ұстап тұрып оң жақ түймесін шертеміз. Пайда болѓан контекстік менюден «Сохранить рисунок как» сурет - 3 деген команданы таңдап аламыз да қажетті папканыњ ішінде сақтаймыз.
Егер сіз суретті жұмыс істеп отырған файылыңызға қойғыңыз келсе контекстік менюден «Копировать» сурет – 4 деген команданы таңдап аласыз да қайтадан өз файылыңызға ауысып «Вставить» деген команданы орындайсыз.
Мәтіндік ақпаратты сақтау.
Көптеген Веб-парақтарда бізге қажеттірегі – мәтіндер. Оны айырбастау буфері арқылы сақтау сенімді жєне ыңғайлы. Алдымен қажетті мәтінді белгілеп аламыз да «Копировать» деген тапсырманы таңдаймыз (мысалы аспаптар тақтасынан «Правка-Копировать» немесе CTRL-C өзара байланысқан клавиштер арқылы жүзеге асыруға болады.
Адрестiк жүйе:
-интернет-қосымшаларының адрестiк құрылымы (негiзгi парақ);
-қосымша://қосымша.мекеме.домен;
-ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары;
-gov – үкіметтік;
-org - үкіметтен,коммерциядан тыс;
-edu - білім;
-com -коммерциялық;
-mil – әскери;
-net - желілік.
Мысалдар:
-http://www.loc.gov (АҚШ Конгресінің кітапханасы);
-http://www.cnn.com (CNN Компаниясы).
Ұйымдықтиiстiлiгi бойыншадомендератаулары. Қосымша (2000 ж. қарашайынан, International Corporation for Assigned Names and Numbers):
-museum – музейлер;
-name –жекеесімдер;
-aero – авиакомпании;
-coop - бірлескен, коммерциялық;
-biz– бизнес;
-info – ақпараттық;
-pro – кәсіпқой.
Аймактық белгiсi бойынша домендер атауы.
Мысалдар:
-http://www.lme.uk (Лондонның металдар биржасы);
-http://www.ukg.kz (Рейтинг, Усть- Каменогорск).
Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері. Интернет желісіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестері сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары(directories) мен машиналары (searchengines) бар.
http:\\www.altavista.com - AltaVista ақпараттық іздестіру жүйесі 1995 жылы желтоқсан айында ашылған. Ол қазіргі таңда индекстелген html- құжаттар (350 миллионға жуық) көлемімен алдыңғы қатарда. AltaVista қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндігін және WWW арасында жұмыс істеуде қосымша сервистерді ұсынады. Арнаулы “Help” (көмек) деген бөлімде барлық парақтарды қолданушылар интерфейсі сілтемелермен жабдықталған. Ол қарапайым қолданушыларға өздерінің тапсырыстарын дұрыс құрастыруда көмек бере алады. Әлемнің 25 тілінде ақпарат іздестіру мүмкіндігі бар.
http:\\www.hotbot.com –HotBot – іздестіру жүйесі арқылы құжаттар ішінде кездесетін бір немесе бірнеше терминдер арқылы, жеке фразалар бойынша іздестіру мүмкіндігін береді. Құрамында аудео, видео немесе анимациялары бар файлдарды іздестіруге де болады.http:\\www.google.com – GOOGLақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.
http:\\www.yahoo.com – Yahoo – тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.
http:\\www.aport.ru – Апорт - ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.
http:\\www.yandex.ru – Яндекс – ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.
http:\\www.rambler.ru – Rambler – іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері.
http:\\www.site.kz - "Весь WWW-Казахстан" – Қазақстандық іздестіру порталы, ол Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды табуда көмек береді. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
http://tabu.nursat.kz – TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстар мен қатар Қазақстаннан тысқары жерлердегі еліміз туалы веб-парақтарды іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
http://akolya.hypermart.net - қазақ тіліндегі ақпараттарды, веб-парақтарды іздестіруге болады. Өзекті сөз арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
Большая энциклопедия Казахстанского Интернета - http://www.lyakhov.kz. Виртуалды энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар. Рубрикон – http://www.rubricon.ru.
Серверден көптеген отандық белгілі энциклопедиялар мен сөздіктерге шығуға болады. Олардың арасында «Большая Советская Энциклопедия»(1969-1979), Энциклопедический словарь Брокгауза и Эфрона(1890-1906), «Малая медицинская энциклопедия». Энциклопедиялық сөздіктер «История Отечества» және «Всемирная история», В.Даль және басқаларының «Толковый Словарь живого великорусского языка» т.б. Барлық ақпараттар толық мәтінде иллбстрацияларымен және әдебиеттер тізімімен қоса берілген.
Britannica энциклопедиясы – http://www.britannica.com. Әлемдегі авторитеттік энциклопедияның желілік нұсқасында 72 мыңға жуық барлық салалар бойынша мақалалар жинақталған. Іздестіру нәтижесі мақалалармен бірге Интернет ресурстарғада сілтеме береді, сондай-ақ журналдардағы таңдаулы шығарылымдардыда ұсынады. Көптеген жағдайларда иллюстрациялар, таблицалар, бейне файлдар қамтылған.
Мегаэнциклопедия Кирилла и Мефодия - http://www.km.ru. Ірі көлемдегі электрондық мәтіндік мәліметтер базасы. Брокгауз on-line - http://www.russia.agama.com/bol.
Әйгіліэнциклопедиялықсөздіктіңқысқартылғаннұсқасы, құрамында 46 000-ғажуықмақалаларенген.
Биографическая база данных на сервере компании Biography- http://www.biography.com
Ежелгі дәуір батырлары мен қатар әр елдің қазіргі замандағы қайраткерлері туралы 25 мыңға жуық қысқаша мағлұматтар бар.
http://www.translate.ru -Online – переводчик компании «Промт». Промт компаниясының оnline – аудармашысы.
Серверде интерактивтік сөздіктердің толық кешені берілген. Ол екі жаққа бірдей тәржімалайтын ағылшын ,неміс тілдері және біржақтылы французб итальян тілдерінен аударуды қамтамасыз етеді
http://www.tilashar.kz – Тілашар – Қазақ тілін оқып үйренушілерге арналған «Хабар» Агенттігінің «Тілашар» телебағдарламасы негізінде ашылған сайт. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда, online сабақтар жүргізуде сайттағы методикалық бөлімдерді пайдалануға болады.Сайтта қазақша-орысша лингвистикалық сөздік берілген.
http://www.kz.index.kz - Орысша-қазақша мультимедиялық сөздік.
Құжаттарды электронды турде жеткізу (ЭДД), мәліметтер базаларымен жұмыс істеу, қажетті ақпараттарды тауып, тапсырыс беру.
Құжаттарды электронды турде жеткізу (Электронная доставка документов (ЭДД) дегеніміз тапсырыс берілген құжаттардың электрондық көшірмелерін дайындап коммуникация жетістіктерін арқылы пайдаланушыға жеткізу. Пайдаланушылар қажетті ақпараттарды әлемдік электрондық ақпараттар базасынан тапсырыс арқылы алуына болады. Электрондық көшірмелер сканермен цифрлау (оцифрование) арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарды электронды турде жеткізудің (ҚЭЖ) басты технологиялық кезеңдері:

  • тапсырысты өңдеу;

  • тапсырылған ақпараттарды іздеу;

  • табылған ақпараттың электрондық көшірмесін дайындау;

  • электрондық көшірмені тапсырыс берген пайдаланушыға жіберу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет