Ххі ғасыр ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры. Бүгінде интернет ақпаратты, жаңалықтарды, компания және фирма қызметін, сонымен қоса қызықты ойын-сауықтарды және т б. іздеуге мүмкіндік беретін құрал



бет2/17
Дата17.12.2022
өлшемі2,37 Mb.
#57814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Электрондық техника сатуға арналған интернет – дүкен сайтын құру.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Клиенттердің көп санын тарту және "Технодом" сауда орталығы электрондық техника интернет-дүкені сайтын құру қажеттілігімен негізделеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: "Технодом" сауда орталығының қызметтерін, мүмкіндіктерін, ұсыныстарын, қойылатын талаптарын, қажетті материалдарын интернет технологиялар көмегімен жүзеге асыратын, электрондық техника интернет-дүкені сайтын ұсыну болып табылады. Электрондық техника интернет-дүкені сайты қолдануға ыңғайлы және жеңіл, сондықтан барлық қолданушыларға тиімді болады және де тұтынушының сұранысын қанағаттандырады. Көздеген мақсатымызға жету үшін келесі тапсырмаларды орындауға тура келеді:

  • сайт құрылымын құрастыру;

  • сайт дизайнын құрастыру;

  • клиенттер жайлы ақпарат болатын сайт құру;

  • сайттағы сілтемелер арасында байланыс құру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Дипломдық жұмысқа қойылған міндеттер жүзеге асыра отырып, келесі қортындыларға келдім:

  • HTML - тілін қолданудың маңыздылығы жоғары. Ол сайт құрудың негізі болып табылады;

  • Оның негізгі ерекшелігі - қарапайымдылығы. Гипермәтіндік құжатты толықтай өңдеуге мүмкіндігі зор;

  • Сондықтан, қандай да бір сайт жасауға осы тілді негіз етіп алуға болады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Астана қаласындағы "Технодом" сауда орталығы алынды.
Дипломдық жұмыстың теориялық мәні: Дипломдық жұмысты орындау нәтижесінде HTML программалау тілдерінде жұмыс істеуге дағдыланып, әдістемелік және ақпараттық әдебиеттермен жұмыс жасалды. Дипломдық жұмысты жазу барысында қойылған мақсатқа жету үшін қазіргі заманғы Web-технологияларды қарастырып, оқу және анықтамалық әдебиеттерге талдау жасалды. Web-сайтты құру үшін қажетті құрал әдістерін қарастырылды. Теориялық материалды оқуда алынған білімім тәжірибелік дағдылармен бекітілді. Жұмыс нәтижесі ретінде Астана қаласыдағы "Технодом" сауда орталығындағы электрондық техникаларын интернет-дүкені арқылы жарнамалауға және сатуға арналған ақпараттық Web-сайт құрылды. Бұл сайт сауда орталығының жетістіктерін, атқаратын жұмыстарын, электрондық техникаларын және т.с.с ақпараттарын бүкіләлемдік желіде болуын қамтамасыз етеді. Демек, қойылған мақсатқа қол жеткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет