Химия дидактикасы пәні бойынша химия мамандығы докторанттары үшін ДӘрістердің қысқаша курсы



бет24/25
Дата09.12.2022
өлшемі142,34 Kb.
#56138
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Оқыту үрдісінің элементтері
Оқу үрдісінің құрылысына мынадай элементтер кіреді:

  1. Мұғалімнің түсіндірген немесе хабарлаған ақпараттарын, оқулықтан оқып алған білімдерін, ауызша ойлап не жазбаша жоспар тізіп өзінше айтып шығу.

  2. Химиялық ұғымдардың, заңдардың, теориялардың не құбылыстардың анықтамасын сан рет қайталап, ойда сақтау.

  3. Өткен тақырыптан алған білімдерін, іскерліктерін химияның келесі тақырыптарын оқығанда пайдалана білу.

  4. Химиялық білімдер жүйесін, терминдер мен сөздіктерді дәптерлеріне жазып, қайталап отыру.

Мұғалім мен оқушы қызметі бір-біріне байланысты әр түрлі оқыту құралдарын пайдалануды, сабақта немесе дербес жұмыста үйлесімді қолдануды талап етеді. Оқыту құралдарының көптеген түрлері бар. Оны кестеден байқауға болады.



Оқыту құралдарының негізгі топтары

Мысалдары

1

Баспадан шыққан оқу және оқу-әдістемелік құралдар

Бағдарламалар, химия оқулығы, есептер жинағы мен жаттығулар, дидактикалық, анықтамалық материалдар, химия оқыту кітабы, ғылыми әдебиеттер.

2

Тілдік логикалық құралдар

Химиялық ұғымдар, белгілер, терминдік, номенкламтуралық материалдар, әдістемелік құралдар, анықтамалар, сөздіктер, оқу энциклопедиясы.

3

Көрнекіліктер

Аспаптар, табиғи сызба-нұсқалар, кестелер, нысандар, қондырғылар, модельдер, макет, суреттер.

4

Техникалық материалдар

Химия кабинетінің жабдықтары

5

Аудио-визуалды қондырғылар

Диафильм, диапозитив, графопроектор, кинофильмдер, жапсырма құрақты оқу фильмдері, теледидар хабарламалары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет