Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет244/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   271
2. Химиялық қасиеттері
2.1. Бензол үшін реакциялар теңдеулерін жазып, реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіңдер (бір ғана алмасу болған туындылары түзілуі керек): а) сульфирлеу; б) нитрлеу; в) бромдау; г) хлорлау. Түзілген қосылыстарды атау керек.
2.2. Толуолды бромдау реакциясының теңдеуін (монобромалмасқан қосылыс түзілген) а) катализаторсыз, қыздырып; б) катализатор ретінде темір не алюминий алып, жазыңдар. Алынған заттарды атаңдар.
2.3.Бензолға қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек: 2) бромның үш молекуласының қосылуы; б) хлордың үш молекуласының қосылуы; в) толық гидрленуінің. Бұл реакциялар жүруінің жағдайларын көрсетіп, алынған заттарды атау керек.
2.4. Мына қосылыстардың қайсылары бромды оңай түссіздендіреді және қайсылары түссіздендірмейді: а) фенилэтилен (стирол) б) этилбензол; в) n-толуилацетилен; г) n- метилэтилбензол; д) 1-фенил-2-бутен? Бромның сәйкесінше қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Түзілген галогентуындыларды атаңдар.
2.5.Тотығу реакцияларының теңдеулерін (бүйірдегі тізбектердің толық тотығуының) а) толуолдың; б) изопропилбензолдың; в) n-метилизопропилбензолдың, жазу керек. Тотығу реакцияларының өнімдері?
2.6. С9Н10 ароматты көмірсутек бром ерітіндісін оңай түссіздендіреді, бұл жағдайда тек бір бром молекуласын қосып алады, ал ол қосылысты С9Н10 тотықтырғанда қышқыл түзіледі. Қосылыстың формуласын жазып, жүрген реакциялар теңдеулерін жазу керек.
2.7. Формуласы С10Н10 болатын екі ароматты көмірсутек бром ерітіндісін оңай түссіздендіреді, екеуі де бромның екі молекуласын қосып ала алады. Егер олар сутегінің екі молекуласын қосып алса, п-этилбензолға айналады. Осы көмірсутектердің бірі [Cu(NH3)2]Cl қосылысымен тұнба береді. Реакция теңдеулерін жазу керек, екі көмірсутектің де формуласын көрсету қажет.
2.8. Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакциялар теңдеулерін жазу керек:
а) С2Н6 →С2Н2 → С6Н6 → С6Н12
б) СаС2 → С2Н2 → С6Н6 →С6Н5NO2
в) С→СаС2 → С2Н2 → С6Н6 →С6Н5Cl6
2.9. 67,2л ацетиленнен (қ.ж.) а) шығымы теориялыққа тең; б) шығымы 25% болса, неше грамм бензол алынады?
2.10. 117г бензол 280г броммен әрекеттескенде 157г бромбензол түзілсе, ол теориялық шығымның неше пайызын құрайды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет