Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Бензол қатарының көмірсутектерін алу әдістері



бет245/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   271
3. Бензол қатарының көмірсутектерін алу әдістері
3.1.Бензол қатарының көмірсутектерін каталитикалық дегидрлеу арқылы а) циклогександы; б) циклогексенді; в) 1,4-диметилциклогександы алу керек. Алынған заттарды атау керек.
3.2. Метилацетиленді полимерлегенде қандай зат алынады?
3.3. Вюрца-Фиттиг әдісін пайдаланып мына ароматты көмірсутектерді алу керек: а) этилбензолды; б) изопропилбензолды; в) 2-метил-2-фенилбутанды. Әр жағдайда қандай қосымша өнімдер түзіледі? Реакция теңдеулерін жазу керек.
3.4. Фридель-Крафтс әдісі арқылы бензолды алкилдеу арқылы мына көмірсутектерді алу керек: а) пропилбензолды; б) вторбутилбензолды; в) изобутилбензолды. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек.
3.5. Каталитикалық дегидрлеу арқылы а) изопропилбензолды;
б) этилбензолды; изопропилбензолды (сутегінің бір молекуласын алып) жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек, алынған заттардың аттарын атау керек.
3.6. 1т гексахлоран (гексахлорбензол) алу үшін қанша циклогексан және хлор (массалары бойынша) алу керек? Гексахлоранның структуралық формуласын жазып, ондағы хлордың пайызды мөлшерін көрсету керек.
3.7. Полистиролдың макромолекуласын алу реакциясының теңдеуін жазу керек.
3.8. Стиролдың бутадиенмен сополимерлену реакциясының теңдеуін жазу керек. Алынған қосылыстың негізгі қолданылу саласы.
3.9. Дивинилстирол каучугін алу үшін қандай қатынаста (масса бойынша) дивинил мен стиролды алу керек?
3.10. Полистирол деген не? Оның қандай қасиеттері бар және қай жерде қолданылады?
3.11.Тығыздығы 0,88г/мл 22,17мл бензолдан бромбензол алынғанда бөлінген газды 4,48л изобутиленмен әрекеттестірген. Қандай заттар түзіледі және олардың массалары қанша болады, егер бромбензол шығымы теориялықпен салыстырғанда 80% болса, изобутиленмен реакция 100% жүрсе.


ФЕНОЛДАР
Изомериясы. Номенклатурасы

Ароматты оксиқосылыстар екі топқа бөлінеді: фенолдар және ароматты спирттер. Фенолдар деп бензол сақинасындағы сутегінің біреуі немесе бірнешеуі гидроксил тобымен алмасқан қосылыстарды айтады, яғни гидроксил тобы ядромен (бензол сақинасымен) тікелей байланысқан. Ал ароматты спирттерде гидроксил тобы бүйректегі тізбекте болады.


Құрамындағы гидроксил тобының санына қарай бір - С6Н5ОН, екі С6Н4(ОН)2 үш С6Н3(ОН)3 атомды фенолдар болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет