Химия тілі және оның маңызы


Химиялық тілдің оқыту құралдары жүйесіндегі атқаратын қызметі



бет2/3
Дата06.12.2022
өлшемі30,23 Kb.
#55459
1   2   3
Химиялық тілдің оқыту құралдары жүйесіндегі атқаратын қызметі
Химияны оқыту құралдарының арасындағы байланыстарды шартты түрде сызбанұсқа арқылы көрсетуге болады.
Тіл-қисындық құралдарға құрылым формулалары, терминдер, символдар және номенклатуралық атаулардың қатысуымен жасалған құрылым-қисындық сызбанұсқалар жатады. Химияның бағдарламалары, оқулықтары, оқу құралдары, мұғалімдер мен оқушыларға арналған басқа кітаптар ғылыми тіл арқылы жазылған.
Ғылымның тілдік құралдары пайдаланылғанымен оқулық тілінің өзіндік ерекшеліктері бар. Химия оқулығының текстері және кейбір текстен тыс бөліктерінің тілі: а) табиғи тілдің сөздерінен; ә) ғылымаралық терминдермен таңбалардан; б) химиялық терминдерден; в) номенклатуралық атаулардан-номендерден; д) символдар жүйесінен тұрады. Бұлардың алғашқы төртеуі сөйлем және текст құруға қатысады, заттар мен химиялық құбылыстар туралы білімді тасмалдаушы қызметін атқарады.
Химиялық эксперимент өзінің оқу-тәрбиелік міндеттерін сөзбен ұштастыру арқылы ғана ойдағыдай атқарады. Көрнекі көрсетілетін тәжірибелерді қойғанда берілетін нұсқау-тапсырма; 1) тәжірибенің мақсаты; 2) тәжірибеге қандай заттар алынады, олардың қасиеттері; 3) құралдың құрылысы және жеке бөліктерінің қызметі; 4) ескерілетін сақтық шаралары; 5) байқалатын құбылыстар, олардың мәні; 6) байқалған құбылыстарды түсіндіру; 7) рекация теңдеуін жазу және қорытынды жасау ғылыми тіл арқылы жүзеге асады.


Химия ғылымы табиғатты танып білуге және қоғамның материалдық игілігіне жасаудағы ролі. 

Химия ғылымы табиғатты танып білуге және қоғамның материалдық игілігін жасау маңызды рөл атқаратын жаратылыстану ғылымдарының бірі олай болса, табиғат, қоғам және онда адамның алатын орны жайында алғашқы білім қалыптастыратын дүниетану пәнінің химиялық ұғымдардың да негізқалайтыны сөзсіз себебі химия пәні табиғаттағы толассыз тоқтаусыз жүзеге асатын зат айналасын мәнін табиғат байлығын адам қажеттіне жаратудың жолын оны өрдірудің тәсілін де үйретеді.


Педогогикалық әдебиеттерде танымды қалыптастырудың бірнеше жағдайлары айтылады . соның бірі – оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формаларын, құралын және әдістерін жетілдіру.
Табиғи тіл де таңбалар жүйесіне жатады. Кейбірғалымдардың пайымдауынша, ол семантикасының тұрақсыздығымен прагматикалсының байлығымен ерекшеленеді. Ғылыми тіл табиғағи тілдің негізінде жасалып іс жүзінде қолданысқа ие болады. Сондықтанда ғылыми тілдің құрамында табиғи тілден оқшау тұратын өзіне ғана тән тілдік құралдары – таңбалары болады. Осындай тілдік таңбалардың ең негізгі және ертеден келе жатырған – табиғи немесе ұлтық тіл. Ол таным мен қатынас құралы ретінде пайдаланылған көп құралымды және соған сай атқаратын қызметі де әр түрлі. Ғылыми тіл, оның ішінде химия ғылымының тілі жалпы халықтық тілдің күннен күнге дамып келе жатқан бір бөлігі.
Бұған жататындар: сабақ тың дәстүрлі емес түрлі емес түрлерін өткізу, оларда қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін артыру болып табылады.
Сондай-ақ, ойындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру; пән аралық және пәнішіндік байланыстарды ашып көрсету; оқушылардың өзіндігінен білім алуын тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарына белсенділік қалыптастыру; білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру. Оқыту кезінде, оқушының білмеуден білуге қарай дамуы барысында таным қалыптасады. Психологтардың пікірі бойынша, оқушының таным процестері-өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психологиялық құбылыс. Олардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Әрине білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қиыншылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда, әр түрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, олар шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырады.
Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық – педогогикалық міндет-талаптар мен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылықтар. Бұған тағы да оқушының теориялық білімі мен шығармашылық ойлауы мен репродуктивтік ойлау арасындағы және т,б. Қайшылықтар жатады. Осыныдай қайшылықты шешу оқушының саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек етеді және оның да- муына үлкен әсері болады. Мұндай қайшылықтар әсіресе химия пәнін оқутуда туып отырады.
Оқыту үрдісі-оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекеті. Білім алу-оқу барысында оқушының атқаратын іс-әрекетінің нәтижесі. Білім беру барысында оқушылардың жеке тұлғасын жан-жақты жеткізуге, олардың танымдық әрекетін дамутуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аудару - әр педогог мұғалімнің міндеті. Осы тұрғыдан алғанда оқушылар алған білімін жадында сақтау қана қоймай, оның өмірмен байланысын іс жүзінде қолдануға жаттығады.
Химиядан сабақ берудің тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың ақыл-ойының дамуына,олардың өздігінен жұмыс істеу мүмкіндіктерін күшейтуге жағдай жасалады. Сонымен қатар оқушылардың.танымдық белсенділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылады. Ғалымдар танымдық белсенділікті үш деңгейде бөліп қарастырған: жаңғырту, түсіндіруші және шығармашылық. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін оқу үрдісімен ұтымды ұштастырған жағдайда сабақ тиімді өтеді. Әсірісе оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқу белсенділіктерін арттыруға мол. Танымдық белсенділікті арттыруды бірнеше жағдайда қарас- тыруға болады: егер сабақ балалардыңөмірден түйген іс тәжірибелері мен білімдеріне баға беру негізінде өтетін болса, нәтижесінде оқушылар тақырыпты тереңірек меңгеріп, танымдық белсенділіктерін іс-тәжірибеге жемісті қолдана алады; егер сабақ ойын түрінде ұйымдастырылса, оқушылар белсенділігінің сабақ барысында артуына жағдай жасалады. Олардың нәтижесінде оқушылар тақырыптық мазмұнын өмірмен байланыстырып, күнделікті іс-тәжірибе мен білімге деген ұмытылыстары, қызығушылықтары артады. Педогогикалық зерттеулер нәтижесі белгілі бір пәнге қызығудың сатылап қалыптасатынын көрсетеді. Оқушыда алдымен білуге әуестік, содан кейін білуге құмарлық, ең соңында қызығу пайда болады. Оқушыларда қызығудв тудыратын бірнеше жағдай болады. Ол, біріншіден, оқытудың мазмұны, мазмұнның тартымдылығы, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарының енуі, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылу дәрижесі т.б. Екіншіден, білім беру мен тәриелеу барысында, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында сыйластық, ізеттілік, адамгершілік қатынастың орнауы. Осыдан келіп, оқушының білім алуға қызығушылығы туады: қызығу → кейде білім алуға ынтығу, танымдық қызығу → яғни, кейбір бір пәнге қызығу болуы мүмкін .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет