2.1 Өндірістік (педагогикалық) тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
Тәжірибенің мақсаты – студенттердің алдыңғы курста алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру және өз бетінше жүргізетін кәсіби-педагогикалық қызметке дайындық дейгейін анықтау болып табылады;
Тәжірибенің міндеттері: 1. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы барысында студенттердің педагогикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін мынадай кәсіби-педагогикалық қызмет түрлерін орындауға қатыстыру:
білімдік (пән бойынша сыныптық және сыныптан тыс сабақтар өткізу);
тәрбиелік (тәрбиелік шараларды жоспарлау және оны тартымды өткізу);
әдістемелік (көрнекілік және дидактикалық материалдарды дайындау, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысына ат салысу).
3. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы барысында студенттердің педагогикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін мынадай кәсіби-педагогикалық қызмет түрлерін орындауға қатыстыру:
- білімдік (пән бойынша сыныптық және сыныптан тыс сабақтар өткізу);
- тәрбиелік (тәрбиелік шараларды жоспарлау және оны тартымды өткізу);
- әдістемелік (көрнекілік және дидактикалық материалдарды дайындау, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысына ат салысу).
2.2 Тәжірибені өту орны (базасы)(СҚО мен Петропавл қ. жалпы білім беру мектептері, гимназиялары, лицейлері)
2.3 Алдыңғы деректемелер Педагогикалық кәсіпке кіріспе, Психология және төменгі сынып оқушыларының дамуы, педагогика, сауат ашу әдістемесі, математиканы оқыту әдістемесі, қазақ тілін оқыту әдістемесі, әдебиеттік оқу әдістемесі.