Мұнай және мұнай өнімдерінің қасиеттері және құрамы.
Мұнай құрамында парафин (алкан), нафтен (циклан) және ароматты көмірсутектерден тұратын
күрделі қоспа.
Мұнай негізінде (80-85%) көміртектен және (10-14%) сутектен тұрады. Оның құрамында оттек
(0,1-
1,0%), күкірт (0,1-3,0%), ваннадий, никель, титан, калий, фосфор, германий және т.б.
элементтер де болатыны анықталды.
Мұнайдың тығыздығы – 820-900 кг/м
3
,
орташа молярлық масса салмағы 250-300, жылу
бергіштік қабілеті – 4000-4400 кДж/кг, қайнау температурасы 100
0
С-тан төмен, қату температурасы
- 20
0
С тен + 20
0
С – ға дейін болады.
Мұнайдың жіктелуі:
1.
Парафинді (Баку, Эмба мұнайы);
2.
Нафтен-парафинді (Грозный, Сурохан мұнайы);
3.
Нафтен – ароматты (Майкоп мұнайы);
4.
Парафин – нафтен – ароматты (Майкоптың кейбір мұнайы).
Күкіртке байланысты аз күкіртті (0,5%), күкіртті (0,51-2,0%) және көп күкіртті (2%) болып, 3-ке
жіктеледі. Мұнай құрамындағы парафиндерге байланысты: аз парафинді (1,5% - ке дейін),
парафинді (1,5-6,0%) және жоғары парафинді (6<%) болып бөлінеді.
Мұнайдың құрамында механикалық қоспалар да болады, олар: су, құм, топырақ, минералды
тұздар, күл және т.б. Мұнай құрамындағы су тұндыру арқылы оңай бөлінетін және сумен тұрақты
эмульсия түзетін су болып, екі түрге бөлінеді. Мұнай құрамындағы минералды тұздар суда еритін
(МgСІ
2
,
СаСІ
2
)
күйде болады.
Мұнайды өңдеу арқылы өндірілетін өнімдер: сұйық және газ күйіндегі отындар, майлайтын
майлар, еріткіштер, парафин, вазилин, жеке көмірсутектер және т.б.
Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу әдістері
Мұнай құрамында әр түрлі механикалық қоспалар болатындықтан, өңдеу алдында мұнайды
сол қоспалардан тазартады.
Тереңнен жер бетіне шыққан мұнайды құрамындағы “ілеспе” газдардан бөліп алды. Газ
құрамындағы бензин газын соляр майымен немесе активтелінген көмірмен адсорбциялау арқылы
бөліп алады. Минерал тұздарды жылы сумен шайқап бөледі. Эмульсия күйіндегі суды
деэмульгаторды (нафтен қышқылдарының тұздарын қолданады) қосып немесе 30-40мың В кернеуі
бар айнымалы ток көзіне жалғасқан электродтардың арасынан эмульсия күйіндегі су өткенде
эмульсия бұзылады, су тамшыларын тұндырғанда мұнайдан іріктелініп жеке бөлінеді, яғни суды
мұнайдан электросусыздандыру арқылы бөледі.
Мұнайды механикалық қоспалардан тазартып, құрамындағы көмірсутектерінің физикалық
қасиеттерінің әр түрлі болуына байланысты (қайнау температурасы, кристалдану қабілеттері,
ерігіштігі және т.б.) физикалық әдіспен жеке фракцияларға жіктейді. Көп қолданылатын әдіс–
мұнайды және мұнай өнімдерін тікелей айдау.
Химиялық әдістер – температура, қысым және катализатор әсерінен мұнай және мұнай
өнімдерінің құрамындағы көмірсутектер терең өзгеріске ұшырауына негізделген. Көп
қолданылатын химиялық әдістер- крекинг әдістері.
Мұнай өнімдерін жіктеу, айдау әр түрлі ректификациялау колонналарында ректификациялау
әдісімен орындалады. (Ректификация-қайнау температуралары жақын сұйық заттарды буға
айналдыру әдісімен бір-бірін бөліп тазарту).
Мұнай өңдейтін катализдік процестер әр түрлі конструкциялы қондырғыда жүреді, яғни үздіксіз
қозғалыстағы катализатор қондырылған жанасу қондырғысы немесе қайнау қабатты катализатор
қондырғысыда жүреді.
Мұнайды физикалық әдіспен өңдеу (мұнайды тікелей айдау) мұнайды қайнау
температурасына байланысты фракциялауға негізделген әдіс. Құбырлы пештегі фракциялау 300-
350
0
С температурада атмосфералық қысымында мұнайды буға айналдырып, ректификациялау
колоннасына жіберіледі. Мұнда көмірсутектер: 170
0
С дейін бензин (14,5%) 100-200
0
С аралығында
лигроин (7,5 %), 200-300
0
С аралығында керосин (1,8 %), 300-350
0
С аралығында газойль (5%) және
мазут (55%) фракцияларына жіктелінеді.
Бензиннің құрамында негізінен парафин және нафтен көмірсутектері болуына байланысты
оның
сапасы төмен, октандық саны 50-78 шамасында болады. Ал, бензиннің шығымы 14,5%, этил
сұйығын қосып, бензиннің октандық саны 87-95-ке дейін жеткізеді.
Мазут фракциясын қайтадан тікелей айдауға жіберіледі – ол үшін екінші сатыдағы қатар
орналасқан вакууммен жұмыс істейтін құбыр пешіне жіберіледі. Мұнда 400-420
0
С температураға
дейін қыздырып, буға
айналдырады да, екінші фракциялау колоннаға түседі. Мұнда: 230-250
0
С температура аралығында
ұшқыш майы (10-12%), 260-305
0
С аралығында машина майы (5%), 315-325
0
С аралығында жеңіл
цилиндр майы (3%), 350-370
0
С аралығында ауыр цилиндр (7%) майлары бөлінеді де, 27-30%
мөлшерінде гудрон қалдық түрінде қалады.
4 10
3
3 7
3
3 7
4
3 6
3
2
2
3
3
2
3
2
2
Достарыңызбен бөлісу: |