«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Дәріс хим тех



 

«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер 
№1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері 
Мақсаты:
Химиялық өндірістің дамуы мен маңызы, химиялық өндірістің технико-
экономикалық көрсеткіштері, баланс және оның түрлерімен танысып білу. 

Қысқаша мазмұны: 
Технология – табиғи шикізаттан өндірісте өндірілетін өнімдердің процестері мен әдістері 
туралы ғылым. 
Өндірістік әдіс – шикізаттан дайын өнім алуға дейін жүретін операциялардың жиынтығы.
Шикізаттан дайын өнім алуға айландыратын машиналар мен қондырғылардың жиынтығын 
технологиялық жүйе деп атайды. 
Машина және қондырғыларда жүретін операцияларды сипаттау немесе график түрінде 
кескіндеуді технологиялық үлгі деп атайды. 
Технологиялық үлгі- технологиялық жүйені сипаттайды. 
Химиялық процестер жүретін қондырғыны реактор деп атайды. Әрбір қондырғыда 
бірнеше процестер бір мерзімде: қозғалыс, араласу, жылу, диффузиялық және химиялық 
процестер жүруі мүмкін. 
Технология механикалық және химиялық болып екіге бөлінеді. 
Механикалық технологияда материалдың күйі немесе сыртқы түрі және физикалық қасиетінің 
өзгеру процестерін қарастырады. 
Химиялық технология заттың құрамы, қасиеті және ішкі құрылысының өзгеру процестерін 
қарастырады. 
Химиялық технология химиялық, мұнай химиясында, металлургияда, целлюлоза-қағаз, тамақ, 
тоқыма, жеңіл және құрылыс өндірістерінде қолданылатын химиялық реакциялардың нәтижесінде 
жүзеге асатын өндірістегі өнімдердің процестері мен әдістерін қарастырады. 
Химиялық өндірістерді ұйымдастыру. 
Химиялық өндірістер негізгі және көмекші цехтардан /цех-өнеркәсіптерінің негізгі өндірістік 
бөлімшесінен/ құралады. Өндірістің негізгі меңгерушісі – директор, директордың бірінші 
орынбасары – бас инженер. Бас инженер өнеркәсіптің барлық өндіріс жүрісін меңгереді. 
Өндірісті тікелей завод басқармасы меңгереді. Оның құрамында әртүрлі бөлім меңгерушілері 
болады: өндірістің бас технологы, бас механик, жоспарлау бөлімі, финанс бөлімі, технологияны 
бақылау бөлімі және т.б. бөлімдер. 
Өнеркәсіп құрамында ерекше маңызды бөлімшенің біреуі– орталық зауыт және цех 
лабороториялары. Олардың негізгі міндеттері: өндірісті және өнімнің сапасын бақылау, 
технологияны кемелдендіру, өндіріске жаңа әдістерді енгізу және жаңа өнімдерді өндірудің 
әдістерін ұсыну. Заводтың орталық лабораториясы З.О.Л. құрамында өндірісті бақылау ғылыми 
зерттеу жұмыстарын жүргізетін бөлімшелер болады, олардың құрамында сынау қондырмалары 
болады. З.О.Л. бастығы бас инженерге бағынады. 
Техникалық бақылау бөлімі – Т.Б.Б. – жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз ететін бөлім. 
Т.Б.Б. шикізаттан бастап, оны өңдеу процесін және алынған өнімнің сапасын қадағалап бақылайды. 
Т.Б.Б. бастығы тікелей директорға бағынады. Егер дайын болған өнімнің сапасы стандарттарға 
сәйкес келмесе (стандарттар- бір үлгіге келтіру: мемлекеттік стандарт – МСТ; салалық стандарт – 
ССТ; республикалық стандарт – РСТ; кәсіпорын стандарты – КСТ), Т.Б.Б. бастығы өнімді өндіруге 
тоқтау салуға нұсқау бере алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет