«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты



Pdf көрінісі
бет2/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Дәріс хим тех

Химия өндірісінің маңызы 
Химия өндірісі халық шаруашылығына мыңдаған өнімдер береді, бұларсыз заман 
талабына сай қоғамның дамуы мүмкін емес. 
Әсіресе, жоғары молекулалы қосылыстар, пластмассалар, химиялық талшықтар, 
резинкалардың маңызы зор. 
Қазып алынған отындар, яғни көмір, мұнай, табиғи газ, шымтезекті химиялық жолмен 
өндіру нәтижесінде жоғары молекулалық қосылыстармен бірге кокс, жанғыш газдар және 
басқа да әртүрлі органикалық заттар алынады. Кокссыз заман талабына сай металлургияны 
елестету қиын. Ал онымен өндіріс орны, сонымен қатар машина құрылысы тығыз байланысты. 
Бензин, керосин, лигроин және басқа да мотор отындарысыз авиация және де автомобиль 
транспорттарының жұмыс істеуі мүлдем мүмкін емес. 


Апатит пен фосфориттен суперфосфат, қос суперфосфат және де басқа да фосфорлы 
тыңайтқыштар өндіріледі. 
Күкірт қышқылы және оның тұздары түсті металдар, машина құрылысы, толқыма, тері және 
тамақ өнеркәсіптерінде кеңінен қолданылады. Ал, транспортта күкірт қышқылы аккумуляторларды 
зарядтауда, яғни химиялық энергияны электр энергиясына айналдыруда қолданылады. 
Соңғы кезде микорбиологиялық жолмен белокты препараттарды өндірудің үлкен өндірістері 
іске қосылуда. Шикізат ретінде мұнай өнімінен алынған: парафиндер, спирттер, органикалық 
қышқылдар пайдаланылады. 
Ғалымдар белокты препараттардың жиынтығы болып табылатын аминқышқылдарын 
органикалық синтездеу жолымен алуда. 
Химиялық өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштері өндірісте жүретін процестер 
техника-экономикалық көрсеткіштермен сипатталады. Олар: 
1. 
Шығын коэффициенттері мен өнімдерінің шығымы; 
2. 
Өнім сапасы; 
3. 
Қондырғылардың қуаты мен өнімділігі; 
4. 
Қондырғы мен процестің интенсивтілігі (қарқындылығы); 
5. 
Еңбек өнімділігі; 
6. 
Өнімнің өзіндік құны

1. 
Шығын коэффициенттері η деп - өндіріс процесінде алынған 1 кг немесе 1 т дайын өнім 
шығаруға кеткен әрбір шикізат және энергиялардың жұмсалу мөлшерін айтады. 
Өндірістің шығымы деп химиялық процестің шығын коэффициенттері және басқа да 
көрсеткіштері материалдық балансты есептеуде қажет тәжірибеде алынған өнім санын теория 
жүзінде алынатын өнім санына қатынасын айтады: 


gпр

тєж 


100%
gтеор 
2. 
Дайын өнімнің сапасы. Дайын өнімнің сапасы оның құрамындағы әртүрлі 
қоспалармен сипатталады. Бұл қоспалардың сипаты мен саны бастапқы заттар мен соңғы
өнімдердің тазалығына байланысты. Өндірісте өндірілетін әрбір өнімнің құрамы мен 
қасиеті (сапасы) мемлекеттік және қоғамдық стандарттың нақты талабына жауап беруі қажет 
(ГОСТ, ОСТ) немесе техникалық жағдайға (ТУ) сәйкес келуі керек. 
3. 
Қондырғының қуаты мен өнімділігі (V) өндіріс 
процесінің жағдайында белгілі
бір 
уақытта (τ) 
қондырғының нақты өңдеп шығаратын дайын өнімнің санын (g
тәж
) айтады. 
g тєж 
П 





кг/сағ (немесе т/тәулік) 
W
қуат=Пмакс 
4. 
Процестің қарқындылығы. Процестің немесе қондырғының қарқындылығы (І) оның өнімділігі 
деп аталады. Яғни белгілі уақыт ішіндегі пайдалы көлем (V) немесе қондырғы бетіндегі жұмысқа (F) 
қатынасын айтады. 


П
 



П
 



тєж кг 

м
2





тєж кг 

м
2

/




сағ (тәулік) 

сағ (тәулік) 


Өндіріс процесінің қарқындылығы артқан сайын қондырғының өнімділігі де артады. 
5. 
Еңбек өнімділігі. 
Еңбек өнімділігі деп - кәсіпорынның белгілі бір уақыт ішінде осы өндірістегі бір жұмысшыға 
шаққандағы өнім санын айтады. 
Жоғары еңбек өнімділігі қарқындылық нәтижесінде, яғни өндірістің жаңа, дәйекті әдістері, 
шикізаттың сапасын арттыру әрі заман талабына сай техниканы жетілдіру нәтижесінде артады. 
6. 
Өнімнің өзіндік құны. 
Өнімнің өзіндік құны – белгілі бір мөлшердегі (1кг, 1т) өнімнің өндірілуіне өндіріс процесінде 
жұмсалған барлық ақшалардың жиынтығы қамтиды,яғни өнімнің өзіндік құнына кәсіпорынның 
барлық шығыны енеді. Олар: 
а) Дайын өнімді даярлауға жұмсалған шикізатты даярлау және 
сақтау, 
отын
және басқа да материалдар; 
ә) Кәсіпорынның жұмысшыларға төлеген ақысы (ақшасы); 
б) Жұмсалған электрэнергияға төленген ақшасы; 
в) Еңбек құралдары мен ғимараттардың жарнасын 
төлеу; г) Өнімді сақтау және ақшаға айландыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет