Химиялық термодинамиканың негізі § термодинамиканың бірінші заңы термодинамикалық түсініктер мен анықтамалар



бет46/79
Дата12.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#81779
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79
Байланысты:
Микро сож соож

Е/V = EV= KV/V + σS/V (7)
немесе EV = K + σS/V (8)

Бұл теңдеуден егер бөлшек көлемі (V) үлкен болса, онда теңдеудегі екінші мүшенің мәні азаяды, оны ескермесе де болады, немесе дисперстілік дәрежесі жоғарылаған сайын бөлшек көлемі кішірейе түседі де бөлшек энергиясы негізінен беттік энергиямен байланысады.


Дисперсті фазаны онан әрі молекулаға немесе ионға дейін ұсақтаса, онда мұның салдарынан фазадағы жанасу шегі жоғалып, беткі қабат жойылады. Мұндайда (166) теңдеудің оң жағындағы екінші мүше мәні нөлге теңеледі. Сондықтан да коллоидты-дисперсиялық системаларда өте үлкен мәндегі беттік бос энергия болады. Өйткені олар тіпті аз концентрацияның өзінде де, мысалы, концентрациясы 0,001% болатын бір литр коллоидты ерітіндідегі бөлшектердің жанасу шегінің қосынды беті ондаған шаршы метр-мен өлшенеді.
Термодинамиканың екінші заңына орай бос энергияның артық қоры болатын системалардағы процестер осы энергия қорын төмендету бағытында өздігінен жүре алады. Беттік энергия екі шаманың көбейтіндісі арқылы өрнектелгендіктен, беттің бірлік өлшеміне тиесілі энергия қоры азайғанда беттік энергия да азаюы мүмкін. Коллоидты-дисперсиялық бөлшектердің қосынды бетінің азаюы, бөлшектердің бірігіп, өздігінен үлкеюіне әкеледі, яғни ол коагуляцияланады. Сол сияқты беттік керілу күшінің азаюы дисперсті ортадағы атомдар мен молекулалардың беткі қабатқа тартылу салдарынан болуы мүмкін.


§ 3. АДСОРБЦИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Берілген дененің (заттың) дисперстілік дәрежесі жоғарылаған сайын, ол өзінің көбейген бетіне басқа дененің көп бөлшегін сіңіреді. Еріген немесе газ қалпындағы заттардың қатты дене немесе сұйықтың бетіне өздігінен жиналып, шоғырлана келіп, қоюлану құбылысын сорбция деп атайды. Әдетте өзіне басқаны сіңіруші затты — сорбент, ал оған сіңірілетін затты сорбтив деп атайды. Ал сорбцияға -кері құбылысты десорбция дейді. Сорбтив бөлшектері сорбентке қаншалықты терең сіңуіне байланысты және ондағы пайда болатын өзара әсер мен байланыс күшіне, табиғатына сәйкес сорбция құбылысын қарастырады. Егер сіңіру дененің тек беткі қабатында ғана жүретін болса, онда оны адсорбция деп атайды. Мұнда да сіңіруші затты адсорбент, ал сіңірілетін затты адсорбтив деп атайды.
Сорбент пен сорбтив бөлшектерінің табиғаты мен өзара әрекеттесу сипатына орай, сорбция құбылысын физикалық және химиялық деп бөледі. Физикалық сорбция әлсіз және қайтымды. Ол тек молекулааралық, яғни ван-дер-ваальстік күш әсерімен жүзеге асады. Ал химиялық сорбцияны көбіне хемосорбция деп те айтады және ол қайтымсыз, өйткені ол артық не бос валенттілік арқылы іске асады. Хемосорбцияның өзі онан әрі жіктеле келіп, абсорбциялық және адсорбциялық болып бөлінеді. Бұл бөлулер тек шартты ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет