Изобаралық процесте (р = const) системаның қысымы тұрақты, яғни ешбір өзгеріссіз болуы керек. Мұндай жағдайда соңғы (19) теңдеу мына төмендегідей өрнектеледі:
А=ρ(V2V1) (20)
көлем өзгерісінің көбейтіндісіне тең. Жұмыстың көлем өзгерісіне тәуелділігі 6-суретте көрсетілген және ол Ү1ЕFV2 шектелген тік төртбұрыш ауданымен сипатталады. Бір моль газдың ұлғаюын қарастырғанда, жалпы газ күйін өрнектейтін рV = RТ Клапейрон-Менделеев теңдеуіндегі рV1 мен рV2-ні сәйкес RТ1 және RТ2-мен аүыстырып жазсақ:
яғни изобаралық процестің жылуы (QP) энталышяның өзгеруіне тең.
Ал тұйықталған процесте, системадағы ішкі энергияның өзгеруі нөлге тең (ΔU = 0), қысым мен көлем өзгерісінің көбейтіндісі де нөлге тең (Δ(рV)=0) болғандықтан, ондағы энтальпияның да өзгеруі нөлге тең (ΔΗ = 0). Тек система күйіне байланысты болып келетін алгебралық комбинация шамасы күй функциясы деп аталады, олай болса, қарастырылып отырған рV көбейтіндісі де күй функциясы екен.
Изотермалық процесте (T=const) системаның температурасы ешбір өзгеріссіз, тұрақты болып, оның көлемі мен қысымы өзгереді. Мұнда да тұрақты температура кезіндегі бір моль газдың ұлғаю жұмысы идеал газдардың теңдеуі Клапейрон — Менделеев теңдеуіне тікелей байланыста қарастырылады. Әрине, рV=RТ=>р = RТ/V оны (19) теңдеуге қойсақ, жұмыстың изотермалық процестегі мәнін аламыз:
Осы теңдеуге бағынатын изотермалық процесс нәтижесінде алынатын жұмыс 6-суретте ЕF' қисығымен шектелген V1ЕF'V2 ауданымен өлшенеді: Клапейрон-Менделеев теңдеуінен изотермалық процесте R = соnst, сондықтан RТ = соnst, олай болса қысым мен көлем бір-біріне кері пропорционал екені шығады:
Осы айтылғандарды қысқаша қорытқанда, изотермалық процестегі газдың ұлғаю жұмысы тек көлем мен қысымның кері пропорционалдық жағдайындағы өзгеруіне тәуелді екен және ол жұмыс системаға сырттан енгізілген жылу есебінен жүреді. Демек, системаның температурасы неғүрлым төмен болса, жұмыс солғұрлым аз.