И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Даралық-психологиялық қиындықтар аймағы



бет162/188
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#116357
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   188
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Даралық-психологиялық қиындықтар аймағы

Қарым-қатынас серіктерінің жеке-психологиялық ерекшеліктері (мұғалімнің де (оқытушының), оқушылардың да (студенттердің)) көбінесе коммуникативтік қиындықтардың себебі болады. Оның түсіндірілуі, біріншіден, осы қиындықтар кем дегенде үш күштердің өзара байланысы мен өзара әрекеттерінің нәтижесі: мұғалімнің (оқытушының), оқушының (студенттің) даралық-психологиялық ерекшеліктері және олардың бір-бірін қабылдауы. Е.А. Климов атап көрсеткендей, адамдардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін бейнелейтін іс-әрекеттің даралық стильдерінің сәйкес келуі олардың қиналмай қарым-қатынас жасауларының негізгі шарттарының бірі. Екіншіден, педагогикалық қарым-қатынастағы бұл қиындықты педагог тарапынан өзінің қарым-қатынасқа жағымсыз әсер етуші даралық-психологиялық ерекшеліктерін саналы түрде тежеудің, реттеудің жоқтығымен түсіндіруге болады, мысалға ашушаңдық, артық эмоционалдық, сындарлық, скептицизм және т.б. сияқты ерекшеліктер. Бұл жағдай, мұғалімнің өзін жеке позициясының көрінісі болуымен шиеленіседі, оған сәйкес ол өзінің жеке, эмоционалдық тұрғысынан «табиғи» болуы тиіс. Қарым-қатынасқа неғұрлым көп әсер ететін (және де қарым-қатынастың осы ерекшеліктерінің мүлдем болмауы немесе сәйкес болмауы жағдайында қиындықтар тудырушы) серіктердің жеке-психологиялық ерекшеліктерінің ішінде белгіленетіндер: коммуника-тивтілік (сөйлескіш), контакттілік, эмоционалдық, ұстамдылық, импульсивтілік (реактивтілік), экстра-, интроверттілік, бақылау локусы (экстер-интерналдық), реакциялардың ішкі- және сыртқы кінә тағушылығы, когнитивті стиль ерекшеліктері, әлеуметтік перцепцияның жеткіліксіздігі және т.б.


Қарым-қатынасқа әсер етуші жеке-психологиялық факторлардың ішінде неғұрлым зерттелінген экстраверсия – интроверсия болып табылады. Бұл, біріншіден, қарым-қатынастың осы сипаттамаларымен тікелей және айқын шартталғандығымен түсіндіріледі. Екіншіден, Айзенк сұрақтамасы бойынша оларды анықтау әдістемелерінің ықшамдылығы мен жаттықтырылғандығының арқасында олар жан-жақты зерттелген. Үшіншіден, осы факторлар К. Юнг беделінің арқасында қызығушылық тудырады, өйткені К. Юнг интроверт оның басқаларға емес, өз-өзіне, өзінің ішкі дүниесіне бағытталғанынан жақсы педагог бола алмайды деген. К. Юнгтің пікірі зерттеушілердің назарын аудартып және осы проблеманы зерттеу қажеттілігін тудырмай қоймады. Осылайша, педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің арасында және жаңа бастап келе жатқан мұғалімдердің арасында керісінше интроверттердің көп екені көрсетілді (Л.А. Хараева). Бірақ бұл олардың педагогикалық іс-әрекеті сәтсіз болады немесе олар өзгеруі керек деген сөз емес. Бірнеше жыл табысты жұмыс істеуші мұғалімдердің көпшілігі – амбиверттер, бұл іс-әрекеттің өзінің даралық ерекшеліктерінің өзгеруіне әсер ететінін растайды. Сонымен бірге, зерттеулер көрсетуінше қарым-қатынастың позитивті сипаты– экстраверттілік те – қарым-қатынас десинхронизациясына әкелуі мүмкін (Е.В. Цуканова).
Сөйлеушіде де, тыңдаушыда да қарым-қатынастың белгілі бір қиындықтарын тудыратын даралық-психологиялық факторларға іс-әрекеттің когнитивті стилі жатады. Бұл танымдық, ең алдымен талдамалық-синтетикалық (С.Л. Рубинштейн) іс-әрекет ерекшеліктері-нің, семантикалық есті ұйымдастырудың, тезаурус құрылымының, әрекет пен шешім қабылдау құралдары мен тәсілдерін таңдау стратегияларының ерекшеліктерінің тұтас бір жүйесі. Когнитивті стиль, кез-келген басқа да даралық стиль сияқты, танымдық іс-әрекеттің өзгермелі жағдайларында, соның ішінде коммуникативтік жағдайларда көрінетін тұрақты ерекшелігі. Когнитивті стильдің негізгі сипаттамаларының бірі когнитивтік құрылымдардың, дүние суреті мен бейнесінің сараланып жіктелінуінің дәрежесі екені атап көрсетіледі (Г.А. Берулава). Екі жақты (полярлы) когнитивті стильдер бөлінеді – жоғары және төмен дифференциациялы. Көптеген зерттеулер, төмен психологиялық дифференциациялы субъекттер даралыққа қарағанда тұлға аралық және топтық іс-әрекетті қалайтынын, олардың қарым-қатынаста табыстырақ болатынына куәландырады (Н.П. Иванов). Сонымен қатар, когнитивтік құрылымы жоғары дифференциациялы адамдардың басқа адамды жақсы түсінетіні көрсетілген.
Эмоционалдық реттеудің төменгі деңгейі (немесе оның қарым-қатынаста мүлдем болмауы) елеулі қиындықтар тудырады, ол қарым-қатынас серіктерінің бір-біріне, мәтінге, бүкіл коммуникативтік жағдайға қадағаланбайтын реакцияларынан көрінеді. Стрессор ретінде іс-әрекет, серігі немесе сөйлеушінің өзі болуы мүмкін (Н.В. Витт). Осыған байланысты қарым-қатынастың жалпы сарындылығы, мәтіннің интонациялық, лексико-грамматикалық сипаттамасы, вербалды емес құралдар өзгереді. Олай болса, интеллектуалдық, аффективтік (эмоционалдық), еріктік, мінез-құлықтық, тұлғалық көрінулерді қамтитын жеке-психологиялық ерекшеліктер қарым-қатынасты жеңілдетуі де қиындатуы да мүмкін деуге болады. Педагогикалық қарым-қатынаста қиындықтар туғызатындардың барлығы адамның осы іс-әрекетке лайық болуының кәсіби қажетті шарты ретінде саналы түсінудің және коррекцияның пәні болуы тиіс.
Қарым-қатынас серіктерінің даралық-психологиялық ерекшелік-терінің осы процеске ықпалын белгілей отырып, зерттеушілер акцентуацияланбаған адамдарды назарға алады. Мінез, тұлға акцентуа-циясы (К. Леонгард, А.Е. Личко) – жекеленген қырлардың, тұлғалық, сипаттамалық көріністердің (интеллектуалдық, эмоционалдық, еріктік, мінез-құлықтық) шектен тыс көрінуі. Қазіргі кезде мінез (тұлға) акцентуациясының 13 типі бөлінген, олардың әрқайсысы коммуникативтік көріністердің жалпы мінез-құлықтық өзгешелігіне ие:

  • циклоидты – көңіл-күй фазаларының алмасуымен;

  • гепертимді – үнемі көңіл күйдің жоғары болуы;

  • лабилдік – көңіл-күйдің күрт өзгеруі;

  • астеникалық, оған тән ашушаңдық, шаршағыштық, депрессияға бейімділік;

  • сензитивті – оған өзін толымсыз сезінудің асқынуы, жоғары әсерленгіштік тән;

  • психоастеникалық – жоғары мазасыздық, өзін-өзі талдауға, күдіктенуге, пайымдауға бейімділік;

  • шизоидты кейіп, оған тұйықтық, интроверсия, байланысқа түспеушілік, эмпатияның болмауы тән;

  • эпилоидты кейіп, ол қақтығысшылдықпен, ойлаудың тұтқырлығымен, артық педанттылықпен, жабырқаңқы көңіл-күймен сипатталады;

  • параноялдық (параноидты) кейіп, өкпешілдікпен, үстем болуға ұмтылумен, басқалардың пікірін қабылдамаумен, теріс әсерлердің тұрақтылығымен, жоғары қақтығыстықпен ерекшеленді;

  • истероидті кейіп, өзіне назар аудартуға ұмтылумен, қиялдау-мен, қуланумен, жалғандықпен сипатталады;

  • дистимдік – депрессияға, төмен, қабағы ашылмайтын көңіл-күйге бейім;

  • тұрақсыз – көңіл күйі оңай ауысатын, ықпалға түсіп кетуге бейім;

  • конформды кейіп сыншылдықтың жеткіліксіздігімен, басқалар-дың пікіріне тәуелділікпен сипатталады.

Акцентуацияның таза түрлері өте сирек кездеседі, көбінесе аралас түрлер мен акцентуациясы айқын көрінбейтін түрлер кездеседі. Алайда, акцентуацияланғандық кез-келген жағдайда қарым-қатынас сипатынан көрінетіні анық. Осыған байланысты ол коммуникативтік жағдайға сәйкес болмауы мүмкін (түсінбеу, ашулану, қорлау, қарым-қатынасты тоқтату). Педагог адам ретінде, ең алдымен, өзінің жеке-психологиялық ерекшеліктерін, оқушылардың ерекшеліктерін білуі керек және қарым-қатынастағы қиындықтардың алдын-алу үшін оларды есепке алуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет