И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет45/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   149
Тыңда,  дала,  Жамбылды  (Жамбыл).  Мысалдағы  етістік 
баяндауыштың әрқайсысы бірнеше морфема бөлшектен түрып, 
сөздің  әрбір  түлғасы  ойға  лайық  жеке-жеке  грамматикалық 
мағына  білдіріп  түр:  бар-ды-м,  (айғай)  сал-ды-м,  шық-ты, 
тың-да.  Осындағы  түбір  түлғалар  қимылды  білдіріп,  одан 
кейінгі  -ды,  -ты  морфемалары  сол  қимылдың  айтып  түрған 
сәтке  байланысты  болу мезгілін,  шақтық мағынаны,  яғни осы 
қимылдың  айтып  түрған  кезден  бүрын  болғандығын  білдіріп 
түр.  Алғашқы  екі  сөздегі  -м   түлғасы  қимылдың  иесін,  яғни 
сол қимылды орындаушы кім (субъект) екенін және қимыл иесі 
кез  келген  біреу  емес,  бірінші  яғни  айтушы  жақтың  өзі  (мен) 
екенін  көрсетіп  түр.  Ал  үшінші  сөзде  ондай  грамматикалық 
түлға жоқ,  бірақ соған  қарап  бүл  сөз  қимыл  иесін  (субъектіні) 
білдірмейді  екен  деп  ойлауға  болмайды.  Осы  сөздің  фор- 
масы  арқылы  қимылды  (шығуды)  іске  асырушы  субъектіні 
біле  аламыз,  ол  субъект  үшінші,  бөгде  жақ,  ол  (жаңғырық). 
Сонда  қимыл  иесін  мегзеп,  үшінші  жақты  білдіріп  түрған 
қандай  форма?  Сөздің  соңғы  формасы  -ты  ондай  мағынаны 
білдіре  алмайды,  оның мағынасы -  тек өткен  шақтық мағына. 
Міне,  осы  сөздің  қүрамында  формальдық түрде  арнайы  түлға 
болмағанмен, ерекше грамматикалық мағына, жақтық мағына 
бар.  Ол  мағына  контекс  арқылы,  айқын  сезіледі.  Осындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет