Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары


Стандарт «Ерте жастағы балалардың дем алу жиілігін санау»



бет15/26
Дата21.05.2022
өлшемі217,5 Kb.
#35208
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
4.15. Стандарт «Ерте жастағы балалардың дем алу жиілігін санау»
Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіші: бақылау
Дайындаңыз: секундомері бар сағат, температура парағы, қаламсап.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсаты мен жүргізу барысын түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды жуып, кептіріп, жылытыңыз.

  3. Баланы жатқызыңыз, кеуде торының алдыңғы бөлігін және ішін босатыңыз (емшек жастағы баланың дем алу жиілігін ұйқтап жатқан кезінде санаған жөн).

  4. Бір минут көлемінде кеуде торының және ішінің қимылын бақылаңыз.

  5. Егер көзбен бақылау қиын болса, дем алу түріне қарай қолыңызды кеуде торына немесе ішіне қойып, бір минуттағы тынысын санаңыз:

  1. Температура парағына нәтижесін жазыңыз.

  2. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту: ерте жастағы балалардың дем алуын санаған кезде фонендоскоп қолдануға да болады.


Дем алу жиілігі:

  • жаңа туылған балаларда – минутына 40-60 рет;

  • шала туылған балаларда – минутына 60-80 рет;

  • 1-2 жастағы балаларда – минутына 30-35 рет;

  • 5 жастағы балаларда – минутына – 20-25 рет;

  • 10 жастағы балаларда – минутына 18-20 рет;

  • 15 жастағы балаларда – минутына 16-18 рет;



4.16. Стандарт «Ерте жастағы балалардың жүрек соғуының (пульс) жиілігін санау»
Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіші: бақылау
Дайындаңыз: секундомері бар сағат, температура парағы, қаламсап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет