Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары


Стандарт «Гипертермия кезіндегі шұғыл көмек алгоритмі»



бет24/26
Дата21.05.2022
өлшемі217,5 Kb.
#35208
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Балалар ауруы стандарттар

4.28. Стандарт «Гипертермия кезіндегі шұғыл көмек алгоритмі»
1. Баланы төсекке жатқызу.
2. Денесін қысатын киімдерді шешу.
3. Таза ауа келуін қамтамасыз ету.
4. Баланың дене қызуын өлшеу.
а) егер баланың дене қызуы 37,0-37,5°С болса, сұйықтықты көп ішу
б) егер баланың дене қызуы 37,5-38,0°С болса:
Баланы шешіндіру
Физикалық салқындату: 1:1 спиртті араластыр, баланың денесін сүртіп, қымтау.
Маңдайына салқын компресс қою
в) егер баланың дене қызуы 38,0-38,5°С және одан жоғары болса:
Дене қызуын түсіретін дәрілер беру: панадол, парацетамол, ибупрофен және т.б.
5. Оксигенотерапия өткізу
6. Осы іс-шаралардың алдында 20-30 мин бұрын, баланы кіші дәретке отыруын шақыруға тырысу.
7. 20-30 мин кейін дене қызуын өлшеу
8. Егер дене қызуы түспесе осы іс-шараларды қайталау.


4.29. Стандарт «Құрысып-тырысу кезіндегі шұғыл көмек алгоритмі»
1. Баланы тегіс жерге жатқызу, жаралайтын заттарды алып тастау.
2. Денесін қысатын киімдерді шешу.
3. Таза ауа келуін қамтамасыз ету, егер мүмкіндік болса дымқылдатылған оттегін беру.
4. Азу тістерінің ортасына мақтамен немесе дәкемен оралған орамал түйінін немесе шпательді қою.
5. ОЖЖ тыныштандыратын дәрілерді және мидың гипоксияға табандылығын жоғарылататын дәрілерді бұлшық етке немесе көк тамырға енгізу:
Реланиум (сибазон, брузепам) – 0,1мл/кг немесе
Дроперидол 0,1-0,2мл/кг 1 жыл жасына немесе
25% магнезияның күкірт қышқылын 0,1-0,2мл/кг немесе
ГОМК 50-100мг/кг


4.30. Стандарт «Стеноздық ларенгит кезіндегі шұғыл көмек алгоритмі»
1. Тыныштық жағдай орнату.
2. Баланы жатқызу.
3. Баланы басын жоғары көтеру.
4. Денесін қысатын киімдерді шешу.
5. Таза ауа келуін қамтамасыз ету.
6. Баланың көңілін аулау: ыстық аяқ ваннасы (судың температурасы 38-39°С), аллергиялық реакциясы болмаса кеуде қуысының жоғарғы бөлігіне және балтырына қыша қағазын қою, сонымен қатар аяғына жылытқыш қою.
7. 2%натрий бикорбанатымен булы ингаляция жасау (түймедақ, жалбыз, өгейшөп, эвкалипт тұнбалары).
8. Жылы сілтілі сұйықтық беру (сүт, минералды су «Боржоми». Жиі және аздап ішу ұсынылады).
9. Мұрын қуысына тамырларды тарылтатын сұйықтық тамызу.
10. Адреналин ерітіндісімен ингаляция жасау (стеноздың 2- дәрежесінде эпинефрин).
11. Оксигенотерапияны бастау.
12. Аэрозолды ингаляция жасау: сальбутамол немесе беротек (2рет дем алу).
13. Преднизалон, эуфиллин, супрастинді бұлшық етке немесе көк тамырға енгізу.
14. Егер нәтижесі болмаса немесе гипоксияның 3-4 дәрежелі стенозында шұғыл түрде кеңірдек интубациясын жасау.
15. Баланы шұғыл түрде мамандандырылған бөлімшеге жеткізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет