Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары


Стандарт «Өкпе-жүрек реанимациясы кезіндегі шұғыл көмек алгоритмі»



бет25/26
Дата21.05.2022
өлшемі217,5 Kb.
#35208
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Балалар ауруы стандарттар

4.31. Стандарт «Өкпе-жүрек реанимациясы кезіндегі шұғыл көмек алгоритмі»
Негізгі біріншілік реанимациялық шаралар АВС – Софара ережесіне сәйкес жүргізіледі.
А дәрежесі – қайта қалпына келтіру және тыныс жолдарының өтімділігін сақтау.
В дәрежесі – өкпені жасанды желдету.
С дәредесі – жүректік реанимация
А дәрежесі:
1.Баланы арқасымен қатты жерге жатқызу. Көмек шақыру.
2. Бір қолды оның мойынның астына немесе иығының астына үйінді қойып, екінші қолды маңдайына қойып, басын шалқайтып, астыңғы жағын алдыға және жоғары шығарып, баланың аузын ашу (басын шалқайту тыныс жолдарын ашу үшін жасалады).
3. Тыныс жолдарын сілекейден, құсықтан тазарту: аузын және тамағын дымқыл дәкемен тазарту немесе резенке баллонмен немесе электрлі сорғышпен сорып алу).
В дәрежесі:
4. Баланың аузы мен мұрнына орамал қой.
5. Терең тыныс алып, баланың ашық тұрған аузын өз аузынмен толық қамтып, бетіңмен онын мұрнын қысу (1 жасқа дейінгі балалардың мұрнын және аузын қамту).
6. Баланың тыныс жолдарына ауаны оның кеудесі көтерілетіндей көлемде жіберу (сіздің деміңіздің 1/2 немесе 1/3 бөлігі).
7. Жасанды тыныс беруді бала өздігінен дем алғанша немесе реанимациялық жағдай біткенше жалғастыру.
С дәрежесі:
8. Баланы қатты тегіс жерге жатқызу.
9. Кеудесін басатын орынды табу:
Жаңадан туған және емшектегі балаларда ол нүкте емшек ұшы ортасынан бір саусақ төмен орналасады.
6 – 7 жас кеуденің ортаңғы және төменгі үшінші бөлігі
7 жастан жоғары балаларда семсер өсіндіден екі саусақ жоғары орналасады.
10. Баланың жасына қарай саусақтарды басу нүктесіне орналастыру:
Жаңа туған балаларда – бас бармақ немесе екі қолдың бас бармағымен, ал қалған саусақтармен кеуде қуысын ұстау;
Емшектегі балаларда – сұқ және ортаңғы саусақтар;
1-7 жас – алақанның проксимальды бөлігі;
7 жастан жоғары – екі қолмен, «көбелек» секілді айқасқан түрде;
11. Кеудені итергендей басу, 0,5с тежелу арқылы (жасанды систола), содан кейін қолды тез босату, кеудеден алмай (жасанды диастола).
12. Жүрек массажының нәтижесін реанимациядан 1 мин кейін бақылау (егер тамыр соғысы анықталса, көздің қарашығы кішірейсе, цианоз кете бастаса нәтижесі бар).
13. Дымқылданған оттегі беру
Ескерту: жасанды тыныс алдыру мен жүрекке тікелей емес массаждың ара қатынасы 1:5(егер 2 адам көмек көрсетсе) немесе 2:10(егер 1 адам болса).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет