І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі



бет14/61
Дата10.05.2022
өлшемі155,4 Kb.
#33849
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Практикалық әдіс – бұл әдістің мақсаты баланың алған білімін іс жүзінде пайдалануын қамтамасыз ету. Балабақшада көбінесе практикалық әдіс ойын түрінде өткізіледі. Мысалы, оқылған ертегілерді, әңгімелерді кейіпкерлендіру арқылы сценарии құру арқылы балаларға рольдерді бөліп беріп, шығарманың оқиғасын еске түсіруге болады.

Тәсілдер:

Белгілі бір әдістің қолданылуы вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу, дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуінтәсіл деп атайды.



Тіл дамыту әдістемесінің тәсілдері:

  1. Негізгі

  2. Жанама болып екіге бөлінеді.

Негізгі тәсілдерге: Тәрбиешінің сөзі, түсіндіру, сұрақтары, бала білімін бағалауы, бағыт сілтеуі жатады. Ал жанама тәсілге: ескертпе, ақыл беру, айтып беру, түзету жатады. Кейде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнына қарай бір оқу іс-әрекетінде негізгі тәсілдердің бірнешеуі қолданылуы мүмкін және олардың біреуі негізгі болады да, қалғаны жанама болады. Мысалы, әңгімелесу кезінде сұрақ тәсілі негізгі болғанымен баяндау кезінде көмекші роль атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет