І бөлім Құрастырған Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. С. Шарпекова



бет52/53
Дата06.01.2022
өлшемі164,64 Kb.
#11375
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
5- нұсқа
1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Әдепті.
В) Әдемі.
С) Сыпайы.
D) Мықты.
Е) Салмақты.

2. Буын түрін анықтаңыз.
A) Тұйық.
В) Жалғау.
С) Жалаң.
D) Буын.
Е) Тасымал.


3. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Септік.
В) Жіктік.
D) Көптік.
C) Тәуелдік.
Е) Етістік.

4. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.
А) Сен дегенде сөз бар ма?
B) "Келешек - өткен тарихты қорғау", - дейді Олжас Сүлейменов.
С) Балалардың соңғы ермегі -"Ақсүйек", "Соқыр теке".
D) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
Е) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.

5. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -...
А) Ынтымақ күні.
В) Конституция күні.
С) Тәуелсіздік күні.
D) Республика күні.
Е) Жеңіс күні.

6. Қазақстанның көне қаласын белгілеңіз.
А) Астана.
В) Орал.
С) Ақтау.
D) Отырар.
Е) Атбасар.

7. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.
А) Алаша, көрпе, төсеніш.
В) Кесе, қасық, пышақ.
С) Кітап, дәптер, қалам.
D) Шолпы, білезік, сырға, қапсырма.
Е) Қару - жарақ, ер - тұрман, қоржын.

8. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз.
А) Шахмат.
В) Дойбы.
С) Баскетбол.
D) Тоғызқұмалақ.
Е) Лото.

9. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.
А) Апта.
B) Қыс.
С) Жаз.
D) Күз.
Е) Көктем.

10. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.
A) Қорқақ.
В) Әлсіз.
С) Салмақты.
D) Батыр.
Е) Күшті.

11. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Іс, сапар.
B) Кінәлі, айыпты.
С) Апару, әкелу.
D) Жүмысшы, оқушы.
Е) Мәртебелі, сыйсыз.

12. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:
А) Оқушылар.
В) Көйлектер.
С) Қонақтар.
D) Қайындар.
Е) Дәптер.

13. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар.
В) Айман.
С) Алпыс.
Б) Азат.
Е) Аймақ

14. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын!

А) Сілтеу, жалпылау.
В) Жіктеу, болымсыздық.
С) Жіктеу, сілтеу.
D) Жалпылау, белгісіздік.
Е) Жіктеу, өздік.

15. Шартты райлы етістікті табыңыз.
А) Ертең мектепке кел.
В) Содан кейін мені сына.
С) Өзің білесің, біз момын шаруамыз.
D) Бір көрсем, арманым болмас еді.
Е) Жүкті шешпе, үйді әуре қыласың.

16. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар
А) 22 наурыз күні біз демаламыз.
В) Табиғатты аялайық.
C) Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.
D) Табиғат адамға бәрін береді.
Е) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады.

17. Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде.
В) Жыл құстары.
С) Жылы.
D) Ұшып кетеді.
Е) Жакқа.

18. Қазақ халқын жоңғарлардан қорғаған батырды табыңыз.
А) Тоқтар.
В) Мәншүк.
С) Бауыржан.
D) Райымбек.
Е) Талғат.

19. Қазақ халқының ежелгі баспанасын табыңыз.
А) Шалаш.
В) Кірпіш үй.
С) Киіз үй.
D) Саман үй.
Е) Коттедж.

20. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Ең, өте, тым.
В) Аш, ат, от.
С) Есім, мысал, көп.
D) Ал, жай, көр.
Е) Ет, кет, аса.

21. Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма?
В) Сенің балаң.
С) Ешкімің жоқ.
D) Жақсың қайсы?
Е) Біреуің кел.

22. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді.
В) Заттың дәл нақты санын білдіреді.
С) Заттың санын топтап көрсетеді.
D) Заттың реттік санын білдіреді.
Е) Заттың санын жинақтап көрсетеді.

23. «Бала» сезіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.
А) - шы.
B) - лық.
С) - тың.
В) - лік.
Е) - ші.

24. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.
A) Қашанға дейін?
В) Не себепті?
С) Неге?
В) Неліктен?
Е) Не мақсатпен?

25. Жекіру одағайын табыңыз.
А) Әттеген - ай.
В) Беу.
С) Тәйт.
D Рахмет.
Е) Моһ – моһ

6-нұсқа

1. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Бас, аяқ.
В) Мұғалім, оқушы.
С) Бас, жақ.
D) Әдемі, сұлу.
Е) Үлкен, кіші.

2. Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз.
A) Серт.
В) Уәде.
С) Болжам.
Б) Қағида.
Е) Ереже.

3. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Кім, не.
В) Ешкім, ештеңе.
С) Ешқашан, ешбір.
D) Олар, сендер.
Е) Анау, мынау.

4. Сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз
A) 5.
B) 4
С) 3.
D) 2.
Е) 6.

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторын анықтаңыз.
А) Мұзафар Әлімбаев.
В) Шотаман Уәлиханов.
С) Шәкен Ниязбеков.
D) Қадыр Мырза - Әлі.
Е) Жандарбек Мәлібекұлы.

6. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -...
А) Ынтымақ күні.
B) Конституция күні.
С) Тәуелсіздік күні.
D) Республика күні.
Е) Жеңіс күні.

7. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.
А) Алаша, көрпе, төсеніш.
В) Кесе, қасық, пышақ.
С) Кітап, дәптер, қапам.
D) шолпы, білезік, сырға, қапсырма.
Е) Қару - жарақ, ер - тұрман, қоржын.
8. Әбунасыр Әл - Фарабидің туған қаласын көрсетіңіз.
А) Дамаск.
B) Самарқанд.
С) Тараз.
D) Отырар.
Е) Сайрам.

9. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.
А) Апта.
В) Қыс.
С) Жаз.
D) Күз.
Е) Көктем.

10. Сездің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ж, 3.
В) У, X.
С) Ң, Й.
D) Л, Р.
Е) Ғ, Г.

11. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз.
А) Терезелер.
B) Баласыңдар.
С) Қызға.
D) Доптың.
Е) Жастығымыз.

12. Дара сын есімді көрсетіңіз.
А) Ақ.
В) Қара ала.
С) Қара көк.
D) Қызыл сары.
Е) Ақ ала.

13. Реттік сан есімді табыңыз.
А) Он бір.
В) Он - он бес.
С) Екі бүтін оннан үш.
D) Он бірінші.
Е) Отыз тоғыздан.

14. Туынды түбірді анықтаңыз.
А) Жол.
В) Тазалық.
С) Сынып.
D) Жаңа.
Е) Бол.

15. Туынды зат есімді анықтаңыз.
Оқытушы.
В) Ғалым.
С) Ел.
D) Жол.
Е) Қыз.

16. Қалау райлы етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.
А) - а, - е, - й.
В) - са, - се.
С) - мын, - мін.
D) - ғы, - п.
Е) - ның, - нің.

17. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар
А) 22 наурыз күні біз демаламыз.
В) Табиғатты аялайық.
C) Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.
D) Табиғат адамға бәрін береді.
Е) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады.

18. Оқшау сөздер түрлерін анықтаңыз.
A) Қыстырма сөз, қаратпа сез, одағай.
В) Шылау, үстеу.
С) Жалғаулықтар, демеуліктер.
D) Жұрнақтар, септіктер.
Е) Қыстырма сөз, қос сез.

19. Арал теңізінің солтүстік - батыс бөлігінде орналасқан қорықты көрсетіңіз. А) Қорғалжын.
В) Ақсу - Жабағалы.
C) Барсакелмес.
Б) Наурызым.
Е) Алматы.

20. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Суық сөз.
В) Ыстық ықылас.
С) Ақ ниетті.
D) Жақсы адам.
Е) Терең ойлы.

21. Антоним сөздерді табыңыз:
А) Биік, аласа.
В) Кілтпен ашты.
С) Әдепті бала.
D) Әдейі, арнайы.
Е) Қалаға барды.

22. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай түрлерін белгілеңіз.
А)Жуан, жіңішке.
В) Қатаң, ұяң.
C) Езулік, еріндік.
D) Үнді, қатаң.
Е) Ашық, қысаң.

23.. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.
А) Қорықта көптеген орман - тоғайлар бар.
В) Марқакөлдің суы таза, тұщы.
С) Бүгінгі Түркістан - үлкен, әсем қала.
D) Анасын баладан айыруға болмайды.
E) Арқалықтың тарихында ерекше қадірлі жерлер бар.

24. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататын анықтаңыз. Ол жақсы
оқыса, университетке түседі.
А) Қарсылықты.
B) Шартты.
С) Себеп.
D) Мақсат.
Е) Мезгіл.

25. Одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қазіргі кезде интернет ешкімге де таң емес.
В) Жастардың көбі жеңіл музыканы ұнатады.
С) Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың.
D) Ах! Болат сен кешегі гала-концертті көрдің бе?
Е) Билл Гейтс - қазір дүниедегі ең бай адам.

7-нұсқа

1. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Зор, үлкен.
В) Бай, кедей.
С) Пайдалы, зиян.
D) Туған, қайтыс болған.
Е) Кең, тар.
2. Үнді дыбыстары бар сөзді табыңыз.
A) Наным.
В) Жаға.
С) Отбасы.
Б) Көкжиек.
Е) Бастық.

3. Үнді дауыссыздарды көрсетіңіз.
А) Ң, Р, Л, М...
В) С, У, Ш, Ң...
C) K, Л, М, Н...
D) И, Ң, В, Г...
Е) Р, Л, М, И...

4. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Марал, қант.
В) Өрт, ас.
C) Бұғы, ұлт.
D) Жоқ, от.
Е) Арқа, көңілге.

5. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Анау бала.
B) Менің әжем.
С) Алты адам.
D) Әдемі қыз.
Е) Жеті қыз.

6. Пысықтауышты табыңыз.
"Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 16 жылдығын тойлады.
А) Тойлады
В) Қазақстан
C) Тәуелсіздігінің
D) Биыл
E) 16 жылдығын

7. Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?
A) 1995 ж.
В) 1998 ж.
С) 2001 ж.
D) 2003 ж.
Е) 1994ж.

8. Мақалды толықтырыңыз: «Отанс... - ормансыз бұлбұл»
А) аспан.
B) ер
С) адам.
D) жер.
Е) ел.

9. Әбілхан Қастеев кім екенін анықтаңыз.
А) Ғалым.
B) Суретші.
С) Қоғам қайраткері.
D) Жазушы.
Е) Ақын

10. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Туылу, дүниеге келу.
В) Терең, саяз.
C) Жүрек, сезім.
D) Ортаншы, кіші.
Е) Таразы, тартылу.

11. «О» дыбысы қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
А) Жіңішке дауысты.
В) Езулік дауысты.
С) Сөздің кез келген буынын талғамайды.
D) Ашық дауысты,
Е) Қысаң дауысты.

12. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
А) Мемлекетте.
В) Мемлекеті,
C) Мемлекеттік.
D) Мемлекеттің.
Е) Мемлекетім.

13. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.
А) Әрне, қайбір.
B) Ешкім, ешқайсысы.
C) Бірдеме, біреу.
D) Өзің, өздері.
Е) Түгел, тегіс.

14. Қалау райда тұрған сөзді табыңыз.
А) Айтқым келеді.
В) Айтуға болады.
С) Айтқан.
D) Айтса.
Е) Айтып отыр.
15. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
A) Далада қар бар.
B) Бұлар қыста келіп кеткен.
С) Бостандық өздігімен келмейді.
D) Ауыл жастар мұндай затқа қызықпайды.
Е) Олар Абаймен көп ақылдасты.

16. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мен әлі отырмын.
В) Көктем.
С) Мен ояумын.
D) Таң атып келеді.
E) Айнала жап - жасыл екен

17. Б. Момышұлы кім екенін көрсетіңіз.
А) Сазгер.
B) Суретші.
C) Жауынгер - жазушы.
D) Әнші.
Е) Қайраткер.

18. Қазақтың ұш жүзінің басын қосқан ханды анықтаңыз.
А) Кенесары хан.
В) Әбілхайыр хан.
С) Қасым хан.
D) Абылай хан.
Е) Тәуекел хан.

19. Мектепті бітіргенде оқушы қандай білім алатынын анықтаңыз.
А) Кәсіби білім.
В) Арнайы орта.
С) Жоғары білім.
D) Орта білім.
E) Бастауыш білім.

20. "Білім кілті - тіл" дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
A) Знание - сила
В) 3нание ключ к языку.
С) Язык и знания сила
D) язык ключ к знаниям
E) Люби и береги свой язык.

21. ЕсептІк сан есімді табыңыз.
A) Төртінші.
B) Сегізінші.
С) Он.
D) Үш - үштен.
Е) Алтау.

22. Қыстырма сөзді табыңыз.
А) Ой.
В) Мүмкін.
С) Әкем.
D) Сары.
E) Тоғыз.

23. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкендерді араладық.
В) Мен барғанша, ол кетіп қалды.
С) Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.
D) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз.
Е) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.

24. Одағай қандай сезімді білдіреді, анықтаңыз. Бәрекелді, әжем базарлық әкелді!
А) Бұйыру.
В) Жекіру.
С) Шақыру.
D) Көңіл - күй.
Е) Қайталау.

25. Қазақстанмен шектескен мемлекеттерді көрсетіңіз.
А) Әзірбайжан, Ресей, Литва, Иран, Ауғанстан
B) Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай.
С) Түркіменстан, Әзірбайжан, Иран, Ауғанстан.
D) Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан.
Е) Қытай, Ресей, Ирак, Ауғанстан.



8-нұсқа

  1. Көнерген сөзді табыңыз

А) Сәукеле

В) Кереует

С) әуежай

Д) диалект

Е) үнтаспа

2. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстардың нешеге бөлінетіндігін көрсетіңіз

А) 1

В) 3

С) 2

Д) 4

Е) 5

3. Буынға дұрыс бөлінген сөзді белгілеңіз

А) шаһ-арын, т-ары

В) та-был-ған, ар-дақ

С) бұқа-ра, о-шақ

Д) қау-ын, си-ыр

Е) ауыл-да, арбак-еш

4. Орфографиялық ережеге сай жазылмаған сөзді табыңыз

А) көңілді

В) көңілсіз

С) қатыңқы

Д) құламалы

Е) құзұрлы

5. Анатомиялық атау ұғымындағы біріккен сөзді табыңыз

А) септесу

В) себелеу

С) сегізаяқ

Д) серіктес

Е) сегізкөз

6. Еліктеуіш қатарын анықтаңыз

А) жарқ-жұрқ, ербең, ажыраң

В) болпаң, елпең, кіржің

С) адыраң, едірең, сидаң

Д) шаң-шұң, пыр-пыр

Е) қалт, жалт, далаң-далаң

7. Заттық ұғымды білдіретін синонимдерді көрсетіңіз

А) көңілсіз, ықылассыз

В) күдіктену, шүбәлану

С) уақыт, мезгіл

Д) зерек, алғыр

Е) абайсызда, қапыда

8. Антоним сөздерді табыңыз

А) семіз, арық

В) жүректілік, батырлық

С) бүйрек, ағза

Д) қамқорлық, көмек

Е) әсем, сұлу

9. Көмекші есімді қатарды табыңыз

А) Әсемпаз болма әрнеге

В) Немересін алдына алған кәрі әже ақырын бесік жырын айтады

С) Бір қағазды алып, тесіле оқыды

Д) «Жанға жан, қанға қан!»-ұран болды

Е) Ауылдың малы қалың орман екен.

10. Салыстырмалы шырай жұрнақтарын ажыратыңыз

А) –қы,-лы,-сыз,-лық,-қор

В) –малы,-ек,-ақ,-шек

С) –у,-ған,-ген,-атын,-етін

Д) –мақ,-шы,-ғай,-ып

Е) –рақ,-рек,-лау,-шыл,-аң

11. Болжалдық сан есіммен жасалған пысықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз

А) Қорқытты қадірлеудің Сырдария өңірінде мың жылдық өнегесі бар.

В) Қазақ даласында, шамамен, осыдан он-он бес мың жылдай бұрын қазіргі географиялық ортаға ұқсас жағдай қылыптасып үлгерді.

С) Елдің бегі болса ақылды, саналы,

Екі әлемде сыйлы орын алады

Д) «Шипагерлік баян» кітабында өсімдіктен алынатын 728 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілер аталады

Е) Екеуінде адамдықтың белгісі,

Ақыл, білім адастырмас, ей, кісі!

12. Сілтеу есімдігінің септелген түрін көрсетіңіз

А) өзіммін

В) кейбіреу

С) осының

Д) бізге

Е) кімдер

13. Жіктелмейтін көсемше жұрнақтарын табыңыз

А) –а,-е,-й

В)-ып,-іп,-п

С) –ған,-ген,-қан,-кен

Д) –ғалы,-гелі,-қалы,-келі

Е) –ар,-ер,-р

14. Мекен үстеуді табыңыз

А) Ауылдан тысқары жерде мал жайылып жүр.

В) Шұбар қаршығасын амалсыз жұртқа көрсетті.

С) Көзбе-көз қасқырға мал талатып тұра ала ма?

Д) Келгендер үй ішіне әрең амандасты.

Е) Сөзіне ешкім құлақ аспаған соң, әдейі іркіліп, үнсіз қалды.

15. Жалғаулық шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз

А) Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.

В) «Шын жүйрік-ау!»-деген ой келді.

С) Оқуға бар ынта мен жігеріңді сал.

Д) Біз ертең-ақ келеміз.

Е) Ойына алғаны орындалған соң, сәнді өмірі басталды.

16. Сөйлемдегі есімді сөз тіркесінің санын анықтаңыз

Құдасының ауылына Ұлжан отыз шақты кісімен келген.

А) бесеу

В)біреу

С) төртеу

Д) үшеу

Е) екеу

17. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз

А) Тілмаш ашуланып қалды

В) Мен демалайын, жұмысқа сен бар

С) Біз бір мал баққан момын елміз

Д) Ақылды адам айтқызбай біледі

Е) Қанша ауыл қырғынға ұшырады

18. Сөйлемдегі пысықтауыш түрін анықтаңыз

Сен түсінбегендіктен айта алмадың

А) мекен

В) мезгіл

С) амал

Д) мақсат

Е) себеп

19. Қыстырма сөзді көрсетіңіз

Асанның сөзіне қарағанда, мәселе ертең шешілетін тәрізді

А) мәселе

В) ертең

С) шешілетін

Д) Асанның сөзіне қарағанда

Е) тәрізді

20. Күрделі сөз қатыспаған қатарды көрсетіңіз

А) Мың-мың сала өмірдің өрісі бар,

Керегіңді мөлшерлеп бөлісіп ал

В) Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыс тауың,

Тарихын тамашаға толы айтады.

С) Самалың бетті сипап жүрек тербер,

Әсем ән, «Саржайлаудай» күйің қандай!

Д) Тыныш-ақ Есіл ағысы

Талдарын самал тербейді.

Е) Сарыарқа сал домбыра секілденіп,

Жанымның лүпіліне бекінді еніп.

21.Жақсыз сөйлемді анықтаңыз

А) Астанада ұлттық құндылықтарды насихаттауды қолға алу керек.

В) Мұндай өлеңдер ауылдан тамыр тартқан қаламгерлердің шығармаларында көп кездеседі.

С) Қазақтың даласында ұлттық киелі ұғымдарды сол күйінде сақталған еді.

Д) Жусан иісі мен киесі атамекен деген түсінікпен қатар жүретінін айғақтап берді.

Е) Ұлттың болмысын жадына түйген, көкірегі қазына қарияларды күмбірлетіп сөйлетеді.

22. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз

А) Тыстағы жұмыс біткен кезде, күн де қызара бата бастады.

В) Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді.

С) Жасы менімен шамалас бола тұра, ақылды, мінезі ел ағасына ұқсайды.

Д) Ол жауап қатпаған соң, Сәкенді де күдікті ойлар тори бастады.

Е) Алдына бір қарасаң, артыңа бес қара.

23. Автор сөзінің ортасына келген төл сөзді анықтаңыз.

А) Бетін жуып, отырды төрге барып,

Құрт берді сары майды және салып

В) Еңлік аттандырарда: -«Қош аман бол, келіп, жүр, Кебек»,-деді

С) Кебек сонда шалға айтты: - Ей, ақсақал,

Өзің таңдап түлкінің біреуін ал.

Д) «Қайда жүрсең, аман жүр, батырым»,-деп

Бел асқанша артынан қарап тұрды

Е) «Иесімен ас тәтті» деп Еңлікті

Шақырып ап екеуі отырды жеп.

24. Сөйлемдегі қойылмаған тыныс белгіні анықтаңыз

Ерлік ел есінде

А) нүкте

В) сызықша

С) көп нүкте

Д) қос нүкте

Е)дефис

25. Іс қағаздар стиліне тән ерекшелікті көрсетіңіз.

А) Тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп айтады.

В) Сөйлемдер, негізінен, номинативті, екі негізді болып келеді.

С) Сөйлемдердің интонациясы мәтінге әсерлілік беру үшін айрықша құрылды.

Д) Сөз экспрессивті, екпінді болды.

Е) Экспессивті сөздер қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет