· Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зеттеумен шатастыруға болмайды.МКДЖ бағдарламасы «мұғалім-зерттеуші» түсінігіне емес «мұғалім- дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған.Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды.Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар,жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып,рефлекция мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды.Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады,мысалы:әріптестер арасындағы пікірталастар.желіде орналастырылған есеп беруді оқу,оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау,әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабағына қатысу.Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес,диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.
15. Педагогикалық қабілеттерді айтыңыз. Педагогикалық қабілеттер — мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).