13. Оқытуды басқару және көшбасшылық туралы ұғымдардың анықтамасын жазыңыз. «Оқудағы көшбасшылық» – оқушының эмоционалдық-өнегелілік сауаттылығы, эмоционалдық-өнегелілік сауаттылығы,-қалыпты оқуы және жан-жақты дамуы; бұл жердегі ең маңызды мәселе – оқыту сапасын арттыру.
Элмор (2006) жауапкершілік мықты мектеп жүйесінде көшбасшылық –тәжірибені жетілдіру құралы болып табылады деп есептейді.
Оқытуды басқару мен көшбасшылық мұғалімдердің жаңалық енгізумен,бірлескен кәсіби дамумен қолдау көрсетілген жағдайда ғана болады. Бұл тұжырымдама педагогикалық жүйе сәтті болу үшін оқыту мектептің барлық деңгейінде қатар жүру керек.Оқытудағы көшбасшылық тұжырымдамасы Дэвид Фрост пен Кембридж университеті қолдау көрсеткен Хертс Кэм Нетворк желісі және «Мұғалім көшбасшылығы» халықаралық жобасы аясындағы қызметке негіз болған мұғалім жүргізетін дамыту жұмысымен тығыз байланысты.
Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында оқушыларды,мұғалімдердің нәтижелеріне бағдарланған.
Оқудағы көшбасшылықты дамыту стратегиялары Либерман және басқалар (2007) мұғалім көшбасшылығын дамытып қолдау мақсатында ойдағыдай қолданылып жүрген төрт стратегияға сипаттама берген. Мұғалімдер оларды жекелеп те, болмаса әртүрлі нұсқада біріктіріп те МЖДЖ тәсілі ретінде қолдана алады.
Көшбасшы мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау,нәтижелерді пайдалану ,мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап,қажеттіліктерін білуге тиіс.Көшбасшы мұғалім оқу мен оқыту үдерісін түсіну, нақтылауға мән береді.Оқыту мен оқу үдерістерін әріптестерімен талқылайды.
14. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстарын айтыңыз.
Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.