147
11.
Ақанның шабандоз балаға
кеңесі қай азатжолда берілген?
A) Бірінші және екінші
B) Төртінші
C) Бірінші
D) Үшінші
E) Екінші
12.
Мәтін мазмұнына қай
мақал сәйкес келеді?
A) ер қанаты - ат.
B) Ер сасқанда белгілі,Ат шапқанда белгілі.
C) Түпкі айылдың батқанын Иесі білмес, ат
білер.
D) Ер атағын ел сақтар.
E) Ер — намысының құлы.
Астрономияда жана туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген малдарын
Ай тұякты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды.
2.Ай мен күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сүлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырақ
болын мақтанып, Күн оянып қызғанып Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі Ай
жазасын осылай тартқан. Ай бетіңдегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын
немесе кемігенін ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге жақындап барғанда Ай «қорғалап» бетін
жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Күңді қызықтырып, бетін тұгел керсетіп, ереуілдейді.
Ай түрінің өзгеру құбылысын жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді.
«Жаңа ай жарылқа, ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы қазақ ортасында
елеулі оқиға болып келді. Жаңа туған Айды көргенде шаруа адамның көңіліне әр түрлі ой
келеді, шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма деген ойлар тумай қоймайды. Қазақ
арасында егер Ай тігінен туса, ауа райы шаруаға жайлы, жылы болады, Ал, Ай шалқасынан
жатса, ай суық, жайсыз болып өтеді. Мұны «Айдың өзіне жайлы, халыққа жайсыз болғаны»
дейді.
Қазақ тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түн қараңғысын жамылып
қасқыр да, ұры да малға шабуылды күшейтеді, шаруа жайымен ұзақ түн қату да киын тиеді.
Аталарымыздың ай қараңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске алсақ,
неліктен айды қастерлегендігін жақсы түсінеміз. «Қараңғыалғыр» деген сөз тегін шықпаған.
Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: - Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата
қылмайтын Ай екен, -депті. Жұрттың бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми тұрғыдан келгенде
мынадай қорытынды шығарамыз. Жаңа туған Айдың калпына қарай жұрттың ауа райы
өзгереді дегені бос сөз емес.
Анығында да, жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай
«шалқасынан жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары
тұрады, Ай жолы да оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала
жарық береді де, бізге Ай шалқалап жатқан сиякты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының
орналасу қалпы мен ауа райының арасындағы бұл қызық іліктестік Күн мен Айдың аспандағы
жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына байланысты.
Атан түйе мен шіркей кандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай
бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен.
Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды. Ес
білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды, Маяшы, керуенші, аңшы, қарақшы бәрі де
Айды бақты. Ойшыл, сыншылар да тіпті еріккенде Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен
ұрлық қылғанда ай жарық болды»; «Ай қарап түрсың ба?» дегендей сездер де бар емес пе?
Осыдан
350 жылдай бұрын Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды көрдім,
деп жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше кушейді.
Өмір бақи меңіреу жатқан кең дүниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы
тұңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет
болып табылмақ.
Достарыңызбен бөлісу: