177
9.
Неліктен Сәлім Есеннің айқайламауын
өтіңді?
A. Атасын оятқысы келмеді
B. Бұлбұлдарды шошытқысы келмеді
C. Бұлбұлдар әнін естігісі келді
D. Есенмен дос болғысы келмеді
E. Жұмысына бөгет жасады
11.Мәтін мазмұнына сәйкес әнші құс нені
ұнатады?
A. Жазық даланы
B. Бостандықты
C. Қараңғылықты
D. Шулы аймақты
E. Таулы аймақты
10.Мәтіндегі негізгі ой берілген нусқалар
1.
Құстар әнін тыңдау.
2.
Құстарға қамқор болу.
3.
Құстар тыныштығын сақтау.
A. Барлығы дұрыс
B. Біріншісі мен екіншісі
C. Барлығы бұрыс
D. Біріншісі мен үшіншісі
E. Екіншісі мен үшіншісі
12.
Есенге қандай қасиет жетіспейді?
A. Пысықтық
B. Алғырлық
C. Өткірлік
D.
Сыпайылық
E. Сабырлылық
I. Жеделхат - телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипаттағы құжат. Қазіргі заманда
ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар өз
маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат, оның үстіне
чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал
телефон арқылы жүргізілген әңгімені
іске тігіп қоя алмайсың, сондыктан ең ыңғайлысы
жеделхат болып табылады.
II Жеделхатты кез келген қызметкер құрастырып жібере алады; қажет болған жағдайда
жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегеңде 10-12
сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.
Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың
бағасы да төмен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір тузеулер болмағаны жөн.
III. Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде
жіберілетіндер мен қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген
немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар «үкіметтің, «жедел», «жай» болып
үшке бөлінеді.
Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың
категориясы мен түрі, номері, датасы,
жіберілген уақыты, алушының аты мен адресі, мәтін,
қол.
IV. Жеделхат...
Мекенжайы («кімге»), Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің аты, елді
мекеннің аты, типі (кала, ауыл, т.б.), кешесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады. Мысалы:
480021, Қазақстан,
Алматы қаласы,
Мұқанов көшесі, 227, офис 47 немесе
250000, Украина,
г. Киев, Почтовая пл, дом 18, кв 44.
Алушының аты-жені («кімге»).
Адресаттың аты-жөні, әкесінің аты толық жазылады, кейде
фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, «Директорға», «Білім меңгерушісіне» т.б.
V. Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу
болатандықтан, оны қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді түсініксіз етіп
қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды ғана пайдаланған жөн.
Егер жеделхат мақсаты алушыдан ақпарат алу немесе мәселені шешу т.б. болса, онда
етістіктерді бұйрық рай түлғасында берініз Мысалы: «жіберіңіз», «салып жіберіңіз», «шешім
қабылдаңыз» т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса,
етістік ашық
рай тұлғасында қолданылатын, Мысалы: «алдым», «жеткізілді», «келеді», «орындалады»,
«барады» т.б.
«Тез арада», «жеделдетіңіз», «жедел», «қалай да» сөздерін орынсыз көп қолданудың қажеті
жоқ, себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп түр. Цифрларды
жазбаша жазған дұрыс. Мысалы: 101347 - бір нөл бір үш төрт жеті, бұларды бір сөз ретінде
біріктіріп беруге де болады. Мысалы: бірнөлбірүштөртжеті.
Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекші сөздер,
тыныс белгілері
қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер тасымалданбайды.