7.Есенге қандай қасиет жетіспейді? A. Сыпайылық
B. Алғырлық
C. Пысықтық
D. Өткірлік
E. Сабырлылық
9.Мәтін мазмұнына сәйкес әнші кұс нені ұнатады? A. Жазық даланы
B. Бостандықты
C. Қараңғылықты
D. Таулы аймақты
E. Шулы аймақты
11.Неліктен Сәлім Есеннің айқайламауын өтінді? A. Атасын оятқысы келмеді
B. Бұлбұлдарды шошытқысы келмеді
C. Жұмысына бөгет жасады
D. Есенмен дос болғысы келмеді
E. Бұлбұлдар әнін естігісі келді
8.Есен неге ойланып қалды? A. Бұлбұлға ұя салуды жоспарлағандықтан
B. Асыраған бұлбұлдарын қимағандықтан
C. Қателігін түсінгендіктен
D. Сәлімге ренжігендіктен
E. Бұлбұлға ренжігендіктен
10.Есеннің ауласындағы бұлбұлдар неге сайрамады? A. Басқа құс болмағандықтан
B. Есенді ұнатпағандықтан
C. Ағаштары аз болғандықтан
D. Тыныштығы бұзылғандықтан
E. Маңайындағы құстар сайрамағандықтан
12.Мәтіндегі негізгі ой берілген нұсқалар 1 .Құстар әнін тындау.
2. Құстарға қамқор болу.
3. Құстар тыныштығын сақтау.
A. Біріншісі мен екіншісі
B. Барлығы дұрыс
C. Барлығы бұрыс
D. Екіншісі мен үшіншісі
E. Біріншісі мен үшіншісі
Бір жігіт жолда кетіп бара жатып ойда жоқта комақты әмиян тауып алды. Жан-жағына қараса,
ешкім көрінбейді. «Әмиян тауып алдым кімдікі?» деп айкайлап үш рет айтқаңдай болды.
Дегенмен өз даусын басқалар түгілі езі де естімеді.
Былайырақ шығып алып әмиянды ашып қараса, ішінде бір машинаға жетерлік қаржы бар
сияқты. Қуанғаннан не істерін білмей аңтарылып қалды. Ішінде бір жылылық пайда болып,
бала-шағасының былтырғы ескі киімдерімен жүргені, жұбайының жөні түзу бір көйлегі жоғы,
ал өзінің бес-алты жылдан бері бір жаңа киім алмағаны, өздерінің көптен бері тойып тамақ та
жемегені есіне түсті. Әниянды қалтасына сала бергені сол еді, кенет бұрыштан ботадай
боздаған, киімі жұпынылау кісі шыға келді.
- Айналайын адамдар-ау, қайырымды жандар, Балаларымның анасы айықпас дертке
шалдығып, соны емдету үшін ағайындарым мен жаны жайсаң адамдар ауыздарынан жырып
берген қаржымды әмиянымен қоса жоғалттым. Енді не істеймін? Жұбайыма қажетті
операцияны қаржысыз қалай жасатамын? Жұбайым о дүниелік болып кетсе, балаларымның
күні не болады? Бұл азапты көрсеткенше, маған тезірек өлім жібере қойшы, тәңірім, - деп
жылайды.
Әмиян тауып алған жігіт ары ойланды, бері ойланды. Ақыры ұяты жеңіп, ботадай боздаған
кісінің жанына қалай жетіп барғанын, әмиянды ақшасымен қосып қалай бергенін өзі де
байқамай қалды.
Кенет үйлердің тасасынан топырлаған адандар шыға келгенде, әмиян тауып алған жігіт тасада
қалды. Топтың ішінен салиқалы жігіт ағасы шығып, әмиян тапқан жігітті қапсыра құшақтай
алып:
Бауырым, саған үлкен рақмет, мені мынау тобырға күлкі қылмадың. Өмірде әлі де мейірімді
адал жандар барын дәлелдедің. «Ондай жандар мына заманда жоқ, өткен ғасырларда ада
болып кеткен. Егер ондай адамды тауып берер болсаң, осы тұрған бәріміз жабылып, саған он
жылқы береміз. Ал таба алмасаң, бар байлығыңды бізге бересің» - деп қоймаған соң,
серттескен жайым бар еді. Мынау ботадай боздап жүрген адам осы қаладағы театрдың актері.
Өз рөлін тамаша ойнап шықты-ау деймін. Мені жерге қаратпағаның үшін, әлемде әлі де адал
адамдар бар екенін дәлелдегенің үшін, тауып алған әмияныңды ақшасымен қоса саған бердім.
Бұдан бөлек мына тобырдың менен жеңілгендері үшін беретін он жылқысын да саған бердім, -
деді.
Қызық көрмекші болып келген тобырдың еңселері түсіп кетті. Өздерінің арасынан әмиян
тауын алған жігіттей адам шыққанына сенбейтін сияқты.
187
-Мынау қатыгез, дүрбелең, тек қара басының камын ойлайтын, компьютер басты заманда әлі
де тазалықтың бар екенін дәлелдеген АДАМ деген атынан айналайын, әмиян тауып алған
жігіт, - деді салиқалы жігіт ағасы толқып тұрып.