193
қосақталып, дәу қара қазан сүтке толады. Тағы да астына жайнатып от жағып, әлгі сүт сінді
теріні тағы да салады. Осы жағдай үшінші рет қайталанады. Сол кезде сүт сіңген терінің
қалыңдығы бармақ елі болып, өн-бойына уыз сүттің маңызы тұтылады. Үшішпі peт жайылған
тері тобарсын кебе бастаған кезде қойыршықтап орайды да, маңызы үшып кетпес үшін
қарынға немесе бүйенге сала салады.
4. Келесі күндері тең буылып, үй жығылып, таң құланиектенгенде моншақтай тізілген көш те
қозғалады. Бие сауым өтеді.,. Ет асым өтеді... Күн иыққа көтерілген кезде түйе қомында
тербеліп келе жатқан балалардың мандайын күн шалып, таңдайы кеберсіп, қыңқылдай
бастайды. Мұндайда езуінен мәйегі кетпеген ерке балаға қымыз береді, ішпейді... Айран береді,
ішпейді... Қойыртпақ береді, іпшейді... Су береді, ішпейді. Оған керегі - тіл үйірген уыз сүт.
Сонда балажан ана қарынның ауызын шешіп, сүт сіңген теріден алақандай ғана кеспі алады да,
тостағанға құйған суға тастап жібереді. Сол-ақ екен уыз иісі бұрқ етіп тәбет шақырып,
тостағандағы су жаңа сауған сүттей болып шыға келеді. Тек қана сүт ішіп үйренген ұл дем
аямастан тостағанды басына бір-ақ көтереді. Сол кезде тостағанның түбінен бір жапырақ
«бірдеңені» көреді де «бұл не?» дегендей анасына қарайды. Анасы болса, «жей ғой, боташым!»
дейді. Сары атанды бесік еткен ерке ұл бал татыған уыз құйқаны жайлауға жеткенше ермек
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: