I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


  Қансорғыш масалардың қызығушылығы неге байланысты?



Pdf көрінісі
бет235/367
Дата17.10.2022
өлшемі4,57 Mb.
#43719
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   367
1. 
Қансорғыш масалардың қызығушылығы неге байланысты? 
A. Адамдардың өңіне байланысты 
B. Адам қанының құрамына 
C. Адам қанының тәттілігіне 
D. Адамның жүдеулігіне 
E. Адамның иіссуына 
2. 
Ғалымдар зерттеулері нені дәлелдеді? 
A. Толық денелі адандардың қанында сүт қышқылының болмайтынын 
B. Денелі адамдардың канында холестериннің аз болатынын 
C. Спортшы адамдардың қанында холестериннің аз болатынын 
D. Қансорғыштардың барлық адамдарды бірдей шағатынын 
E. Масалардың толық денелі адамдарды жиі шағатынын 
2- 
мәтін
 
Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы Артемиданың құрметіне б.з.д. VI-VII ғасырларда 
Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші гибадатхананы сол кездегі құрылыс 
әдістерінің бірі - ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шықканы 
соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар 
да салына бастады. Алайда, Артемида гибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің 
заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атақка шөлдеген есер Герострат деген біреу 
түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір 
Зүлқарнайын дәл осы гибадатхана жалын кұшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан 
кейін Ескендір патша гибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың 
басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтағанмен, одан 
сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110x55 метр, құрылысты қоршап тұрған 
бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. 
Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді 
түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі 
қартиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. 
Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұмыры ұзаққа 
барған жок. III ғасырда, дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары 
ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба 
жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз 
нәрселер табылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет