206
өзінде де үлкен мән жатыр. Егер де әскердің алдыңғы шебі мықты болса, онда жауды жеңу
оңайырақ болады. Яғни тиген жерінен ұрандатқан жауды тесіп өтер өткір де қайсар
қаһарманның керегі анық. Міне, осындай жауапты тапсырманы Жасыбайға жүктеген.
Шойынкөлдің оңтүстік-батыс бөлігінде Жасыбай баспи-ан жасақ жоңғарларға қарсы тұрып,
жеңістің жалауын желбіреткен. Табанды ер бастаған ұлдардың тоқпағына төзе алмаған
калмақтар жеңіліс тауып, қазақтың қылышынан аман қалғандары тентіреп, тым-тырақай
қашқан. Жауды аттан түсірген жасақбасы Жасыбай Сабындыкөлдің ортасында жолдастарымен
демалып жатқанда, қалмақтың аман қалған қаскүнемдерінің бірі садақпен оқ атып, батырды
жаралап өлтірген.
Бұл әрине, сол уақытта қазақ әскері үшін орны толмас қаза еді. Қайғылы хабарды естіген
Олжабай батыр ашуға мініп, өз әскерін қайта көтеріп, қырғыннан аман қалған қалмақтардың
соңына түсіп, қуғынға алған. Баянауылдың таулы аймақтарының шығыс жағына қарай тоқсан
бес шақырым жерде Олжабай батыр ата жауын қоршауға алып, бірін аман қалдырмай қырып
тастаған керінеді. Және сол жер бүгінгі күнге дейін «Қалмаққырылған» деп аталады. Жалпы
мұндай шабуыл екі ғасырға созылған қазақ-қалмақ соғысында күшті тойтарыстардың бірі
болды. Ал жергілікті халық болса, Шойынкөлді батырдың атымен атап кеткен. Яғни бүгінгі
күнге дейін көл мен сол аймақ Жасыбай деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: