207
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
1022-нұсқа
1-мәтін
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке
тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері
пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат),
қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ
шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар.
Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген
үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп
аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас
келіндер бұл жерді баса бермейді.
2. Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-
түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады, Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім
ілінеді.
4. От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады,
1. Ең үлкен киіз үй
A) Алтын орда
C) Ақ ала орда
E) Ақ орда
B) Алтын үздік
D) Ақ шаңқан
2. Киіз үйдегі киелі орын
A) Үй иесінің жататын орны
D) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
B) Қонақтар орналасатын орын
E) Ер тұрман, киім ілінетін орын
C) От жағылып, қазан асылатын орын
Достарыңызбен бөлісу: