266
-
Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады?
Бала ыстық па, байлық ыстық
па? - дейді.
Сонда Бөлтірік:
-
Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ - ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала -
артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын- туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз-
біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, қуанышың - от! -
дейді.
1. Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа
A) қолға ұстаған мұз B) қайғы - күл, куаныш - от C)
ұшқан құс
D) артта қалған із E)
бала - жұбаныш, қарт - қазына
2. Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша
бақ қонатын жігіттің сипаты
A) жүрегі мықты жігіт
B) бақ құсы қонған жігіт
C) ұзақ өмір сүрген жігіт D) көпті сыйлаған жігіт
E) баласы көп жігіт
2- мәтін
1. Шайқұмарлардың көбі сүт қосылған шайды таңдайды. Бұл жайт таңғаларлық та емес, сүт
қатқан
шай - дәмі жұмсақ, ас қорытқанға жеңіл, қоректі сусын. Сүттің өзі де пайдалы
қасиеттерімен ерекшеленеді.
2. Сүтте адам ағзасына қажетті ондаған пайдалы зат бар. Бірақ сүтті
кеселеп іше
алмайтынымыз белгілі. Бұл асқазанға ауыр. Ал шайға қосылған сүт жеңіл қабылданып,
пайдалы қасиеттерін толықтай бере алады. Дәрумендер, майлар,
ақуыздар жиынтығы
денсаулыққа өте пайдалы болады. Тіпті ол шай құрамындағы кофеин, алкоидтардың жаман
қасиеттерін баса алады. Шай мен сүттің
қосындысы хош иісті, жұмсақ дәмді, пайдалы сусын
береді.
3. Сүт қатқан шай жүрек-тамыр ауруларының алдын ала алады. Сүттің ең маңызды құрамдас
бөлігі - кальций, ол сүйек, шаш пен тырнақты берік қылады. Сергітетін бұл сусынның жалпы
пайдалы екені сөзсіз.
4. Соңғы кезде «сүт шайдың пайдалы қасиеттерін төмендетеді»
деген пікірлер туындай
бастады. Зерттеулер көрсеткендей, сүт шайдың тек бірнеше қасиетін бәсеңдетеді. Ал оның
қосып беретін пайдасы одан бірнеше есе көп. Диетолог мамандар күніне 3-8 шыны сүт
қосылған шай ішуге кеңес береді. Әрине, сүттің ең майлы түрлерін таңдамаған дұрыс. Егер сіз
салмақ
тастауды көздесеңіз, майлылығы аз сүт қосыңыз.
3. Сүтті шайдың адам ағзасына тигізер әсері
A) Салмақты азайтады. B)
Майларды қалыпқа келтіреді.
C) Ac қорытқанға жеңіл. D) Белокты азайтады.
E) Жүйке жүйесін тыныштандырады.
4, Сүт қүрамындағы пайдалы заттар туралы мәтіннің қай бөлігінде айтылады?
A) Бірінші B)
Үшінші C) Екінші D) Айтылмайды E) Төртінші
5. Мәтін мазмұнынан алшақ сөйлем
A) Сүт қосылған шайдың адамды сергітетін қасиетке ие екені белгілі.
B) Арықтау үшін сүттің майлы түрін қолданбаған дұрыс.
C) Шайға қосылған сүт пайдалы қасиеттерін толықтай сақтайды.
D) Сүтті шай жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады.
E) Сүт шайдың адам ағзасына қажет қасиеттерін жойып жібереді.
6. Шай құрамындағы адам ағзасына зиянды зат
A) Газ
B) Май
C) Алкоид
D)
Белок
E) Ақуыз
Достарыңызбен бөлісу: