Құқық негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет8/11
Дата20.01.2023
өлшемі80,13 Kb.
#62060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды.
Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шеңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.
29. Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары жүйесі, міндеттері
Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Адамның құқықтары – бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.Азаматтық құқық — құқықтың мүліктік қарым-қатынастарды және солармен байланысты жеке мүліктік емес қарым-қатынастарды, мыс., азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысын, абыройын, іскерлік беделін қорғау және т.б. реттейтін саласы. Азаматтық заңдармен реттелетін қарым-қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды Тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-территория бөліністер болып табылады. Азаматтық құқық олардың тең құқылығын, меншіктеріне қол сұғылмауын, жеке ісіне кімнің болса да өктемдікпен араласуына жол берілмеуін, азаматтық құқыларының кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқыларының қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауы қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтар мен заңды тұлғалар өз мүдделерін көздей отырып, азаматтық құқыларын ерікті түрде иеленеді және оларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, Азаматтық құқық кәсіпкерлік қызмет саласында туындайтын қарым-қатынастарды да реттейді.
30. Қылмыстық іс-жүргізу түсінігі
Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер.
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Қағидалардың теориялық-құқықтық маңызы – тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқат және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген қағидалар жүйесі қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін ескере дәйектелгендіктен ҚІЖК-де мынадай жүйе құрушы элементтермен берілген: Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген. Бұл қағида негізіне Конституцияның 34-бабы алынған [1.], онда былай делінген: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті».
31. Меншік құқығы және басқа да мүліктік құқықтар
Меншік дегеніміз—бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.
Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.
Меншік құқығын иемдену тәртібі
Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.
Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.
Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.
Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.
Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.
Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.
Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мысалы, адам іссапармен жол жүріп кетсе де, артында қалған мүліктің толық иесі бола алады.
Пайдалану құқығы дегеніміз
Пайдалану құқығы дегетміз — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда — кіріс, өсім, жеміс, төл алу, т.б. нысандарында болуы мүмкін. Бір ескеретін жағдай майдалану құқығы иелену құқығынан кейін пайда болады. Мәселен, жеке меншік болып табылатын тракторды шаруашылықта пайдалану — иелену құқығы, ал оны басқа тұлға пайдалануға беру—пайдалану құқығы болып табылады.
Билік ету құқығы дегеніміз
Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл мүлікке байланысты заңға қарсы келмейтін қандай да болсын әрекеттерді жасау мүмкіндігі. Мысалы, өзіне тиесілі мүлікті біреуге сату, айырбастау немесе оны жойып жіберу, т.б. Меншік иесі заң жүзінде мүліктің тағдырын шешуге қабілетті.
Заттық құқықтар — бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына берyi. Заттай құқықтың иесі мүлікке деген құқығын басқа тұлғаның меншігіне өткен жағдайда да сақтап қалады. Бұларға: жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және т.б. жатады
32. Еңбек құқығы – құқық қайнар көзі ретінде
Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.
Еңбек құқығы:
• жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;
• өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;
• еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;
• еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар
Еңбек құқығы — меншіктің түріне, шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеуметтік құқықтарын қорғайтын нормалар жиынтығы.
Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай мәселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері.
В.Н.Уваров атағандай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді: негізгі және туынды. Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.
33. ҚР құқық қорғау органдары жүйесіндегі Прокуратура
Прокуратура — мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау органы. Және де басқада функцияларды шектеулі, ұлттық заңнамамен орындалуын қадағалайды.
34. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Жұмыс Уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі.
1. Күнделiктi жұмыс (ауысым) iшiнде қызметкерге демалу және тамақтану үшiн жинақтап алғанда ұзақтығы бiр сағаттан кем болмайтын үзiлiс берiлуге тиiс. Бұл үзiлiс жұмыс уақытына енгiзiлмейдi және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады.
2. Yзiлiс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушiнiң актiлерiнде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгiленедi.
3. Өндiрiс жағдайлары бойынша үзiлiс беру мүмкiн емес жұмыстарда жұмыс берушi қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Мұндай жұмыстардың тiзбесi, демалу және тамақтану тәртiбi мен орны қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi бойынша жұмыс берушiнiң актiлерiнде немесе ұжымдық шартта белгiленедi.
Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
35. ҚР құқық қорғау органдары жүйесіндегі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
36. Отбасы құқығы түсінігі
37. Ата-ана және бала құқықтары мен міндеттері
Бала тәрбиесі, оның жан – жақты дамуы, тұлға болып қалыптасуы қоғамымыздың, оның ішінде әрбір ата – ананың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Ата – аналардың құқықтары мен міндеттері халықаралық ратификацияланған және ҚР заңында, оның ішінде «Бала құқықтары туралы» Конвенцияда, Қр «Бала құқықтары туралы» заңында, ҚР «Білім туралы» заңында және өткен жылы толықтырылып , өзгертілген «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» заңында анықтап көретілген.
Атапа айтар болсақ, ҚР «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» заңың 11-тараудың «Ата – аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі» деп аталатын 68-бабында ата – аналардың балаларының алдында тең құқылы, яғни отбасының еріне немесе әйеліне ерекше бір артықшылық т.б. берілмейтіні баяндалады. Сондай – ақ, бұл ата – ана құқықтары балалары 18 жасқа толғанда немесе кәмілетке толмай жатып некеге турғанда тоқтатылады. Бұл жағдайда кәмілетке толмаған, некеде тұрмаған ата – аналарда бала туылмаған жағдайда, олар 16 жасқа толғанда ғана ата – ана бола құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алады. Ал ата – аналар 16 жасқа толғанға дейін олардың балаларына қамқоршы тағайындалады, ол өз кезегінде ата – анларымен бірге баланы тәрбиелеуді жүзеге асырады.
70-бапта ата – аналардың балаларын тәрбиелеу ен білім берудегі құқықтары мен міндеттері баяндалады. Ата – аналар балаларының денсаулығына, дене бітімінің дамуына, жан – жақты өсіп жетілуіне, емдетуге, тексеруге міндетті. Ата – аналар балаларын тәрбиелеуге құқылы және міндетті, яғни балаларын рухани, эстетикалық, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге жауапты.
1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi. 
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті. 
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.
3. Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға дейін оның пікірін ескере отырып, білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, өзара келісу арқылы ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер болған кезде, бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
38. Заңды тұлға түсінігі және түрлері
Заңды тұлғалар – адамдардың кез келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлік екендігімен ерекшеленетін ұжымдар, яғни мақсаттары, міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы немесе ережесі бар ұйымдық бірлік. Мұндай ұжымға тән нәрсе, оның ішкі мықты құрылымының, басшылықты жүзеге асыратын органының болатындығы. Мекемелер мен өзге де мемлекеттік бюджетпен ұсталынатын ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген басқа да ұйымдар осы ұйымдар жөніндегі жалпы ережелер негізінде әрекет жасайды.
Мәселен, Қазақстан Республикасындағы қызметтері бойынша бірыңғай ережелер қолданылатын барлық мектептер, ауруханалар заңды тұлғалар болып табылады.
Заңды тұлға болып танылған ұйым тауар айналымына дербес қатысуына құқық беретін оқшауланған мүлікке ие. Мүліктік оқшауланудың сипаты меншік нысанына байланысты. Мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың мүліктері шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқықтарында болады. Бұлардың мүлкінің оқшаулануы олардың өздерінің негізгі және айналымдағы құрал-жабдықтарының, дербес баланстарының болуы арқылы сипатталады. Олардың мүліктерінің иесі – мемлекет.
Сонымен оқшауланған (бөліктенген) мүліктің болуы – заңды тұлғаның өзіне тән елеулі белгісі.
Заңды тұлғаларға өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілік жүктеледі. Бұл ереже коммерциялық ұйымдарға емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдарға да, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге де қатысты.
39. Қылмыс құрамы
Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама — ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған.
Қандай да бір жасалған әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін сол әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуға негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтығын анықтау қажет. Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық- заң нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдарымен салыстыру қажет.
Нақты қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын, қылмыстық заңда белгіленген объективтік нышандардың жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп атау қабылданған.
Қылмыс пен қьглмыс құрамы өзара ұқсас, бірақ бірдей ұғым емес.
Қылмыс —нақты адамның іс жүзінде жасаған нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі және ол көптеген өзіне тән нышандармен сипатталады.
Ал қылмыс құрамы — қандай да бір къглмыстык әрекеттің өзіне тән белгілерін ғана анықтайтын нормативтік санат.
Қылмыс құрамының маңызына осы тұрғыдан түсінік бере аламыз. Егер қылмысты жасау қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды: қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негіз бола алмайды. Сондықтан да, жалпы ҚК-тің 3 бабына сәйкес, заң шығарушы да, теория да, практика да Қылмыстық Занда қарастырылған қылмыс құрамының барлық нышандары бар қоғамға қауіпті әрекетті ғана қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі ретінде қарастырады.
40. Некені бұзу, тоқтату, жарамсыз деп тану
Некені жарамсыз деп танудың негіздерінің бірі - некеге тұру шарттарының бұзылуында, яғни:

  • Өзара ерікті келісімі.

  • Неке жасына жетпеуі мен олардың заңда көзделген төмендетуге келісімнің болмауы.

  • Жалған неке.

  • Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының жəне қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса.

  • Сонымен қатар, заңда белгіленген некеге тұру шарттары бұзылған жағдайда.

Аталған некені жарамсыз деп тану негіздерінің əрқайсысы өзіндік ерекшеленеді. Мысалы, жалған неке туралы айтар болсақ, некеге тұрушылардың отбасын құру мүддесі болмайды, сыртқы белгісінде ерлі-зайыптылар бірге тұрмайды жəне т.б.
Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сəтке, заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мəн-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Сондай-ақ, егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені жарамсыз деп тани алмайды.
Жоғарыда көрсетілген негіздердің əрқайсысы айқындылықпен ерекшелінеді. Ал жалған некеге келетін болсақ, жалған неке ол - «Неке жəне отбасы» Заңына сəйкес, отбасы құру ниетінсіз заңда белгіленген тəртіппен жасалған жəне ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке. Оның сыртқы белгілеріне ерлі-зайыптылардың бірге тұрмауы, бір-біріне қамқорлық көрсетпеуі, ортақ шаруашылық жүргізбеуі. Жалған некеге тұру жағдайында сотқа некені жарамсыз деп тану талабын прокурор немесе некенің жалғандығы туралы білмеген тұлға бере алады.
41. ҚР құқық қорғау органдарының жүйесі
Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, кеден органдары жатады.
Құқық қорғау қызметінің принциптері:
1. Құқық қорғау органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің принциптеріне және құқық қорғау қызметінің арнаулы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Құқық қорғау қызметінің арнайы принциптері мыналар болып табылады:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;
2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;
3) құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға көзқарастың біртұтастығы;
4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);
5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу.
42. Мәмілелер түсінігі, түрлері
ҚР Азаматтық Кодексінің 147-бабында көрсетілгендеймәмілелердегеніміз азаматар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.
Мәміле ауызша, жазбаша, не болмаса конклюдентті әрекет арқылы және үндемеу (әрекетсіздік) сияқты түрпішіндері болады.
Мәмленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәм іле жасаушылардың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Мұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін.
Жазбаша мәмілелер:
1) Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттен басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында;
2) Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде жасалуы тиіс;
3) Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген зге де реттерде жазьаша түрде жасалуға тиіс.
Мәміленің түрлері:
Мәміле жасауғ араласатын тараптардың санына байланысты :
-біржақты;
-Екіжақты;
-көпжақты
Бір жақ екінші жаққа көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мміле делінеді. Керісінше болса, ақысыз д.а.
Мәміленің жасалу уақытына байланысты:
-нақты (заттық, мүліктік)
-келісімді (консенсуалды) мәміле
Мерзімді дәне мерзімсіз мәмілелер болады.
43. Құқықтың қайнар көзі

1. Жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс-құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы құқықтың дерек (қайнар) көздері деп аталады. Құқықтың қайнар көздерінен құқықтың нысандарын (формаларын) айыра білу керек. Біріншіден, құқықтың қайнар көздері әрқашан құқықтың нысан түрінде институтталған, ал құқық нысаны құқық шығару (құқық қабылдау) іс- әрекетінің нәтижесі. Екіншіден, адамдардың мінез-құлығын құқықтың нысанына сіңген құқық ережелері анықтайды, реттейді. Құқықтың келесі қайнар көздері белгілі: 1) құқықтық дәстүр – мемлекет рұқсат берген дәстүр; 2) заңдық прецедент - келешекте осы тектес барлық істерді шешуде үлгіге айналған сот немесе әкімшілік органның шешімі; 3) нормативтік келісім - құқықтың түрлі субъектілері арасындағы келісімнің құқықтық нормалары; 4) нормативтік-құқықтық акт - құқық нормаларынан тұрады және алдын-ала шектелмеген жағдайларды реттеуге бағытталған және үздіксіз қолданылады. Барлық нормативтік-құқықтық актілер заңдар мен заңға тәуелді актілерге бөлінеді. Сондай-ақ, құқықтану, құқық негіздеріне байланысты әдебиеттерде құқықтың алты қайнар көздері былай көрсетіледі: құқықтық дәстүр, нормативтік кесім, соттық үлгі, шарт (соның ішінде әкімшілік), сот практикасын байыту, ғылыми құқықтық доктрина.


2. Құқықтың ең алғашқы қайнар көздерінің бірі бұл құқықтық дәстүр. Адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық ережелерінің жиынтығы құқықтық дәстүр деп ат\ды. Дәстүр мемлекет пайда болған кезде ғана құқықтық сипатқа ие болады. Себебі, дәстүр мемлекеттің қолдауына сүйеніп жалпыға бірдей міндеттілікке айналады.
3. Құқықтың қайнар көздерінің тағы бірі докторина деп аталады. Докторина деген сөз ілім, ғылыми философиялық не құқықтық теория, құқықтық білімдер жүйесі деген мағына береді. Мыс, діни докторинаға сүйеніп біршама қоғамдық қатынастар құқықтық сипатқа ие бола алады. Нақтырақ айтсақ Ислам дінінде Құранның, Шариғаттың көмегімен кейбір отбасы –некелік, мүліктік ж\е де басқа даулар қаралып шешілген. Сонда Шариғаттық докторинаға негізделіп қабылданған шешім заң деп есептелген.
4. Құқықтың қайнар көзіне келесі бір құқықтық өске өнеге болатын құқықтық үлгі де жатады. Құқықтың үлгінің соттық ж\е әкімшілік сияқты екі түрі болады.
44. Еңбекақы
Еңбекақы — жұмыс берушiнің қызметкерге атқарылған жұмыс үшін заттай немесе ақшалай берілетін төлем немесе сыйақы. Төлемнің мөлшері күндік, сағаттық ақыға байланысты немесе орындалған әр тапсырманың белгіленген ақысына байланысты есептелінуі мүмкін. Алайда кей жағдайларда қызметкерлер еңбекақыны клиенттерден сыйлық ретінде тікелей алуы мүмкін. Cалыстыратын болсақ, жалақы қызметкерге жұмыс істеген сағатына қарамастан белгілі бір уақыт (мысалы апта немесе ай) сайын берілетін тұрақты төлем.
45. ҚР мемлекеттік басқару
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
1) Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар;
2) Мемлекеттік атқару органдары; үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
46. ҚР мемлекеттік қызмет түсінігі мен қағидалары
Мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; әкімшілік басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтық нормалармен реттеледі. Мемлекеттік қызмет туралы заңда мыналар белгіленген:

  • Мемлекеттік қызмет кәсіби негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауға жалғыз бұл белгі жеткіліксіз. Өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының қызметі де кәсіби болып табылады;

  • Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл белгі де жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және, екіншіден, мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттік ұйымдарда да құрады.

  • Мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттің лауазымдардың ерекше санатына орналасудан табады – заңда оларды мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады.

  • Мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыоу жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды белгісі.

  • Мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды;

  • Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекеттік бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды.

47. Әкімшілік жаза
Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.
Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет