Құқық негіздері пәні бойынша лекциялар тезисі Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері Жоспар «Құқық негіздері»



бет10/11
Дата16.10.2023
өлшемі66,49 Kb.
#116012
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сейдахметова Ф.С. Қазақстандағы салықтар. Оқу құралы. Алматы, 2002.
2. Финансовое право. Уч., отв. Ред. Н.И. Химичева М., 2000.
3. Худяков А.И. Наурызбаева Н.Е. Салықтар: түсінік, элементтері, белгілеу, түрлері. Алматы,1998.


10. Қазақстан Республикасының экологиялық және жер құқығының негіздері.
Жоспар

  1. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының жалпы ережелері.

  2. Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздері.

Экологиялық құқық – бұл жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша, қоршаған табиғи ортаны және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қорғау бойынша қатынастарды реттейтін құқықтық мөлшерлер жиынтығы.
Экологиялық құқықты құқықтық реттеу мәні келесі қатынастар болып табылады: а) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша; б) табиғатты қорғау қатынастары; в) табиғи ресурсты қатынастар.
Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу әдісі әкімшілік және азаматтық құқық әдістеріне тән биліктік-авторитарлық және автономдық сипаттарды бойына біріктіреді.
Экологиялық құқық жүйесі оқу тәртібі ретінде Жалпы, Ерекше және Арнайы бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімде экологиялық құқықтың мәні, әдісі, жүйесі, дерек көздері сияқты; табиғи ресурстарға меншік құқығы; табиғатты пайдалану құқығы және т.б. мәселелер қарастырылады. Ерекше бөлімде табиғаттың жеке нысандарын ( жер, жер қойнауы, ормандар, жануарлар әлемі және т.б.) пайдалану және қорғаудың құқықтық режимі қарастырылады. Арнайы бөлімде қоршаған табиғи ортаны және табиғатты пайдалануды халықаралық-құқықтық қорғаудың мәселелері қарастырылады.
Экологиялық заңнама - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың және мемлекеттің заңды мүдделері мен экологиялық құқықтарын қорғауға, қоршаған табиғи ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер жиынтығы. Экологиялық құқықтың кайнар көздеріне ҚР Конституциясы, ҚР Заңдары (15.07.0997ж. «Қоршаған ортаны қорғау туралы», 18.03.1997ж. «Экологиялық сараптама туралы», 15.07.1997ж. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», Жер Кодексі), сондай-ақ Президенттің, Үкіметтің, министрліктердің, ведомстволардың нормативтік құқықтық актілері жатады.
Жер құқығы - мемлекет бекіткен жер қатынастарын реттеу бойынша нормалар жиынтығын құрайтын құқық саласы. Жер құқығының нысаны жер қатынастары болып табылады.
Жер құқығының қайнар көздері - жер қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер. Негізгі қайнар көз - ол жерге деген мемлекеттік және жеке меншік институтын бекіткен, мемлекет мақсаты адам өмірі мен денсаулығына аса қолайлы қоршаған ортаны қорғау деп жария қылған - ҚР Конституциясы. Жер Кодексі аса маңызды қайнар көз болып табылады.
Жер құқығы қатынастары - бұл заңнамалық актілермен реттелген жер қатынастары. Жерді пайдалану мен қорғау бойынша құқықтар мен міндеттемелер жиынтығы оның мазмұны болып табылады.
Сервитут - бөтен жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық шаруашылығы және өзге де мұқтаждар үшін пайдалану құқығы.
Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; орман қорының жерi; су қорының жерi; босалқы жер.
Жер құқығы қатынастарына қатысушылар арасында жер құқығы мен заңды мүдделерін бұзудан туындайтын даулар жер даулары деп аталады.Оның мазмұны меншік немесе жерді пайдалану құқығындағы жер телімдерінің шекарасы бойынша, жерді пайдалануға беру мерзімі, меншік иелері немесе жерді пайдаланушылардың өз құқықтары мен міндеттерін іске асыруына байланысты болуымүмкін. Даудың тараптары ретінде меншік немесе пайдаланушылар да, жер ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік органдар да болуы мүмкін.
Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады. Сонымен бірге көпшілік даулар жергілікті атқарушы органдар арқылы да шешімін тауып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет