Құқық негіздері пәні бойынша лекциялар тезисі Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері Жоспар «Құқық негіздері»



бет7/11
Дата16.10.2023
өлшемі66,49 Kb.
#116012
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Азаматтық-құқықтық қатынастар.
2. Азаматтар және басқа жеке тұлғалар. Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі.
3. Азаматты хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған деп жариялау.
4. Заңды тұлғаның түсінігі, белгілері.
5. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.
6. Экономикалық айналымдағы мәміленің рөлі мен орны.
7. Мәміле түрлері.
8. Мәміле нысаны.
9. Мәмілені жарамсыз деп тану негіздері.
10. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мәміле нысанына қойылатын талаптар.
11. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру түсінігі мен шегі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27.12.1994 ж.
2. ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1.07.1999 ж.
3. Жайлин Г.А. «А»-дан «Я»-ға дейінгі заңды тұлға. Алматы: Дәнекер, 2003.
4. «Неке және отбасы туралы» 17.12.1998 ж. ҚР Заңы.
7. Қазақстанның Республикасының қылмыстық құқығы негіздері. Іс жүргізу құқықтарының негіздері.
Жоспар

  1. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері.

  2. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күресу.

  3. Сыбайлас жемқорлыпен күресу қағидаттары.

  4. Іс жүргізу құқығының негіздері

Қылмыстық құқық – қылмыстылықты және әрекеттің жазаланатындығын, қылмыстық жауапкершілік негізін, жаза жүйесін, олардың тағайындалу тәртібі мен жағдайын, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатуды анықтайтын, жоғарғы мемлекеттік билік органдарымен бекітілген құқық нормаларының жиынтығын құрайтын құқық саласы.
Қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі 16.07.1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексі (бұдан кейін ҚР ҚК) болып табылады.
Қылмыстық құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімі – қылмыстық заңнаманың міндеттерін, оның қағидаларын, қылмыстық жауапкершілік негіздерін, кінә және оның нысандары жайлы сұрақтарды анықтайды. Ерекше бөлім қылмыстың нақты түрлері мен жаза түрлері мен мөлшерлерін анықтайды.
Қылмыс - жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) деп танылады. Қылмыс белгілері болып мыналар табылады:қоғамдық қауіптілік, құқыққа қарсылық, кінәлілік және жазаланатындық.
Қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатына байланысты барлық қылмыстар аса ауыр емес, орташа ауырлықтағы, ауыр және ерекше ауыр қылмыстарға жіктеледі.
Қылмыс құрамы – қоғамдық қауіпті әрекетті нақты қылмыс ретінде анықтайтын, заңмен бекітілген белгілерінің жиынтығы.Ол белгілерге мыналар жатады:
Қылмыс объектісі –елеулі зиян немесе ондай зиян келтіруге қауіп туғыза отырып, қылмыс қол сұғатын, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Теорияда жалпы, тектік және тікелей объектілер бөліп көрсетіледі.
Объективтік жағы - әрекеттің өзі (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) тұлғаның саналы белсенді немесе енжарлы мінез-құлқы, сыртқы сипаттамасы. Әрекеттің қоғамдық қауіптілік салдары және әрекет пен туған салдардың арасындағы себептілік байланыс. Кейбір жағдайларда сонымен қатар, қылмыс жасалу орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, құралы сияқты мән-жайлар болады.
Субъект – қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған және қылмыстық жауапкершілікті орындай алатын, ақыл – есі дұрыс жеке тұлға. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды. Бірақ заң кейбір қылмыстар үшін (ҚР ҚК 15 бап 2 тарм.) 14 жастан бастап жауакершілікке тартуды қарастырған. Субъект қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына жетумен қатар, ақыл-есі дұрыс болуы керек, қылмыс жасау кезінде өзінің жасаған әрекеттеріне есеп беріп және оны басшылыққа алу. Қылмыстың субъективтік жағы – тұлғаның өзі жасаған қылмыс пен осы әрекеттің нәтижесінде туындаған салдарға психикалық қатынасы. Бұл қасақана не болмаса абайсыздық нысанындағы тұлғаның кінәсі. Қасақаналылық тікелей және жанама болып бөлінеді. Абайсыздық, қылмыстық менмендік пен қылмыстық немқұрайдылыққа бөлінеді. Сонымен қатар, қылмыстың себепбі, мақсаты және тұлғаның қылмыс жасау кезіндегі эмоционалдық жай-күйі субъективтік жақтың қажетті белгілері болуы мүмкін.
Жаза - соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы, қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылатын және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан қылмыстық заңмен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босататын бірқатар мән жайларды қарастырады. Олар қажетті қорғаныс; қол сұғушылық жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру;аса қажеттілік;орынды тәуекел ету; күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немес өкімді орындау.
02.07.1998 ж. қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері:
1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi тұлғалар (жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар; заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын адамдар)
4) лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.
Іс жүргізу құқығы – қылмыстарды ашу, азаматтық, қылмыстық, арбитраждық істерді қарастыру және шешу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін, конституциалық сот өндірісі тәртібінде қарастырылатын істерді қарастыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық жүйе нормаларының бөлімі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен үздіксіз байланысты, себебі оны жүзеге асыру мен қорғау үшін қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет