І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні



бет5/23
Дата09.05.2022
өлшемі323 Kb.
#33646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері.

Педагогика эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті қабылдау, сезіну, түсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдік заңы бойынша қоршаған дүниені жасауда өзі ұмтылуға тәрбиелеу, көркем іс-әрекетке араласу және шығармашылық қабілеттерді дамыту ретінде анықтап береді.

Эстетикалық тәрбиеде өнерге ерекше роль беріледі. Ол толғанта, қуанта отырып, балалар алдында өмір құбылыстарының мәнін оларды қоршаған дүниеге үңіле қарауға мәжбүр етеді, әсер ықпалын бастан кешіруге, зұлымдықтан жиренуге итермелейді.

Баланы адам қарым-қатынасындағы жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге, формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету дегеніміз оның жанын жақсартып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз. Психологтар мен педагогтардың бірлесіп атқарған зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекеті адамгершілік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарылағанын көрсетті.

Қазіргі кездегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың шығармашылығымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектакльдерімен, мультфильмдермен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.

Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес. Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдық пәктік және өмір мен өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбіне эстетикалық тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды.

Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті болады және есте ұзақ уақытқа, кейде бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай болуы үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің түрліше формалары мен түрлерін дұрыс пайдалану қажет. Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынтады. Эмоция, қиял, сезінуге жанасты шешілмеген проблемалар әлі де көп болғанымен эстетикалық әсерлену түрінде қоршаған дүниеге өзіндік реакцияның материалдық негізі болуы, сөзсіз. Әр баланың қабілеттерінің дамуына әсерін тигізетін өзінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері бар. Дегенмен, совет педагогтары өз жұмысында академик И. П. Павловтың нерв жүйесінің икемділігі туралы іліміне сүйене отырып, табиғи қасиеттердің бағытталған қалыптасу мүмкіндігін қолдайды.

Қазіргі жағдайда эстетикалық тәрбие беруде мына міндеттер алға қойылып отыр:

1. Балалардың әсемдікті қабылдауын, эстетикалық сезімін, елес-
қиялын жүйелі дамыту. Өнердің барлық түрлері, табиғат пен тұр-
мыс бұған көмектеседі, тікелей эмоциялық ықыластылық, қуаныш,
толқу, таңдану, қызығу тудырады.

2. Балалардың тұрмысқа, табиғатқа, қоғамдық қарым-қатынасқа


әлі келгенше әсемдік әлементтерін ендіру қажеттілігі мен әдетін
баули отырып, оларды өнер саласындағы іс-әрекетке тарту.

3.Балалардың эстетикалық талғамының негізін және өнер туындылары мен өмір құбылыстарын өздігінен бағалай білу қабілетін қалыптастыру,

4.Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олардың өнермен байланысты іс-әрекеттері әрқашанда ешқандай зорлықсыз, қуанышты талпыныспен, шығармашылық қиялмен, ынтамен суарылған болуы тиіс. Бала эстетикалық жағынан неғұрлым дамыған болса, оның көркемдік іскерлігі мен дағдылары соғұрлым беріге. Шығармашылық іс-әрекеті соғұрлым кеңірек болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет