Уәлиханов Ш. Ш. Көп томдық шығармалар жинағы, ІІ т. – Алматы, 2010.
3. Бейсеyбаев Ж. Жасын тағдыр жарқылы. – Алматы: Жалын, 1987.
БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мустанова Назерке Жайлауканқызы (Қазақстан) ҚазмемқызПУ Ғылыми жетекшісі: Рысқұлбек Д.Ж.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты
əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. (Н.Ə.Назарбаев) ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің жарқын болашағы үшін ең алдымен сапалы білім қажет. Сондықтан Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, яғни білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Болашақ педагог маман ретінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген сөзін басты ұстаным ретінде аламын. Келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана екендігін уақыт көрсетіп отыр. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты екенін ескерсек, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру аса қажет болып отыр. Осыған сәйкес елімізде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев) пән сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б технологиялары оқу үрдістеріне кеңінен ендірілуде. Сондай-ақ, Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы оқушылардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді. Соңғы жылдары Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Халықаралық Кембридж Университетінің тәжірибесін еліміздегі жалпы білім беретін мектептерге тарату туралы Елбасының тапсырмасын (2011 жылдың 18-сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы) жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы құрылған болатын. Жарғыға сәйкес, педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептері мен шетелдік озық педагогикалық тәжірибелерді тарату болып табылады. Осы мақсатта жүргізілген жұмыстар бүгінде өз нәтижесін беруде. Оны өз тәжірибемнен де байқадым. Мәселен, педагогикалық практикадан өту барысында педагогикалық шеберлік орталығы ұсынған жеті модуль идеясын қолдану арқылы оқушыладың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуге болатынын аңғардым. Тәжірибе кезінде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың диалогтік оқуын қалыптастырып, сыни ойлауын, өзін-өзі бағалау, өзгені бағалау, дарындылықты тану сияқты қасиеттерін дамытуға болатынына көз жеткіздім. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеуде деңгейлік бағдарлама ұсынған жеті модуль идеясы аса қажет. Нақтырақ айтсақ, 1.Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер; 2.Сыни ойлауға оқыту; 3.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау; 4.Білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану; 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту; 6.Оқушылардың жас ерекшеліктері қарай білім беру және оқыту; 7.Оқытудағы жетекшілік пен көшбасшылық. Қазіргі білім беру жүйесінде жоғарыда көрсетілген жеті модуль идеясын енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Әсіресе оқушылардың сыни ойлауын дамытуға қатысты мәселелер өте жиі айтылып жүр. Cын тұрғысынан ойлау әдісі – оқушының еркін сөйлеуіне, өз пікірін айтуға, достарының ойын тыңдауға, жағдаяттарды шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған әдіс. Баланы сыни тұрғыдан ойланта білу дегеніміз – ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген-білгенін талдап салыстырып, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сыни ойлауды дамытудың дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы да сол – білім алушыға ақпараттың, қажет материалдың дайын күйінде берілмеуі. Әр бала өз бетінше кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуына жағдай жасалады. Ол өзінше сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлелмен келтіру және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Адам – қоғамның бір бөлшегі екенін ескерсек, онда болып жатқан жайттарды өз бойынан өткізе білуі қажет. Ол үшін сол адамның сыни көзқарасы қалыптасуы қажет. Жас ұрпақтың бойында сыни ойлауды қалыптастырушы тұлға әрине – ұстаздар. Әр оқытушы өз сабағында сыни ойлауды жүзеге асырса, өз бетінше ойлай алатын, таным көкжиегі кең, жан-жақты ұрпақ қалыптасар еді. Сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, сұрақтар қоя білу және шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады. Ал ұстаздың міндеті – сол қажеттілікті танып, жол көрсету, бағыт-бағдар беру.
Сабақта сын тұрғысынан ойлауды жүзеге асыру барысында ескеретін тағы бір жайт – уақытты тиімді пайдалану. Өйткені баланың ойлау көкжиегі кең, шексіз. Ол сыни ойлаған сәтте ойы шарықтап кетуі мүмкін. Сондықтан кейде уақыт жетпей жатады. Мен өз тәжірибемде осы мәселемен кездестім. Оқушылар өз ойын ортаға салу, талдау, пікір алуысу кезінде уақыт жетпей жатады. Сондықтан берілетін тапсырманың көлемін, көтерілген мәселенің ауқымдылығана, маңыздылығына қарай реттеп, сәйкестендіріп беруді ескеру қажеттігін түсіндім. Әрбір адам өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленетінін ескерсек, баланың бойында сыни ойлау қасиетін дамытуды дұрыс ұйымдастыру білуді де естен шығармауымыз қажет.
Жалпы баланың сыни ойлауын дамытатын қандай стратегияны алсақ та, оны қандай мақсатта қолданғандығымыз, оның критерийлері анық көрініп тұрғаны жөн. Қарапайым сұрақтардың өзін білім деңгейін тексеру үшін ғана емес, креативтік ойлар мен идеяларды туғызу қабілетін дамыту үшін, кейбір мәліметтерді нақтылау үшін қолданғанымыз дұрыс. Сыни тұрғыдан ойлау стратегияның да басты мақсаты – осыда. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын өз тәжірибемде қолдану арқылы оқушылардың психологиялық ахуалының қалыптасқанын байқадым. Өзін жеке дара тұлға ретінде танып, бір-біріне құрметпен қарауға үйренді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері артты. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасы, шығармашылық жұмыстарға қабілеттері артты. Бұл стратегия мен үшін өте тиімді әдіс болып табылды.
Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Бүгінгі ұстаз – сын тұғысынан ойлай алатын, білімін шығармашылықпен пайдалана білетін, зерттеушілік дағдылары қалыптасқан, АКТ-ны меңгерген, топта және жеке жұмыс жасайтын, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білетін шәкіртті тәрбиелей білетін маман. Өйткені заманауи қоғамның зиялы азаматына білім берудің мақсаты – сана әлеуеті жоғары дамыған, жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, білім беруде әлемдік білім беру деңгейіне көтерілу жолында, келешегіміздің кемелденуі үшін саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздар қауымы аянбай еңбек етуі қажет. Бұл жолда менің де болашақ педагог ретінде атқарар міндетім зор.