І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет13/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   156
Тұр етістігі тыянақты негізгі етістіктегі істің тоқталып қалмай, оқта - текте істеліп тұратындығын көрсетеді: жолығып тұрмын, жолығып тұрсың, жолығып тұр.
Жатыр - негізгі етістіктегі істің тоқтаусыз кәміл болып жатқандығын білдіреді: айтып жатырмын, айтып жатырсың, айтып жатыр.
Отыр етістігі негізгі істің қазір болып жатқандығын көрсетеді, мұнда созылыңқылық жоқ: айтып отырмын, айтып отырсың, айтып отыр.
Жүр етістігі негізгі етістіктегі істің оқта- текте, анда- санда істеліп жатқандығын білдіреді.Мұнда іс Тұр етістігіндегіден де созылыңқы, сирек болады: жолығып тұрмын дегенді жолығып жүрмін дегенмен салыстырсақ, бұл айқын сезіледі.
Берілген тұжырымдарға қарағанда осы шақтың ортақ жасалу жолдары болғанымен, әр зерттеушінің өзіне тән ерекшеліктері де байқалады. Бәріне ортақ ереже - осы шақтағы қимылдың сөйлеп тұрған кезде болып жатуы. Тағы бір ортақ тұс - нақ осы шақтың -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеден кейін отыр, тұр, жүр, жатыр көмекші етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалуы. Ауыспалы немесе дағдылы осы шақ көрсетілген еңбектердің бәрінде бірдей тұлғада беріледі. Біздің зерттеуіміз нақ осы шақтың төңірегінде болғандықтан, бүгінгі таңда оқытылып жүрген нақ осы шақтың жай түрі мен күрделі түрлерінің шақ тұрғысынан нақтылығына арналады. Тек қана төрт- отыр,тұр,жүр,жатыр қалып етістіктерінің тікелей жіктелуімен жасалатын нақ осы шақтың жай түрі,шынында да, осы шақты білдіре ме? Егер етістіктердің түбір күйінде тікелей жіктелмейтінін ескерсек, қалып етістіктері деп жүргендеріміз- етістік пе? Сұрақты бұлайынан төте қоюымыздың себебі мынада:
- Мен отырмын, сен отырсың, ол отыр тұлғасындағы нақ осы шақтан ешқандай қимыл, әрекет байқай алмаймыз. Жансыз заттар да отырады, тұрады, жатады (ескерткіштер);
- Бұл тұста қимыл иесі отырып болғаннан кейін, яғни отырғанға дейінгі әрекет аяқталғаннан кейін ғана отырмын деп сөйлеп отыр, яғни заттың қимылдан кейінгі қалпы ғана;
- Егер етістіктің бәрі түбір күйінде екінші жақта, бұйрық райда айтылатын болса, нақ осы шақтың жай түрін жасап жүрген төрт етістігіміз (отыр,тұр,жүр,жатыр) ашық рай формасында айтылады;
- Егер барлық етістік не істеді? не қылды? қайтті? секілді сұрақтарға жауап берсе, біздің қалып етістік деп жүргендерімізге сұрақ қойылмайды, бірақ сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы: Мен үйде отырмын Кім? Қайда? Ал отырмынға сұрақ қоя алмайсыз;
Оқулықтарда қалып етістіктері деген терминді иеленген отыр, тұр, жүр, жатыр сөздері заттың қимылын, әрекетін білдірмейді. Олар қимыл барысындағы немесе қимыл аяқталғаннан кейінгі заттың қалпын білдіреді. Егер қимыл болып жатқандағы заттың қалпын білдірсе көмекші етістіктің қызметін атқарады: Ол оқып отыр, сөйлеп жатыр, тыңдап тұр, жылап жүр. Бұл мысалдарда қимылды білдіріп тұрған - оқы,сөйле, тыңда, жыла етістіктері. Яғни отырып оқу, жатып сөйлеу, тұрып тыңдау, жүріп жылау. Осыған байланысты болар, проф. Қ.Жұбанов пен академик Н.Сауранбаевтың еңбектерінде нақ осы шақтың жай түрі берілмейді. Ал -ып, -іп, -п көсемше тұлғалы етістіктен кейін отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктерінің келуі арқылы нақ осы шақтың жасалатындығы толық баяндалады. Бұл төрт етістігіміз екінші жақта, бұйрық райда сен отыр, сер тұр, сен жат (жатыр емес), сен жүр түрінде айтылып, толық етістікке тән қызмет атқарады. Сұраққа жауап береді (не істе?). Бірақ етістік ретінде жеке тұрып осы шақ жасай алмайды. Оқулықтардағы қалып етістіктері жеке тұрып та, көмекші қызметінде тұрып та қалып қызметін атқарады деген тұжырымдар кереғар пікірлер. Рас, жеке тұрғанда қимылдан соңғы заттың қалпын білдіреді. Бірақ көмекші қызмет атқарған кезде қимыл барысындағы заттың қалпын да, шақтың созылыңқылығын да (заттың қалпын емес) көрсетеді. Мысалы, Ол ән айтып тұр. Далада қар жауып тұр. Бірінші сөйлемдегі тұр көмекші етістігі қимыл кезіндегі әншінің қалпын танытса, екінші сөйлемдегі тұр көмекші етістігінің қалыпқа қатысы жоқ, тек қардың жауу үдерісінің созылыңқылығын сипаттайды. Ашық рай формасындағы (шартты түрде) отыр, тұр, жатыр, жүр сөздері тіліміздегі модаль сөздермен мағыналас келетін секілді. Салыстырып қарасақ, Екі ауылдың арасында сай жатыр; Екі ауылдың арасында сай бар сөйлемдері синонимдік реңкке ие. Жатыр мен бар - сөйлемнің баяндауыштары. Бірақ екеуіне де сұрақ қойылмайды. Сондықтан Есік ашық тұр, Есік жабық тұр секілді сөйлемдерді де нақ осы шақ деуіміз ерсілеу көрінеді, етістік және оның категориялары туралы ережелерімізді жоққа шығарады. Тіпті қалып етістік деп алып, оларды нақ осы шақта, болымсыз түрде жіктегенімізге жөн болсын. «Мен отырған жоқпын, сен отырған жоқсың, ол отырған жоқ», - дейміз. Өзі қалып етістік болса, әйтеуір бір қалыпта болатын болса, яғни отырмаса, қай қалыпта екенін айтпай ма? Болымсыз қалып бола ма екен?!
Сонымен, осы шақты нақ осы шақ және ауыспалы (дағдылы) осы шақ деп бөліп оқытқанымыз дәстүрге айналғаны рас. Осы шақтың осылай жіктелетіні де ғылыми тұрғыда дәлелденген. Біздің ұсынысымыздың нақ осы шақтың жай түріне ғана байланысты екенін естен шығармайық. Нақ осы шақтың жай түрінің қимыл мен әрекетке қатысы жоқ екендігін дәлелдеуге тырыстық. Кез келген қағиданың маңында күдік болмауы керек. Етістікке тән қасиеттерді иелене алмаса(екінші жақта айтылмаса, сұрағына жауап бере алмаса,сөйлеп тұрған кезде қимыл болмаса) қалай шақ жасай алады?! Нақ осы шақтың жоғарыда көрсетілген -улы, -улі тұлғалы етістікпен жасалу жолы да нақ осы шақтың жай түрінің қызметін қайталайды. «Бір күрек пен бір қайла керегеге сүйеулі тұр»,- дейді. Бұнда күрек пен қайланың қимылы емес, сүйеп кеткеннен кейінгі қалпы ғана баяндалған. Қазан жабулы , сырға тағулы , төсек салулы, тамақ пісірулі деген тіркестердің бәрін нақ осы шаққа әкеле берсек, етістіктің қандай сөз табы екенін ажырата алмай қалуымыз да мүмкін. Әрине, нақ осы шақты білдіретін басқа да жолдардың бар екені зерттеу еңбектерінде айтылады. Мысалы, жатыс септігіндегі тұйық етістікті тұлға баяндауыш болғанда нақ осы шақты білдіретініне қосыламыз: «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Бұларға біздің қосарымыз – Сөйлеп тұрған Алматы; Сөйлеп отырған (тұрған, жатқан, жүрген) менмін секілді нақ осы шақтың жасалу жолдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет