І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш


ХАЛЫҚ ҰҒЫМЫНДАҒЫ ҚАСИЕТТІ САНДАР



бет15/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   156
ХАЛЫҚ ҰҒЫМЫНДАҒЫ ҚАСИЕТТІ САНДАР

Әбдінұр Нұрлан (Қытай)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Әділханова Ж.С.

Қазақ болып жаратылғалы ғасырлар бойы келе жатқан халқымыздың тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрінде қасиетті сандарды қадір тұтқан. Қазақта бала дүниеге келгеннен жеті күнде азан айтып атын қойып бесікке салады, қырқына толғанда қырық қасық сумен шомылдырып, ол үшін жақындарын шақырып, шілдехана жасайды. Ақиқатында адам дүниеден өтіп соңғы сапарына аттанғанда халқымызда марқумның үші, жетісі, кырқы, жылдығы деп жұрт болып еске алып садақа жасайды. Олай болса, сан ғасырлық тарихы бар еліміздің салт- сана, əдетінде сөйлеген сөздерінде қасиетті сандармен біте қайнасқан. "Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.


Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және "Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "Жеті қабат жер астында" сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал - мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты. Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: "Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", "Тоғыз жолдың торабы", "Тоғыз қабат торқа қию","бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздері тегін шықпаған болу керек. Он екі саны да – халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осындағы он екі жылды бір мүшел, қауіпті жас деп, оны адамдар атап өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты "он екі мүшең сау болсын", "он екіде бір нұсқасы жоқ", "он екі баулы өзбек" деген сөздер де айтылады. Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны – қырық. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда "Қырықынан шығару" деген ырымы бар. Өлген адамның "Қырқын беру" дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты "Қырықтың бірі - қыдыр" деп қарсы алуы қазақ халқының дәстүрлерін сандар арқылы үйренеді. Халықтық ырымдарды, болжамдарды, тұжырымдарды қажеттілігіне қарай өз тәжірибесіне пайдалануға тырысады. Ендеше, ата-бабамыздан келе жатқан жәдігерлерде сандарда қандай сырлар жатқанын тарқатып көрейік:
Сандар сыры:
Үш жұрт
1. Ағайын жұрт 2. Нағашы жұрт 3. Қайын жұрт.
Үш байлық
Бірінші байлық – денсаулық.
Екінші байлық – ақжаулық.
Үшінші байлық – қорадағы бес саулық.
Үш би
1. Үйсін Төле би. 2. Арғын Қаздауысты Қазыбек би. 3. Алшын Әйтеке би.
Үш дана
1. Абай. 2. Шоқан. 3. Ыбырай.
Үш арыс
1. Сәкен. 2. Бейімбет. 3. Ілияс.
Үш қат
1. Жоғары қат (аспан) Орта қат (жер үсті) Төменгі қат (жер асты).
Үш қуат
1. Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.
Үш ғажап
1. Ажал ғажап. 2. Қонақ ғажап. 3. Несібе ғажап.
Үш арсыз
1. Ұйқы арсыз. 2. Тамақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.
Үш қадірлі
1. Ырыс. 2. Бақ. 3. Дәулет (Жиренше шешен)
Үш қадірсіз
1. Жастық шақ. 2. Денсаулық. 3. Жақсы жар (әйел)
Үш жамандық
1. Нақақ қан төгу. 2. Кісі малын нақақ алу. 3. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш тәтті
1. Жан тәтті. 2. Мал тәтті. 3. Жар тәтті.
Үш ақиқат
1. Қымбат – шындық. 2. Арзан – өтірік. 3. Дауасыз – кәрілік (Жанқұтты шешен).
Үш биік
1. Билік. 2. Дәулет. 3. Даналық.
Үш асыл
1. Көз. 2. Тіл. 3. Көңіл.
Үш артық
1. Адалдық. 2. Еңбексүйгіштік. 3. Өнерпаздық.
Үш тұл
Қайратсыз ашу тұл.
Тұрлаусыз ғашық тұл.
Шәкіртсіз ғалым тұл (Абай).
Үш апат
1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламау. 2. Өкіметті сыйламау. 3. Асты ысырап ету.
Үш кедейлік
1. Кежірлік. 2. Еріншектік. 3. Ұйқы (Төле би).
Үш кемдік
1. Надандық. 2. Еріншектік. 3. Зұлымдық (Абай).
Үш бақытсыздық
1. Жаман ат. 2. Жаман қатын. 3. Жаман көрші.
Үш көз
1. Су анасы – бұлақ. 2. Жол анасы – тұяқ. 3. Сөз анасы – құлақ.
Үш тоқтам
1. Ақыл – арқан, 2. Ой – өріс, 3. Адам – қазық.
Үш қасиет
1. Өліде – аруақ. 2. Малда – кие. 3. Ырыста - несібе 
Төрт тұлға
1. От. 2. Су. 3. Жел. 4. Жер.
Төрт құбыла
1. Шығыс. 2. Оңтүстік. 3. Батыс. 4. Солтүстік.
Төрт маусым
1. Көктем. 2. Жаз. 3. Күз. 4. Қыс.
Төрт тоқсан
1. Қыс тоқсан. 2. Жаз тоқсан. 3. Шілде тоқсан. 4. Күз тоқсан.
Төрт бұрыш
Шығыс елі дүниенің төрт бұрышы деп Шын – Машын (Үндістан), Мысыр, Рұм, Еуропа елдерін айтқан.
Төрт түлік
1. Түйе пірі – Ойсыл қара.
2. Жылқы пірі – Қамбар ата.
3. Сиыр пірі – Зеңгі баба.
4. Қой, ешкі пірі – Шопан ата, Шекшек ата.
Төрт мұрат
Дау мұраты – біту. Саудагер мұраты – ұту. Қыз мұраты – кету. Жол мұраты – жету. (Сырым батыр).
Төрт мүлік
1. Бас – сандық. 2. Тіл – кілт. 3. Қол – мүлік. 4. Аяқ – азамат.
Төрт қорлық
1. Шақырылмаған жерге бару. 2. Бейбастық сөйлеу. 3. Дұшпаннан жәрдем күту. 4. Сараңнан қажет сұрау.
Төрт халифа
1. Әбубәкір. 2. Омар. 3. Оспан. 4. Әли.
Төрт періште
Аллаға жақын төрт періште бар. Олар: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекайіл,Исрафил.
Төрт қылыш
1. Хәмхам. 2. Сәмсам. 3. Зұлпыхар. 4. Зұлқажа.
Төрт кітап
1. Тәурат – Мұсылманның кітабы.
2. Зәбүр – Дәуіттің кітабы.
3. Інжіл – Исаның кітабы.
4. Құран – Мұхамбеттің кітабы.
Төрт пір
Жарлының пірі – қалтаң ата. Ұрының пірі – жалтаң ата. Шебердің пірі – тепшем ата. Кәрінің пірі – кекшіл ата (Досбол шешен).
Төрт күнә
Аллаға күмән келтіру. Нақақтан қан төгу. Ата-анаға тіл тигізу. Өтірік куә болу (Мұхамбет пайғамбар).
Парыз
1. Құдайдың бірлігі мен Мұхамбеттің пайғамбарлық қасиетін мойындау. 2. Намаз оқу. 3. Ораза тұту. 4. Садақа беру. 5. Қажылыққа бару.
Бес намаз
1. Таң намазы. 2. Бесін намазы. 3. Екінді намазы. 4. Ақшам намазы. 5.Құптан намаз.
Бес борыш
Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш. Адамның өзіне байланысты борыш. Мемлекет пен халыққа борыш. Үй-іші, жақындарға борыш. Адамгершілік әлеміне борыш (Мұхамбет пайғамбар).
Бес қару
1. Садақ. 2. Мылтық. 3. Найза. 4. Қылыш. 5. Айбалта.
Бес жаратылыс
1. Күн. 2. Ай. 3. Жұлдыз. 4. Күндіз. 5. Түн.
Бес өсиет
1. Топасқа сенбе. 2. Жауға иілме. 3. Әрқашан сақ жүр. 4. Аш үйге қонба. 5. Жарлыдан сый алма.
Алты алаш
1. Қазақ. 2. Қарақалпақ. 3. Өзбек. 4. Түрікмен. 5. Қырғыз. 6. Жайылған (Төле би).
Алты игілік
1. Денсаулық. 2. Қазына. 3. Дос. 4. Әйел (жар). 5. Білім. 6. Бала (ұрпақ)
Алты парыз
Адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар. Олар:
Бір-біріне сәлем беру (әдейі барып). Шақырса – бару. Кеңес сұраса – ақыл қосу. Сұрағына – жауап беру. Ауырып қалса – көңілін сұрау. Қайтыс болса – жерлеуге қатысу (Мұхамбет пайғамбар)
Алты асқар
1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл
Жеті күн
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті жоқ
1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жұт.
1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті құрлық.
Африка, Антарктида, Австралия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка.
Жеті жетекші
Адамның басшысы – ақыл. Жетекшісі – талап. Жолаушысы – ой. Жолдасы – кәсіп. Қорғаны – сабыр. Қорғаушысы – мінез. Сынаушысы – халық (Саққұлақ би)
Жеті ғалам
1. Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4. Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тоғамы.
Аптаның жеті күні
1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күн. 5. Ауыр күн. 6. Соңғы күн. 7. Азына.
Аптаның жеті күні.
Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Кемпірқосақтың жеті түсі.
Жарық мынадай жеті түстен тұрады: қызыл, қыз-ғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады.
Жеті жұт.
Бұлар: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зіл-зала (жер сілкіну).
Жеті жоқ.
Ол былай: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті қазына
Ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, , ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы.
Жеті ата:
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Жеті жетім:
Тыңдамаған сөз жетім. Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу-қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – бәрінен де сол жетім.
Мөлдір тауындағы жеті әулие ана:
1. Шүміш әулие ана. 2. Мария әулие ана. 3. Рахима әулие ана. 4. Гульфайруз әулие ана. 5. Зәуре әулие ана. 6. Хадиша әулие ана. 7. Райнаму әулие ана.
Жеті ғашық:
1. Ләйлі – Мәжнүн. 2. Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5. Уәлик – Ғарра. 6. Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа.
Пейіш сегіз түрлі нәрседен тұрады:
1. Дәрісләм – қызыл жақұттан. 2. Дәріл қарар – күмістен. 3. Жәннатіл нағим – замруттан. 4. Жәннатіл ғадин – лағылдан. 5. Жәннатіл мәғуй – гауһардан. 6. Дәрін нақар – нұрдан. 7.Жәннатіл фердәуіс – зұбаржаттан. 8. Жәннатіл ағла – алтыннан.
Сегіз адамға жұмақ лайық:
1. Ораза ұстағандарға. 2. Жаман сөзден сақтанғандарға. 3. Құран оқығандарға. 4. Аш адамға тамақ бергендерге. 5. Жас уақытында намаз оқығандарға. 6. Сиқырдан аулақ болғандарға. 7. Өзіне жақсылық болсын дегендерге. 8. Өзгегеде жақсылық болсын дегендерге.
Жәннаттың сегіз есігіне кіретіндер: 1. «Лә илаһа илла Аллаһ Мұхаммадур Расуллаһ» калимасы жазылған есіктен Пайғамбарлар, шейіт болғандар, жомарттар кіреді. 2. Намазды, дәреті толық орындағандар есігі. 3. Малдарынан зекет бергендердің есігі. 4. Алланың үкімін орындағандар есігі. 5. Нәпсісін тыйғандар кіреді. 6. Хаж амалын орындағандар кіреді. 7. Аллаһ жолында соғысқа шығушылар. 8. Арам нәрселерге көздерін жұмып, жақсы істерді орындағандар.
Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер:
1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырызаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен бұлақ сулардың періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі. Тоғыз-құмалақ — қазақ ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Міне достар, қаншама ғасырды артқа тастап бүгінгі таңға жеткен қазақ халқы дәстүрін ардақтап, салтын сақтаған, ата жолын жалғаған халық. Ендеше бүгінгі тәуелсіз таңға жеткен тәуелсіз ұрпақ бабалар салған жолдан таймаса екен дейміз. Дінімізді, тілімізді сақтап, өз құндылықтарымызды жоғалтпасақ, бізден мықты, бізден рухты ел болмас еді. Осы мақсатпен сандардың сырын қолданыстағы орны жайлы іздендім.Бүгінгі күнгі замандастарым, әсіресе, шетелден келген қандас бауырларымыз тіліміздегі осындай қасиетті ойларды қаперінде ұстап жүрсе, өмірлеріне қажетті ілім болатыны сөзсіз деп есептеймін. Халқымыз қадір тұтқан сандарын біліп, оның мәнін терең ұғынсақ нұр үстіне нұр болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет