І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет84/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна», 2010 жыл


2. Елеукенов Ш. Мағжан – А., 1995
3. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – А., 1995
4. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.– А., 1995.
ҰЛЫТАУ МҰРАЖАЙЫНДАҒЫ ҚОРЛАР ӨЛКЕ ТАРИХЫН
ЗЕРТТЕУДЕГІ ДЕРЕК КӨЗІ


Зияда Жансая (Қазақстан)
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Ғылыми жетекшісі: Өскембаев Қ.С., т.ғ.к.,доцент

Ұлытау ауданы – Қарағанды облысықұрамындағы аудан. Аудан 1972 жылы құрылған. Аудан аумағы 122,9 мың шаршы километрге тең. Жер жүзіндегі қай халықтың болмасын қадір тұтып, қасиет санайтын киелі мекені болары анық. Сондай қойнауы қазына, тасына тарих тұнған жер қазақ халқында да бар. Ол Кешегі көшпенді қазақтың көшесіз астанасы атанған, жерінің асты алтын, үсті ырысты өңір – Ұлытау екені баршаға аян. Бұл қоныстарда қалалық мәдениет, қол өнері, сауда-саттық дамығанын Басқамыр, Жошы-орда, Аяққамыр, Орда-базар қалашықтарына жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесі дәлелдеді.


Құдіретті Ақсақ Темір өзінің Ұлытауда болғаны туралы Алтыншоқы тауында тасқа қашап белгі қалдырған. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ұлытау – өте қасиетті жер! Ұлытау деп аталуының өзінің де тарихи мәні бар, қазақтың ен даласының қайсысына барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Дегенмен, Ұлытаудың орны бөлек. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз – өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихтың куәгері – Ұлытау. Оны білуіміз керек», – дейді Елбасы. Шынымен, біз өз тарихимызды жақсы біліп, оны дәріптеуге және болашақ ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Бүгінде осы міндет негізінде Ұлытауда жұмыс істеп тұрған «Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайы» бар [6, 21 б.].
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 29 қарашадағы № 466 қаулысымен құрылды.
Негізгі мақсаты: Тарихи-археологиялық ескерткіштер мен тарихи ландшафтарды қорғап, сақтау және насихаттау.
Негізгі міндеттері:

  • Ұлытау тарихи-архитектуралық, археологиялық кешенінің тұтастығын қамтамасыз ету, оның тарихи орнын сақтау;

  • Ғылыми-зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарымен қатар арнайы этнографиялық, археологиялық, кешендік мамандандырылған экспедициялар ұйымдастыру;

  • Мәдени-ағарту, жарнамалық-ақпарат және баспа қызметтерін жүргізу;

Жалпы жер көлемі: «Ұлытау» қорық-мұражайының қорғау аймағын жалпы көлемі 147246 гектар құрайтын 25 тарихи-мәдени кешендер құрайды.
Мекеме ғимараты 2 қабаттан тұрады. Жалпы көлемі 566,2 ш.м
Мұражай қызметкерлері тарихи археологиялық ескерткіштерді қорғау, келешек ұрпаққа сақтап қалу мақсатында жұмыстар атқаруда [ 1;2 , 14-19 б].
Аталған аймақта 200 кешеннен артық ескерткіштер саны орын алады. Ескерткіштер санын анықтау және төлқұжаттандыру жұмыстары жалғасуда. Ұлытау ауданы аймағында 358 тарихи-мәдени ескерткіш төлқұжаттандырылған. Олардың ішінде 11 ескерткіш Республикалық маңызға ие: Айранбай, Мақат, Жошыхан, Алашахан, Болған ана, Басқамыр, Аяққамыр, Дүзен, Домбауыл, Кетебай, Лабақ мазарлары.
Мұражайда:

  1. «Тарихи ландшафт»

  2. «Археология», «Архитектура»

  3. «Қазақ хандығы»

  4. «Қазақ этнографиясы»

  5. «Ұлы Еуразия даласы және Ұлытау»

  6. Көрме залы

Тарихи ландшафт залында Ұлытау тарихы Ұлытау тауы төңірегінде мыңжылдықтарда өткен тарихи оқиғаларға байланысты көрсетілген. Табиғи ландшафтқа ұлттық мәдени мұра ретінде мән берілген. Даланың еуразиялық белдеуінің орталығында орналасқан Ұлытаудың географиялық өзгешеліктері, оның табиғи ерекшеліктері және байлығы бұл өңірді Ұлы Дала тарихындағы негізгі орны бар екендігін көрсетеді.
Археология залында ғалам, дүние жаратылысы, Қазақстанның қазба байлықтары мен ежелгі дәуір тарихынан ХV ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезең оқиғаларын сипаттайтын жәдігерлер және Ұлытау өңірі тарихын зерттеуші археологтардың портреттері галереясы орналасқан.Шикі кірпішті кесенелер мен күйдірілген кірпіштен қаланған кесенелерді дарынды көшпелі сәулетшілер салған. Бұл Ұлытау даласында бірнеше жүз жылдыққа созылған түздік архитектуралық ренессанстың көрінісі. Тағы бір Ұлытаудың ерекше мәдени-тарихи ландшафтысы жартас суреттерінің мекендері болып табылады. Экспозицияда үш бірегей петроглифтер мекені: Байқоңыр, Заңғар тас, Теректінің жартас суреттерімен тастар түпнұсқалары, петроглифтер мекенінің ландшафтысының фотокомпозициясы ұсынылған.
«Қазақ этнографиясы» экспозициялық залға жалпы көлемі 15,4 шаршы метр. «Қазақ этнографиясы» залында қойылатын этнографиялық материалдар көп жылдардан бері қалыптасқан қазақ халқының тұрмыстық өмірінен, дүниетанымынан, бай материалдық және рухани мәдениетінен көрініс беретін жәдігерлермен танысады. Ұлытау ескерткіштері қазақ жерін мекендеген тайпалардың рухани мәдениетін, тұрмысын, салт-санасын, өнер тарихын көрсететін бірден-бір дерек болып табылады.
Мұражай қорында, экспозиция залдарында сақталған этнографиялық жәдігерлер құрамында қазақ қолөнер шеберлерінің туындылары бар. Өзінің түп тамырымен көне заманнан нәр алып, жалғасын тауып мұра болып қазіргі кезеңге дейін жеткен халықтық зергерлік бұйымдар ұлттық мәдениет тарихында ерекше орын алады. Қазақ зергерлері жеке жұмыс істеп, өз шеберліктерін ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырды. Қорық-мұражай қорында экспозицияда нақты орындар алатын, дәстүрлік белгіні жоғалтпаған XV-XX ғғ. кезеңдерінің тамаша, баға жетпес бұйымдары бар.
«Ұлы Еуразия даласы және Ұлытау». Жалпы көлемі 14,78 шаршы метр. Ұлытау – Ұлы Еуразия Даласының орталығы. Қазір де Ұлытаудың Еуразия Даласының «қорығы» болуы өз жалғасын табуда. Ұлы Дала дәстүрін жалғастыра отырып, Ұлытаудың мәртебесін түркі жұртының ғана емес, еуразия халықтары үшін де, Адам мен табиғат бірлігінің мекені ретінде сақтауды қажет ететін мекен. Бұл тұжырым қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиғалар өткен ерекше табиғи-мәдени ландшафттың іс жүзінде сақталуына жәрдемін тигізеді. Еуразия Даласының картасында Алтай-Дунай экспедициясының толық бағдары көрсетіледі. Көшпенді ұлттардың мәдениеті мен табиғи көріністері беретін фотосуреттер ілінеді.
«Көрме» залы. Жалпы көлемі 68,2 шаршы метр. Қорық-мұражай ғимаратының көрме залында мемлекетіміздің, Ұлытау – Жезқазған өңірінің тарихи оқиғаларына, айтулы мерекелері мен тарихына арналған және серіктес мекемелердің тақырыптық көшпелі көрмелері қойылады. Сонымен қатар дәстүрлі экскурсиялар мен дәрістер, мәдени іс-шаралар мен шығармашылық кештер өткізіледі. Көрме залының қабырғаларына жылжымалы көрмелер өткізуге арналған арнайы стендтер ілінетін ілгектер жасалынады, төбеден жарық түсіріледі [3 , 15 б. ].
Қорытынды. Ұлытау – Қазақстан Республикасының тарихи және географиялық орталығы, қазақ халқының алтын бесігі. Көшпелі мәдениет пен далалық өркениеттің эпицентрі, түрік халықтарының меккесі. Ұлы Еуразия даласының орталығы. Бұл жерде қазақ хандығының құрылуы мен мемлекеттігіне қатысты ұлт тарихындағы ұлы оқиғалар өткен.Өзінің тарихи құндылығын жоймаған, бүгінгі күнге дейін сақталған мұраларды мұражайда сақтап, сол мұраларды өлке тарихын зерттеуге тиімді пайдалана білсек, біз өлкеміздің тарихын одан әрі жандандырар едік.
Ұлытау – осынау қойнауы тарихқа толы мекеннің тарихын дәріптеу, оны болашақ ұрпаққа жеткізу бүгінде біздің міндетіміз болып табылады. Ал, осы мұраларды өлке тарихын зерттеудегі дерек көзіне айналдырсақ нұр үстіне нұр болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет