Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет60/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75
 

Төле бидің төрелігі 

 

Атақты Төле бидің бала кезі екен. Ауыл сыртында қозы бағып жүргенде, 



жанынан өтіп бара жатқан қос аттының бірі: «Əлібек қартайыпты, əділдігінен 

айныпты»  деп  ренжіп  бара  жатқанын  естіп  қалады.  Сол  кезде  Төле 

алдарынан шығып, сəлем береді. 

- Оу, ағалар, əкем Əлібектің билігіне ризамысыңдар? –дейді. 

- Наразымыз, балам. Əкең əділ билік айтпады. 

- Ендеше қайтыңыздар. 

Екі жақ Əлібектің алдына қайта келгенде, бала Төле: 

- Ата, билікке екі жақ бірдей риза болу керек. Əйтпесе, ол əділ билікке 

жатпайды. Жеңілген де, жеңген де шындықты мойындау керек, дейді. 

- Олай болса, балам, осы даудың билігін өзің айтып көрші, дейді əкесі. 

Төле  даудың  мəнісін  сұрайды.  Сонда  дауды  бастаған  жігіт  ботасында 

жоғалтқан түйесін жолда кезіккен керуеннен танығанын айтады.  

- Бұл өтірік айтып тұр, – дейді керуенбасы саудагер. 

-  Ал,  енді,  жігітім,  «тапқан  қуанады,  таныған  алады»  деген,  сен  қалай 

таныдың? 

- Түйем туар алдында бошалап кетті. Бір жетіге дейін таптырмаған түйем 

таудың баурайында боздап жүр екен. Ботасын қасқыр жесе, шала туса кетпес 

пе  еді.  Содан  ботасын  біреу  алып  кеткенін  түсіндім.  Содан  бері  бейсауыт 

жүргіншілерге,  көрінген  түйеге  қарап  жүруші  едім,  бүгін  түйені  көргеннен 

таныдым. Төле: 

- Сол түйенің енесі бар ма? 

- Бар.  


Төле қарсы жаққа «сөйле» дейді. 

- Мынау өз түйемнің ботасы, тура сөзіңізді айтыңыз. 

- Енесі бар ма түйенің? 

- Туған енесі бар. 

- Екеуің де енелерін алдырыңдар. 

Дауласқан түйенің енесін алдырады. 

- Атанның тақымына қыл бұрауды салыңдар, дейді. 

Түйенің  тақымын  қыл  бұраумен  шыңғыртып  бұрағанда,  таныған  жігіттің 

түйесі көзінен жас парлап, шыңғырып жатқан түйенің үстінен түседі. 

- Оу, халайық, көріп тұрсыңдар, мына жануар шын анасы екен. 

-  Ə,  саудагерім,  мынау  хайуан  болса  да,  əділетін  халықтың  алдында 

көрсетті. Күнəні мойынға алған жеңіл, шындығыңды айт. 




 

54 


 

- Оу, халайық, бұдан бес жыл бұрын ботаны алғаным рас. Кешсеңдер де, 

бас кессеңдер де өздерің біліңдер. 

- Төрелігін бидің өзі айтсын,  дейді жұрт. 

Бала Төле: 

-  Өздеріңіз  көріп,  біліп  тұрсыздар.  Саудагердің  халық  алдында 

масқарасы шықты. Бұдан артық жаза жоқ,  дейді. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет