Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Адамның образы қалай және неден жасалады?



бет71/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Адамның образы қалай және неден жасалады?
Адамның образы харектерден тұрады, характер – әр адамның рухани, психологиялық ерекшелігі; характерлер – образдың бір қыры, бір образ сандаған характерден құралады. Ол ерекшелік адамның жүрісі, тұрысынан, әрекетінен, ой өрісінен, мәдениетінен көрінеді.
Характер туралы әдебиет қайраткерлерінің пікірін тыңдалық.
Характер дегенді осыдан екі мың жыл бұрын Аристотель шешіп қойып еді. Біз оны әлі түсінбегенісп келеміз.
Ал “характер” дегеніміз – бейнесінен ырықтың бағыты көрінетін нәрсе. Ырықтың бығыты тек рекетпен ғана айқындалады.
“Кейіпкерлердің психологиясынан көрінетін жаңа ерекшеліктер, сөз жоқ, олардың істерінен, әрекеттерінен жаралуы тиіс” “Ұлы характердің абыройы – олар “кінәлі” болады” (Лаврецкий).
“Характердің қозғалысы драмадағы әрекеттердің өсуімен тығыз байланысты (В. Блок). Демен, характер әрекеттен шығады да, соның дмауымен өседі. “Идея мен характер кездесіп қалса, онда адамды жылдар бойы таңдандырып тұратын құбылыс шығады” (Гете).
Бұл не деген сөз? Жазушылар характерді әрекетпен бере алмай келетінін айттық. Ал егер жазушы оны тың әрекетті етіп бере алса, ол тың әрекетті әкелген характерге жақсы идея тап болып, екеуі бір жерден шықса, онда адам баласының мәңгілік есінде қалатын шығарма жасалады, деген сөз. Ондай характер бұрын көрінбеген, ерекше әсерлі әрекеттің қуаттылығына байланысты ғана өмірге келеді. “Характер дегініміз – жетілдіре тәрбиелеген ырық”(Р. Эмерсен).
Характер қай уақытта дараланады?
Ол өзінгші бір әсерлі әрекет жасаса, тың әрекет иеленсе және ол әрекет бұрынғы көрінген әдебиеттік характерлердің әрекеттеріне ұқсамай, жаңа тұлғамен көрінсе, сонда ғана ол дараланған характер бола алады. Оның еткен әрекеті басқа біреудің әрекетіне ұқсап тұрса, онда дараланған болмайды, сол бұрынға жасалған образдан көшірген тұлға болады. Ол жазушы көшірмек Тагіл, ол кітапты оқымаған болуы да мүмкін (нашар жазушылардың көбі кітап оқымайтын болады). Бірақ анау жасалаған образ сонда да дараланған болмайды, ал жазушы бәрі – бір, “содан көшіреді” деген кінәдан тазаланбайды.
Сөйтіп, “нағыз образ” деген сөздің ішіне бірнеше характер енуі керек. Және сол характерлердің бәрі дараланған болуға тиіс, оны, Горький сөзімен айтқанда, “Жан – жақты жетілген образ” дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет