-«Қимақтар -темір қорытудың нағыз мамандары, садақтың жебесін жасаудың хас шеберлері болған.Оған дәлел- олардың зираттарынан түрлі жебелердің табылуы. Ал ат әбзелдерін жасауда оларға ешкім жетпеген. Зираттарында саздан жасалған ыдыстар (көзелер) да кездеседі. Бірақ олардың көпшілігі қолдан жасалған, онша сәнді емес, бұған қарағанда, оларда көзешілік кәсібі жеткілікті дамымаған». -Қимақ зергерлерінің әйелдерге арнап жасаған бұйымдарына басқа түрік тілдес тайпалардың әшекейлері сай келмейді. Олардың қолөнері, оның ішінде зергерлік өнері жоғары дәрежеде болған.
Діні
-Ата-баба аруағына, Тәңірге басқа түркі тілдес тайпалар сияқты сыйынған.
-Х ғасырдақимақ шонжарлары Ислам дін қабылдай бастаған. Оны сол кезеңдегі қимақ қағаны Жанақтың ибн Хақан әл-Қимақиаталуынан және жерлеу рәсімінен де көруге болады.
Жазуы
-Қимақтардың қолданған жазуы- Ежелгі түрік жазуы. ІХ-Х ғ.ғ. қимақтардың ежелгі түрік жазуымен жазғандығын дәлелдейтін айғақ- қола айналардағы жазулар. -Ертіс бойы мен Тарбағатай тауларынан IX-X ғ.ғ. көне түркі жазулары табылды.
-Х ғасырдаараб саяхатшы Әбу Дулаф «Рисала» («Жазба»)еңбегінде:«Қимақтар ежелгі түрік жазуын қолданды қамыс қаламмен жазған»-деп жазады.
-Ерте орта ғасыр кезінде қалаларға айналған.Мал өсірумен шұғылданатын тұрғындар арасындағы кедейленген топтар егіншілікпен, қолөнермен айналысып, қыстақтар мен қала тұрғындарының санын көбейтті.