13-кесте. IV аналитикалық топ катиондарының жүйелі анализ жолы
Зерттелетін ерітінді: Al3+, Cr3+, Zn2+, Sn2+, Sn4+, As(ІІI), As(V) + 3% H2О2 + 6н NaOH
|
Ерітінді: AlO22-, CrО42-, ZnO22-, SnO32-, AsO43- + HCl
|
Ерітінді: Al3+, Cr2O72-, Zn2+, Sn2+, AsO43- + NH4OH немесе NH4Clқатты
|
Тұнба:
Al(OH)3↓, Sn(OH)4↓+2н HCl
|
Ерітінді: CrО42-, AsO43-, кезде [Zn(NH3)4]2+ + CH3COOH + Na2CO3
|
Ерітінді: Al3+, [SnCl6]2- (ерітіндіні екіге бөледі):
1) Аl3+ ионынын анықтау:+ ализарин → ашық-қызыл тұнба;
2) [SnCl6]2- ионын анықтау:
+ Fe (Sn4+ → Sn2+);
Sn2+ + KOH + Bi3+ → Bi↓қара.
|
Тұнба: (ZnOH)2CО3↓ ақ + 2н CH3COOH
|
Ерітінді: CrО42-, AsO43-
(ерітіндіні екіге бөледі):
1) CrО42- ионын анықтау:
а) + BaCl2 → BaCrO4↓(сары тұнба)
ә) + H2O2 + H2SO4 H2CrO6 (орг. қабат көкке боялады).
2) AsO43- ионын анықтау:
а) + (NH4)2MoO4 + HNO3 → (NH4)3AsО4∙12MoО3∙6H2О↓
сары тұнба;
ә) + MgCl2 + NH4Cl + NH4OH → MgNH4AsО4↓
ақ тұнба.
|
Ерітінді: Zn2+
a) +K4[Fe(CN)6] →
K2Zn3[Fe(CN)6]2↓ақ
ә) + дитизон → қызыл тұнба
|
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Төртінші аналитикалық топ катиондарының сипаттамасы, топтық реагенті.
2. Алюминийге тән спецификалық реакцияны атаңыз.
3. Ализаринмен алюминийді анықтағанда кедергі келтіретін иондардан қалай арылуға болады?
4. Мырышқа тән спецификалық реакцияны атаңыз.
5. Мырыш пен қалайы иондарын қалай бөліп алуға болады?
6. Төртінші топ катиондарының түстісі қайсы?
7. Хром мен алюминий катиондарын қандай реагенттің көмегімен бөліп алуға болады?
8. Хром ионын анықтайтын реакция теңдеулерін жазыңыз.
9. Калий дихроматының қышқылдық ортада сутегі асқын тотығымен реак-циясын жазыңыз.
10. IV аналитикалык топ катиондары гидроксидтері неліктен қышкыл-дардың немесе сілтілердің артық мөлшерінде ериді?
11. IV аналитикалық топ катиондары қоспасының жүйелік анализінде не себептен NaOH ерітіндісімен бірге Н2О2 қосады?
12. Күшән (V) ионын арсинге дейін тотықсыздандыру реакциясын жазу, тотығу-тотықсыздану реакциясын иондық баланс арқылы теңестіру.
13. SnS, As2S3 қосылыстарының аммоний сульфидінде еру реакциялары теңдеулерін жазыңыз.
14. Қалайы (ІІ) ионына тән сапалық реакцияларды атаңыз.
15. ІV аналитикалық топ катиондары қоспасының жүйелі анализі кезінде Cr3+ катионын басқа катиондардан қандай реакциялардың көмегімен бөліп алады? Реакция теңдеулерін жазыңыз.
ІV аналитикалық топ катиондары бойынша тест сұрақтары
1. ІV аналитикалық топқа топтық реагент болып табылады:
A) артық мөлшері
B) артық мөлшері
C) HCl
D)
E) топтық реагенті жоқ
*****
2. IV Аналитикалық топқа жататын катион:
A)
B)
C)
D)
E)
*****
3. ІV аналитикалық топ катиондарының сипаттамасы
A) сілтінің артық мөлшерінде еритін амфотерлі гидроксидтер түзеді
B) сілтінің артық мөлшерінде ерімейтін гидроксидтер түзеді
C) суда ертін аммиакаттар түзеді
D) суда еритін тұздар түзеді
E) сілтінің артық мөлшерінде еритін сульфаттар түзеді
*****
4. Мырышқа тән реакция
A) амиак ерітіндісімен
B) сілтімен
C) дитизонмен
D) сілтілік металдардың карбонаттарымен
E) хлорсутек қышқылымен
*****
5. ІV аналитикалық топтың түсті катионы
A) алюмий
B) хром
C) мырыш
D) қалайы
E) мышьяк
*****
6. Хром катионына тән реакция
A) сілтімен реакциясы
B) аммиак ерітіндісімен
C) аммоний карбонатымен
D) хлорсутек қышқылымен
E) хром (ІІІ) катионын хромат, дихромат және перхромат ионына дейін тотықтыру реакциясы
*****
7. Мырыш ионына тән реакция:
A) сілтімен реакциясы
B) аммиак ерітіндісімен
C) аммоний карбонатымен
D) хлорсутек қышқылымен
E) дитизонмен
*****
8. Қалайы мен мырыш иондарын бөліп алуға көмектесетін реагент:
A) сілтімен
B) аммиак ерітіндісінің артық мөлшерімен
C) дитизонмен
D) хлорсутек қышқылымен
E) күкіртсутекпен
*****
9. Алюминий мен хром иондарын бөліп алуға көмектесетін реагент:
A) сілтімен
B) аммиак ерітіндісі ортасында сутек асқын тотығымен
C) қышқыл ортада сутек асқын тотығымен
D) аммиак ерітіндісімен
E) күкірт қышқылымен
*****
10. Алюминий ионын анықтайтын реактив:
A) дитизон
B) ализарин
C) аммоний карбонаты
D) диметилглиоксим
E) Неслер реактиві
*****
11. Гидроксиді амфотерлі қасиет көрсететін катион:
A) темір (ІІ)
B) темір (ІІІ)
C) мырыш
D) марганец
E) кадмий
*****
12. Хром (ІІІ) ионын анықтауға спецификалық реакция:
A) хром (ІІІ) гидроксидінің түзілуі
B) хромиттің түзілуі
C) фосфаттың түзілуі
D) сілтілік ортада сутек асқын тотығымен тотықтыру
E) натрий гидрофосфатының түзілуі
*****
13. Сілтілік ортада сары, қышқылдық ортада қызыл-сары түске боялатын ион:
A) марганец
B) магний
C) кобальт
D) хром
E) мыс
*****
14. Мырыш ионын анықтау үшін қолданатын комплексті қосылыс:
A)
B)
C)
D)
E)
*****
15. Сілтілік ортада сутегі пероксидімен әрекеттесіп, тотығу дәрежесін арттыратын қосылыстар қатары:
A)
B)
C)
D)
E)
*****
16. Мырыш, мыс, алюминий тұздары қоспасының ерітіндісіне аммиактың артық мөлшерін қосқан кезде түзілетін тұнба:
A)
B)
C)
D)
E) тұнба түзілмейді
*****
17. Қышқылдық-негіздік жіктелу бойынша Zn2+, Cr2O72-, AsO43- иондарынан бөліп алу үшін қолданылатын реагент:
A) NH4OHконц.
B) NaOH
C) H2SO4
D) HNO3
E) Na2CO3
*****
8.6.1 Бесінші аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары және олардың қоспасының анализі
Бесінші аналитикалық топқа Fe2+, Fe3+, Mn2+, Mg2+, Bi3+, Sb3+, Sb5+ катион-дары жатады. Бұл катиондар периодтық жүйенің әртүрлі топтарында және топшаларында орналасқан: Mg - ІІА, Sb, Ві - VA, Mn - VIIB, Fe -VIIIB топшаларында орналасқан. Атом кұрылыстары да әртүрлі. Мысалы, марга-нец пен темір иондарының сыртқы деңгейшелері аяқталмаған, демек 18 элек-тронға әлі жетпеген, бұл d элементтері. Химиялық реакциялар кезінде ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді және бос деңгейшелерінің арқасын-да комплексті қосылыстар түзе алады, әсіресе темір иондары.
Сурьма мен висмут катиондарында аяқталмаған 18 электрондық деңгей-шелері бар. Бұл амфотерлі иондар, бірақ сілтілер әсерінен тұнбаға түсетін болғандықтан және тотығу дәрежелері ауыспалы болуына байланысты бұл катиондарды V аналитикалық топқа жинақтаған.
Магний s элемент, ион күйінде 8 электрондық деңгейшесі бар. Сілті әсерінен Mg(OH)2 түрінде тұнбаға түседі.
Бұл аналитикалық топ катиондарының стандартты потенциалдары да әртүрлі, осыған байланысты сұйытылған қышқылдармен де әртүрлі әрекет-теседі.
Жүйе Mg2+/Mg° Mn2+/Mn° Fe2+/Fe° Sb3+/Sb° ВІ3+/ВІ°
E°,B -2,34 -1,1 -0,44 +0,20 +0,23
Магний, марганец, темір сұйылтылған НСl, H2SO4 қышқылдар ерітін-дісімен әрекеттескенде сутегін бөліп шығарады:
Fe + H2SО4 → FeSО4 + H2↑
Mn + 2HCl → MnCl2 + H2↑
Сурьма және висмут сұйылтылған қышқылдарда ерімейді. Осы топты құрайтын металдар тотықтырғыш қышқылдармен әрекеттеседі:
2Sb + 6H2SО4 → Sb2(SО4)3 + 3SО2↓ + 6H2О
3Sb + 5HNО3 → 3HSbО3↓ + 5NO↑ + H2О
Магний бір ғана оксид MgO және гидроксид Mg(OH)2 түзеді, олар тек негіздік қасиет көрсетеді.
Темірдің (ІІ) оксиді FеО мен гидроксиді Fе(ОН)2 де негіздік қасиет көр-сетеді, сондықтан FeSО4, FеСl2 т.б. тұздарының сулы ертінділерінде гидро-лиздену поцестері баяу жүреді. Темірдің (ІІІ) оксиді Fе2О3 мен Fе(ОН)3 кейбір жағдайларда амфотерлі қасиет көрсетеді, мысалы NaFeО2, Ba(FeО2)2, Fe(FeО2)2, Fe3О4.
Марганец түрлі оксидтер түзеді: МnО, Мn2О3, МnО2, МnО3 және Мn2О7 бірінші екеуінің негіздік қасиеті, ал соңғы үшеуінің қышқылдық қасиеті басым.
Сурьма екі түрлі оксид түзеді: Sb2О3 және Sb2О5. Sb2О3 негіздік қасиет, ал Sb2О5 қышқылдық қасиет көрсетеді.
Sb2О3 қышқылдарда да, сілтілерде де ериді:
Sb2О3 + 2NaOH → 2NaSbО2 + H2О
Sb2О3 + 6HCl → 2SbCl3 + 3H2О
Sb2О5 қышқылдарда ериді:
Sb2O5 + 12HCl → 2H[SbCl6] + 5H2О
Жаңа даярланған Sb2О5 КОН ериді, бірақ NaOH ерімейді:
Sb2О5 + 6КОН → 2K3SbО4 + 3H2О
Бұл топ катиондарының тұздары гидролизденеді, соның ішінде сурьма мен висмуттың тұздары ерекше орын алады:
Sb3+ + НОН → SbO+ + 2H+
Bi3+ + HOH → BiO+ + 2Н+
SbO+ - антимонил ионы, BiO+ - висмутил ионы.
Магнийдің хлориді, бромиді, сульфаты, нитраты суда жақсы ериді. Суда ерімейтін де түрлі қосылыстар түзеді: Mg(OH)2, MgCО3, MgNH4PО4·6H2О, MgNH4AsО4·6H2О, MgC2О4.
Темірдің сульфаттары, хлоридтері, нитраттары суда жақсы ериді. Суда ері-мейтін қосылыстары: сульфидтері, гидроксидтері, карбонаттары, фосфатта-ры және гексацианоферраттары, бұл қосылыстарының маңызы өте зор.
Анализде жиі қолданатын сурьма қосылыстары: сульфидтері -Sb2S3, Sb2S5; сурьма қышқылдарының күміс тұздары - Ag3SbО3, Ag3SbО4 және натрий дигидроантимонаты - NaH2SbО4.
Марганецтің хлориді, бромиді, йодиді, сульфаты, нитраты суда жақсы ери-ді, ал сульфиді, карбонаты, оксалаты, фосфаты суда нашар ериді.
Висмуттың суда ерімейтін қосылыстары: Bi2S3, Bi(OH)3, (BiO)2OH, BiPO4, (BiO3)2Cr2O7, BiJ3, BiOBr, BiOl, бұл қосылыстардың анализде маңызы өте зор.
Бесінші топтың топтық реагенті натрий және калий гидроксидтері NaOH, КОН болып табылады, түзілген тұнбалар реагенттің артық мөлшерінде ері-мейді.
Достарыңызбен бөлісу: |