«Оның есесіне мен…» жаттығуы



Дата08.12.2023
өлшемі16,41 Kb.
#135025
Байланысты:
тренинг


«Оның есесіне мен…» жаттығуы
Нұсқау: Барлық педагогтарға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
— Мен шаршадым, оның есесіне …… .
Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне …. .
— Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне …. .
— Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне …. .
Мен Алматыда болған жоқпын, оның есесіне …. .
— Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне…… .
Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне….. .
— Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне …. .
Мен тым толықпын, оның есесіне…. .
— Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне … .
Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне … .
— Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ….. .
Үй, жол, жылан, шалбар және орамал” диагностикасы.
Қатысушыларға ақ парақ пен қалам таратылады. Үй, жол, жылан, шалбар және орамалдың суретін салу тапсыралады. Суретті салып аяқтағаннан кейін, диагностикасы экран арқылы слиадпен көрсетіледі.
Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл адам өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.Үйдің есік-терезелері бар болса – қарым-қатынасқа ашық адам. Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт адамның қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.Жол кең , әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай)өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – “Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?”деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретіндігіңіздің айғағы.Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынан көрініп тұрса, ондаСіз “Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен” деген ойдасыз.Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда Сіз “Басқалардың мен туралы ойы жаман емес”деген ұстанымдасыз.
Шалбар мен орамал – адамдардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда адам өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.

1.Сәлемдесу «Жапон әліппесі» жаттығуы
А – ка З – з П – но Ц – ми Б – зу
И – ки Р – ши Ч – кэ В – ру К – мэ
С – ари Ш,Щ – хи Г - жи Л – та Т – чи
Ь,Ъ,Ы – зук Д – тэ М – рин У – до
Э – мэй Е – ку Н – то Ф – лу Ю – фу
Ж – су О – мо Х – ри Я – на
Мұғалімдер осы әліппе арқылы өздерінің есімдерін жапон тілінде қасына сын есімді косып айтып шығуы керек. Мысалы: адемі Бегайым деген жапон тілінде катэкурин Зукужикаки.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет