Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет51/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   124
Байланысты:
ІІ. Затты сапалы рамын аны тау сапалы анализді жіктелуі

4. Күкірттісутегінің H2S әсері
Күкірттісутегінің әсерінен висмут (ІІІ) ионы қара-коңыр түсті Bi2S3 вис-мут сульфидін түзеді:
2ВіСl3 + 3H2S → Bi2S3↓ + 6HCl
2Bi3+ + 3H2S → Bi2S3↓+ 6H+
Тәжірибе: Висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 4-5 тамшысына 1-2 тамшы 2н НС1 ерітіндісін қосып, күкіртсутегін жібереді. Тұнбаның түзілгенін бақылайды (реакция сорғыш шкафта орындалады.)
Висмут сульфиді сұйылтылған НСl, H2SO4 ерітінділерінде ерімейді, 2н HNO3 ерітіндісінде ериді:
Bi2S3 + 8HNO3 2Bi(NО3)3 + 3S + 2NO↑ + 4Н2О
Висмут сульфиді Bi2S3 тиотұздар түзбейді.
5. Hатрий гидрофосфатының Na2HPO4 әсері
Висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісі натрий гидрофосфатымен әрекеттескенде ақ түсті висмут фосфаты түзіледі:
ВіСl3 + Na2HPО4 → BiPO4 + 2NaCl + HCl
Bi3+ + HPO42- → ВіРО4↓ + H+
Түзілген BiPO4 тұнбасы сұйылтылған HNO3, СН3СООН ерітінділерінде ерімейді, концентрлі HCl ерітіндісінде ериді.
Тәжірибе: Висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына сонша Na2HPО4 ерітіндісін қосады, тұнба түзілгенін бақылайды.
6. Калий йодидінің KJ әсері
Калий йодиді концентрлі висмут (ІІІ) иондары ерітінділерімен әрекеттес-кенде қара түсті BiJ3 тұнбасын түзеді:
BiCl3 + 3KJ BiJ3 + 3KCl
Тұнба реагенттің артық мөлшерінде ериді, нәтижесінде тетрайодо-вис-мутат(ІІІ) -ионының [ВіJ4] кызыл-сары түсті комплексті қосылысы түзіледі:
BiJ3 + KJ K[BiJ4]
Тәжірибе: Висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына тамшылатып KJ ерітіндісін қосады. Алдымен тұнбаның түзілгенін, содан кейін түзілген тұн-баға рагенттің артық мөлшерін қосып, ерігенін бақылайды. КJ артық мөл-шерде қоса берсе тұнба еріп, ерітіндінің түсі сары-қызылға ауысады. Осы ері-тіндіге су қосып қыздырғанда висмутил йодидінің ВіОJ↓ қызыл-сары тұн-басы түзіледі.

  1. Na2CО3, К2СО3, (NH4)2CО3 карбонаттардың әсері

Висмут (III) иондары карбонат-ионымен висмуттың оксикарбонатын түзеді:
2ВіСl3 + 3Na23 + НОН 2Ві(ОН)СО3 + 6NaCl + CО2
2Ві3+ + 3СО32- + НОН 2Ві(ОН)СО3 + СО2
Тәжірибе: Висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына сонша тамшы Na23 немесе (NH4)23 ерітіндісін қосады.
8. Микрокристаллоскопиялық реакция
Тәжірибе: Висмуттың хлорлы сутек тұзының ерітіндісінің бір тамшысына кішкене КJ түйірін салып, оған рубидий RbCl немесе цезий хлоридінің CsCl қосады. Алты бұрышты қызыл кристалды комплексті қосылыс рубидий висмутының пентаноиды (III) Rb[BiJ5]·2,5Н2О тұзы немесе цезий висму-тының пентаноиды (III) Cs[BiJ5]·2,5Н2О түзіледі.
Тәжірибенің жүру шарты:
1) oсы сияқты кристалдар Sb3+ катионымен де түзеді;
2) Sn2+, Pb2+ катиондары мөлшерден көп болса Ві3+ анықтауға кедергі жасайды.


Mg2+ катионының сапалық реакциялары


1. КОН, NaOH NH4OH Mg2+ катионымен ақ аморфты Mg(OH)2 магний гидроксидінің тұнбасын түзеді. Mg2+ катионының NH4OH-мен реакциясы сандық жағынан толық жүрмейді, себебі реакция нәтижесінде аммоний тұз-дары пайда болады.
MgCl2 + KOH → Mg(OH)2↓ + KCl2
Mg2+ + OH- → Mg(OH)2
MgCl2 + NH4OH → Mg(OH)2↓ + NH4Cl
Mg(OH)2 тұнбасы аммоний тұздарында және минералды қышқылдарда ериді:
Mg(OH)2↓ + 2H+ → Mg2+ + 2H2O
Mg(OH)2↓ + 2NH4+ → Mg2+ + 2NH4OH


Тәжірибе: Магний тұзының ерітіндісінің 2-3 тамшысына сонша көлемде сілті ерітіндісін қосады, ақ тұнбаның түзілгенін бақылауға болады. Екі сы-науық алып, 1-ші сынауыққа 4 тамшы магний тұзын алып, оған 4 тамшы қаныққан аммоний хлоридінің ерітіндісін, 2-ші сынауыққа магний тұзының 4 тамшысына және 4 тамшы су қосады (ерітіндінің концентрациясы бірдей бо-лу үшін), содан кейін екі сынауыққа аммоний гидроксидін тұндырғыш ретін-де қосады. 1-сынауықта неге тұнба түзілмейді? Түсінік беріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет