Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Микрокристаллоскопиялық реакция



бет9/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   124
Байланысты:
ІІ. Затты сапалы рамын аны тау сапалы анализді жіктелуі

2. Микрокристаллоскопиялық реакция
Мырышуранилацетаты – натрий катионымен сірке қышқылы қатысында натрий-мырышуранилацетаты жасыл-сары кристалды тұнбасын түзеді:


Тәжірибе: Заттық шыныға Na+ тұзының бір тамшысын тамызып, оны ептеп құрғатады. Шыныны салқындатып, құрғақ қалдықтың жанына бір там-шы реагентті тамызады және шыны таяқшамен бір-біріне жайлап қосады. Микроскоппен қарағанда октаэдр немесе тетраэдр тәрізді натрий-мырыш-уранил-ацетатының жасыл-сары кристалдарының түзілгенін байқауға бола-ды. Натрий ионы мырышуранилацетатынан басқа магнийуранилацетатымен де және уранилацетатпен де осындай формадағы кристалдар түзеді.

2-сурет. кристалдары
3. Жалынның боялуы
Тәжірибе: Платина немесе нихром сымын тазартып, оны натрийдың құрғақ тұзына батырып, содан соң түссіз жалында ұстағанда, жалынның түсі сары түске өзгереді, көгілдір әйнек арқылы жақсы көруге болады. Ол қарқынды түрде өтеді, сондықтан оны мұқият қарау қажет.


NH4+ катионының сапалық реакциялары
1. Сілтілер (NaOH, KOH) аммоний тұздарын аммиакты газ түрінде бөле ыдырайды:
+ ++
+ →+
Тәжірибе: Заттық шыныға 2-3 тамшы аммоний тұздарының ерітіндісін және 3-4 тамшы сілті ерітіндісін тамызып, шамалап қыздырады. Аммиактың бөлінгенін төмендегі әдістердің бірімен анықтауға болады:
а) бөлінген газдың иісіне көңіл аудару қажет;
ә) дымқыл қызыл лакмус қағазының көгеруімен анықтауға болады (реак-цияны газды ұяшықта жасаған жөн):

б) концентрлі НСl ерітіндісімен дымқылданған шыны таяқшадан «ақ түтін» түзілуінен байқауға болады:

в) ерітіндісімен дымқылданған ақ сүзгі қағазының қараюы аммиактың бөлінгенін білдіреді:


Тәжірибені жүргізу жағдайлары:

  1. ерітіндіні 100оС дейін қыздыру керек;

2) индикаторларды сұйықтыққа және сынауық қабырғасына жанастырмау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет