Ғылымның тарихи дамуында ғылыми белсенді хабарлау әдістері
де айтарлықтай өзгерді. Алғашында ғылыми білімдер кез-келген
тиісті материал тасығышта – қағазды ойлап табу, кітап жазбаларының
тууына әкелді. Қазіргі техникалық революциялық қадам – қағаздық
тасығыштардан
ақпараттық
компьютерлік
тасығыштарымен
алмастыруға мүмкіндік берді. Жалпы қоғамдық білім ретінде
танылатын жаңа ақпараттық ғылыми жүйе қалыптасуда.
Ғылымның экономикамен, мемлекетпен өзара байланысы терең
зерттеуді қажет етуде.
Сонымен, ғылым институттау үрдісінің нақты кезеңдерімен
тығыз байланысты. Бұл үрдісте ол нақты түрлерге ие болады: бір
жағынан ғылым әлеуметтік институт ретінде қоғам құрылысында
оның интеграциясымен анықталады, екінші жағынан, білімдер,
нормалар мен нормативтер әзірлейді, қоғам тұрақтылығын
қамтамасыз етуге септігін тигізеді.