73
Дәстүрлі қоғам әлеуметтік өзгерістердің жай жүруімен
сипатталады. Дәстүрлі қоғамда бір қоғам өмірін кешкен ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасқан адамның бірнеше ұрпағы ауысуы мүмкін. Қызмет
түрлері, олардың құралдары мен мақсаты тұрақты стереотип ретінде
жүздеген жылдар бойы өмір сүреді. Осыған байланысты бұл
қоғамның мәдениеттегі маңызы – дәстүрлер, үлгілер мен нормалар,
ұрпаққа жалғасқан тәжірибелер болады. Жаңашыл әрекет мұнда
жоғарғы құндылық болмайды.
Техногенді өркениет – мына қасиеттермен сипатталатын
әлеуметтік дамудың ерекше түрі:
әлеуметтік өзгерістердің жоғарғы жылдамдығы қоғамның
материалдық негіздерінің қарқымды дамуы адамның өмір сүру
негіздерін
қайта құру;
техногенді өркениет тарихи антикалық мәдениет дамуынан
басталған, адамзатқа екі ұлы ашылуды – демократия мен
теоретикалық ғылымды силаған полистік мәдениет дамуынан
басталуы;
бұл ашылулар - әлеуметтік байланыстарды реттеу саласында
және әлемді тану әдісінде болашаққа маңызды сілтеме, өркениеттік
прогрестің жаңа түрі болуы.
Тарихтың қалыптасуында техногенді өркениет екінші және өте
маңыздысы – адамды ерекше таныған еуропалық ортағасырлық
болып табылады, адам бейнесі құдайға ұқсас, адами санамен,
құдайлық әрекетті түсіне алатын және құпиясын ашатын, әлемді
жасауда Құдай жазған хаттарды оқи алады деп түсінген. Таным
мақсаты Құдай ойын түсіну, Құдай шығармашылық жоспарын ұғыну.
Ренессанс дәуірінде антикалық дәстүр жетістіктері қалыптасты.
Осы кезден бастап ХҮІІ ғ. бастау алатын
техногенді мәдениеттің
мәдениеттік матрицасы қалыптасты. Ол үш сатыдан өтті:
индустриалдықтан бұрынғы, индустриалдық және индустриалдықтан
кейінгі сатылар. Индустриалдықтан кейінгі сатыда өмір сүрудің
маңызды негізі – техника мен технологияның дамуы өндіріс
саласындағы төтенше жаңалықтар жасауымен ғана емес, техникалық-
технологиялық үрдістерде жаңа ғылыми білімдер генерациясы мен
енгізу есебімен дамыту болады.
Осыдан барып, адам өмір сүретін табиғи ортаның заттай
әлемнің тез өзгеруіне негізделген дамудың өзгеше түрі қалыптасады.
Бұл әлем өзгерісі адамдардың әлеуметтік байланысының белсенді
трансформациясына әкеледі. Техногенді өркениетте ғылыми-
техникалық прогресс адамның байланыс, қарым-қатынас түрлерінің,
өмір сүру және тұлғалық түрлерінің үнемі өзгерісіне әкеледі.